Әрбір медициналық орталықта науқастан ең бірінші қан сынамасын алады, яғни қандайда аурудың алдын алу және емдеу үшін міндетті түрде қан сараптамасын жасайды. Осы қан қызметімен жұмыс жасайтын объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар туралы не білеміз?
«Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 тамыздағы № ҚР ДСМ -96/2020 бұйрығымен көзделеді. Осы бұйрыққа сәйкес қан қызметі объектілерінде үй-жайлардың мына талаптарға сәйкестігі қамтамасыз етіледі:
1) жұмыс аймақтары бөлек және өтетін жолда болмауы тиіс;
2) Үй-жайларда ылғалды жинау (еденді, жиһаздарды, жабдықты, терезенің алдын, есіктерді) ауысымына кемінде екі рет, жұмыс басталар алдында Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген жуу құралдары пайдаланыла отырып, жұмыс аяқталғаннан кейін жуу және дезинфекциялау құралдары пайдаланыла отырып жүргізіледі.
3)Жұмыс аймақтары қол жууға арналған раковиналармен, сұйық сабыны бар дозаторлармен және антисептик ертіндісімен, бір рет қолданылатын орамалдармен немесе электр орамалдармен қамтамасыз етіледі.
Бөлек сақтау жағдайлары болмаған кезде үй-жайдың арнайы таңбаланған аймақтары, стеллаждар, тоңазытқыштар, контейнерлер бөлінеді.
Қан өнімдерін өндіру, сақтау және тасымалдаудың барлық кезеңдерінде «салқындату тізбегі» шарттары:
1) сақтау және тасымалдау үшін белгіленген температуралық режим ұсталатын тоңазыту жабдығы, термоконтейнерлер және/немесе авторефрижераторлар, сондай-ақ барлық кезеңдерде температуралық режимнің сақталуын тұрақты бақылау;
2) қан өнімдерінің физикалық зақымдалуына кедергі келтіретін және микробиологиялық ластану тәуекелін азайтатын қаптама;
3) барлық кезеңдерде температуралық режимнің сақталуын тұрақты бақылау қамтамасыз етіледі.
Қан өнімдерін сақтау үшін құлыптармен немесе қолжетімділікті шектеу құрылғыларымен жарақталған тоңазыту жабдығы қолданылады. Көшпелі донорлық сессиялар үшін пайдаланылатын үй-жайларда жұмыс рәсімдерінің ағындылығы, жеткілікті түрде желдету, электрмен жабдықтау, жарықтандыру, қан өнімдерін санкциялық сақтау қамтамасыз етіледі. Болжамды сыртқы үй-жайлардың жарамдылығы донорлық сессия басталғанға дейін айқындалады.
Алатау ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Сисенов Д.А.
Алатау ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының СГБ ж/е ҚТРБ бөлімінің бас маманы Ешмұратова Қ.М.