Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай өткізілетін «Облыс тарихы » атты Керуен- шерудің бүгін 2-ші күні .
Іс-шараның кешегі салтанатты ашылуынан кейінгі бүгінгі көңіл күй ерекше. Таңмен бірге күлімдеп оянған оқушылар жетекшілерімен бірге » Оқ өтпес ,қылыш кеспес-Үкаша -ата «ұранымен Түркістан-Кентау бағытында 4 автобуспен жолға шықты. Керуен -шеруді Нигметова Клара Қанбетқызы
Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының бөлім меңгерушісі Дінақов Құрманғазы Тұрсынбайұлы Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының көркемдік жетекшісі Айтов Мырзарайым- Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының саз жетекшісі Керімбек Бексұлтан Қайратұлы — облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының педагог — ұйымдастырушысы бастап шықты
Керуен -шеру арнайы полиция қызметкерлері және жедел жәрдем қыметкерлерімен қамтылған.
Ұрандата шыққан шеруде Түркістан қаласы, Жетісай, Мақтарал, Шардара, Келес, Сарыағаш, Қазығұрт, Төле би, Сайрам, Арыс, Отырар, Ордабасы, Созақ Кентау ,Бәйдібек Түлкібас( әр ауданнан 10 оқушы) аудандарының оқушылары белсене қатысты.
Қаратау бөктерінде орналасқан Ислам дінін таратушы Үкаша-ата кесенесіне барып құран бағышталып зиярат етіліп болған соң ,тереңдігі 28 метр құдығымен таныстырылым болды. Оқушылардан бөлек кесене құдығында басқада зиярат етіп келген қонақтарда бар.
Бұл құдықтың бір ерекшелігі су аламын деп шелек тастаған кез-келген адамға су шыға бермейді екен.
Себебі Шелекке судың қалай құйылатыны бұрыннан жұмбақ болып келеді.
Барған оқушылардың жетекшілері құдықтан шыққан кішкене болсын суларды оқушыларына берді.
Түскі уақыт жақындағанда Түркістан көмекші мектеп интернатына (жатын орында) қайтып ас берілді.
Керуен — шеру кешкі салқынмен «Жеңіс» саябағында сурет салу мен түрлі ойын сауықпен жалғаспақ…
Абай Сәдібекұлы,
«Білім айнасы» Түркістан облысы