Айтулы сексен бес жылдық мерейтойын атап өткен, еліміздің жоғары білімінің флагманы болып табылатын әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті — «Scopus» халықаралық деректер қорына кіретін рейтингілік басылымдарда жарияланған мақалаларының саны бойынша Қазақстанның танымал көшбасшысы. QS (Ұлыбритания) халықаралық рейтингілік агенттігінің зерттеулер нәтижесі бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 2019 жылы 210 үздік әлемдік университеттер және 50 ең технологиялық дамыған әлем университеттер қатарына кірді. Университет осындай нәтижелерге профессорлық-оқытушылар құрамының жемісті қызметінің арқасында жетті.
Ғылыми орталықтарды жаңа буын мамандарымен қаптамасыз етудің жаңа тәсілдері оқытудың инновациялық моделін қалыптастыру кезінде іске асырылатын жоғары оқу орындарының қабырғасында басталады. Жоғары кәсіптік білім берудің құрылған инновациялық моделінің ерекшеліктері: студенттердің зерттеу және инновациялық қызметтің базалық құзыреттілігін оларды тиісті тәжірибеге енгізу арқылы игеруі; білім алушының зияткерлік, коммуникативтік, шығармашылық қабілеттіліктерін дамыту; оқу-танымдық қызметке әсер ететін икемділікті дағдыландыру және өнімді шығармашылық деңгейіне өту.
Жоғары оқу орнында оқытудың барлық сатыларында білім алушылардың танымдық процесін белсендірудің анықтаушы сәті болып табылатын ғылыми-зерттеу жұмысы теориялық базаны бекітеді және тәжірибелік дағдылар мен кәсіби құзыреттіліктерді береді.
Химия және химиялық технология факультетінде бакалавриат студенттері ғылыми студенттік үйірмелерге (Экоаналитика, Кола), мамандықтар бойынша пәндік олимпиадаларға, конкурстарға (Үздік Химик-аналитик, үздік химик-зерттеуші) қатыса отырып, ғылыми жұмысқа оқудың басынан бастап тартылады.
Олар ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелерін белгілі ғалымдар мен мамандардың қатысуымен өтетін конференцияларда ғылыми баяндамалар түрінде ұсынады, бұл олардың кәсіби өз бетінше білім алуға, шығармашылық тұлғалық көзқарасының дамуына, өз идеяларын түсінікті баяндауға және қорғай білуге, сынап талдау дағдыларын меңгеруге мүмкіндік береді.
Білім беру бағдарламасының ажырамайтын бөлігі болып табылатын өндірістік тәжірибе маманды болашақ кәсіби қызметіне дайындауға және ғылымның өндіріспен тығыз байланысына ықпал етеді. Бакалавриат бағдарламасын дипломдық жұмыстарды немесе бүгінгі күнгі ғылымның өзекті мәселелері бойынша ғылыми жобаны қорғаумен аяқтайды.
Магистранттар мен Ph.D.-докторанттардың қазіргі заманғы ғылыми-техникалық жобаларды орындауға қатысу мүмкіндігі бар, бұл оларға әрі қарай кәсіби қызметте инновацияға дайын болуға мүмкіндік береді. Тілдік дайындығы жеткілікті магистранттар мен докторанттардың өзіндік зерттеу жұмысының жемісті түрлері академиялық ұтқырлық және шетелдік жоғары оқу орындарына тағылымдамадан өту болып табылады, бұл біздің университетте білім алушылардың академиялық ұтқырлығын арттыратын жаңа енгізілім болып табылады. Химия және химик-технологтар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің екі желілік университеттің — Шанхай ынтымақтастық ұйымы университеті мен ТМД желілік ашық университетінің консорциумына кіруінің арқасында осындай мүмкіндік алды.
Болон декларациясына сәйкес академиялық ұтқырлықтың арқасында магистранттар мен докторанттарға жетекші шетелдік жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтарда (ЭксМарсель университеті, Мадирель зертханасы (Марсель, Франция); Ольденбург университеті (Ольденбург, Германия); ‘МИФИ’ ядролық ұлттық зерттеу университеті (Мәскеу, Ресей); Йожев Стефан атындағы Институт (Любляна, Словения); Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің химия институты (Санкт-Петербург, Ресей); Малазия университеті, химия институты (Куала-Лумпур, Малайзия); Новосибирск мемлекеттік техникалық университеті (Новосибирск, Ресей); Валенсия университеті (Валенсия, Испания); Санкт-Петербург мемлекеттік технологиялық институты (Санкт-Петербург, Ресей); Карлеруз технологиялық институты ( Карлеруз, Германия)).
Тағылымдаманың аса маңызды нәтижесі өз бетінше білім алу қызметіне, зияткерлік белсенділікке, танымдық қажеттіліктерге, коммуникативтік құзыреттілікке ұмтылысты дамыту болып табылады.
Ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелерін мақалалар және баяндама тезистері түрінде жариялау өзіндік жұмыстың аралық кезеңдерінің нәтижелерін көруге мүмкіндік береді және әрі қарай шығармашылық дамуды ынталандыру болып табылады. Тек соңғы 3 жылда докторанттар Journal of Power Sources, Materials Science and Engineering, Chromatographia, Food Chemistry, Colloids and Surfaces, Eurasian Chemico-Technological Journal, Comm. Appl. Biol. Sci, Polymer Science сияқты журналдарда 30-дан аса мақалалар жариялады.
Жаңа буын мамандарын даярлаудағы мұндай тәсіл еліміздің ғылыми корпусын білікті кадрлармен толықтыруға және Қазақстан ғылымын жоғары деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.
х.ғ.к., доцент Мусабекова А.А.,
х.ғ.к., доцент Аргимбаева А.М.,
доцент м.а., PhD Рахымбай Г.С.