Home » Ашық сабақтар » Әріптер әлеміне саяхат

Әріптер әлеміне саяхат

44Астана қаласы
Н. Әбдіров атындағы  №33
«Балабақша-бастауыш  мектеп» кешені
тәрбиеші  Хансолтан  Армангүл
Тақырыбы:
   «Әріптер әлеміне саяхат«

      Мақсаты: Өткен тақырыптарды  пысықтау.  Дыбыс пен әріпті  ажырата  білуге үйрету. Сауат ашу пәніне балалардың қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қаблеттерін дамыта отырып, сөздік қорын молайту.

Әдіс-тәсілдері:  әңгімелесу, сұрақ-жауап

Шаттық шеңбер:

Сәлем деймін күнге,

Сәлем деймін мен саған.

Сәлем дейміз апайға,

Қонақтарға  мың сәлем!

Сабақтың  барысы: Балалар бүгін бізде ерекше күн. Қонақтар келіпті, сендердің білімдеріңді көргісі келеді.

Жұмбақ жасыру:

Қар мұз еріп жер көгеріп

Дала гүлге толады

Бүршік ашып жапырақ шашып

Мерекелер болады , балалар айтындаршы

Бұл қайкезде  болады?  (көктем)

Сұрақ-жауап: Қазір жылдың қай мезгілі ?

-Көктемде неше ай бар және қайсы ай?

-Сәуір айының нешінші күні?

-Аптаның қайсы күні?

-Дыбыс деп нені айтамыз?

-Дыбысты көремізба көзбен?

-Тақтаны ұру. Ненің дыбысын естідіңдер?

-Дыбыс нешеге бөлінеді?

-Дауысты және дауыссыз сөздер қалай құралады? Әріптерден.

-Сөйлем қалай құралады? (Сөздерден.)

Тәрбиеші: Ал енді олай болса балалар, мына әріптерді өз үйшіктеріне орналастырайық.

Ойын: Сөз ойла — тез ойла   (Берілген әріптерден сөз құрастырып айтады)

Сөзжұмбақ шешу:

А-Ана Бізді өмірге әкелген жан

С-Сәуір Көктемнің екінші айы

Т-Ту Біздің көкке көтеріліп желбірейтін символымыз

А-Абай Қазақ халқының ұлы ақыны

Н-Нан Ас атасы не?

А-Ай Түнді жарық етуші не?

Сергіту сәті: (видео слайд бойынша,   музыкалық қимылдар жасау)

(Слайд  көрсетіледі)

Қонақтың келуі:

Әндетіп Ғалымбек кіріп келеді, қолында папкасы бар.

Ғалымбек:

Салеметсіндерме  балалар, сендер күзде мектепке барасындар, ал сендер қазақ алфавитінде  қанша әріп бар екенін  білесіңдерма?

Кәне мен кәзір сендерге ала келген әріптер пойызын тамашалап қанша әріп бар екенін санап беріңдерші.

Оның ішінде қаншасы дауысты, ал қаншасы дауыссыз?

Ал олай болса менің сендерге әкелген  «Жоғалған буын» ойынын ойнайықшы, берілген сөздерді жалғастырып келесі буындарын табу.

Ғалымбек:  балалар сендер өзге тағы қандай тілді білесіңдер?

Балалардың жауабы:  орыс тілі және ағылшын тілі.

Ғалымбек:  олай болса билингвальді компонентті көрейік.

Билингвальды  компоненттер:

Түн — ночь,               Ақ — белый,              Сергек — бодрый,

Қыз — дочь.              Тұтас — целый.         Қайырымды — добрый.

Мать — ана,

Ребенок — бала.

(Ғалымбек балаларды мадақтап қоштасып, шығып кетеді)

Тәрбиеші:

-Балалар бүгін сабақта қандай әріптерді қайталадық?

-Дауысты дыбыстарды қандай үйге салдық?

-Дауыссыз дыбыстарды қандай үйге салдық?

-Балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

Балалаларды  мақтап, мадақтау.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.