Home » Жаңалықтар » «Домбыра-дастан»

«Домбыра-дастан»

Қарағанды облысы
Теміртау қаласы.
№9 мектеп лицей
ДЖАЛМЫЗАЕВА Гулжамал Хожаназаровна

Қарағанды облысы, Теміртау қаласы №9 мектеп-лицейінде 2019 жылы    15 желтоқсан күні 3 «В» сынып оқушыларының «Домбыра-дастан» атты үйірмесі ашылды. Бұл үйірменің ашылуына №9 мектеп-лицейінің директоры  Қ.А.Нұрғалиеваның  басшылығымен, тәрбие бөлімінің меңгерушісі Нусипова Назгуль Маратовна және ата-аналардың үлесі зор болды.

Қазақстанның болашақ дамуына арналаған еліміздің рухани жаңғыру үшін ғасырлар бойы жинақталған құндылықтарды құрметтеу мақсатында мектебімізде домбыра үйірмесі ашылды. Рухани жаңғыру аясында «Үлкенге жүз сұрақ» бағытында «Дамбыра-дастан» атты салатнатты кешке арнайы шақырылған өмірі өнеге жақсылыққа толы Гүланда Тасимова әжемен қазақтың күмбірілеген домбырасы жайында               әңгіме-сұхбат болды. Бүлдіршіндерді қызықтырған сұрақтарға әже тебіріне жауап берген Тасимова Гүланда әженің жауаптары көрермендерді қызықтырып баулап алды.  Және ақ жаулықты әжеміз Раева Балхия ата-ана ретінде мектеп басшымызға және бүлдіршіндере алғысын айтты.

Қазақтың қара домбырасын құдіреті мен қасиеті жас ұрпақтың бойына сіңіру мақсатында ашылған Домбыра үйірмесі заманауи үлгіде көрген көзді қуантады. Оқушылар болса, қолдарына бір-бір домбырасын ұстап, ұлттық киімді  өздеріне жарастыра киіп алған. Әсіресе, бастауыш сыныптың өнерге деген құштарлығы тым ерекше. Үйірменің ашылу салтанатына да – ертеңгі тарихтың еншісіне кете барды.

Айта кету керек, бұл Домбыра кабинеті – 3 «В» сынып жетекшісі Джалмурзаева Гулжамал Хожаназарова мен ата-аналардың №9 мектеп-лицейге жасаған сыйы болып отыр. Ата-аналар ұйымдаса келе мектепке 20 ұлттық аспапты сыйға тартқан. Іс-шара барысында оқушылардың қатысуымен Құрманғазы мен Нұрғиса Тілендиевтің тамаша күйлері орындалды.

3 «В» сынып оқушыларының домбыра үйрмесі жұртты таң қалдырды. Бұл оқушыларға домбыраны үйрету саласында ұстаздық еткен Рахатқызы Серікгүлге алғысымыз шексіз.

Домбыра аспаптары мен киімдеріне ат салысқан ата-аналарға мың алғыс.

3 «В» сынып жетекшісі: Джалмурзаева Гулжамал Хожаназаровна

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.