Home » Мақалалар » Ерте жас және мектеп жасына дейінгі балалардың сенсорлық мәдениетін дамыту жолдары

Ерте жас және мектеп жасына дейінгі балалардың сенсорлық мәдениетін дамыту жолдары

 

Акишева Бакыткуль Гайнуловна
 КМҚК «Балбөбек» бөбекжайы»
әдіскер
Нұра ауданы, Нұра кенті

 Сенсорлық даму деп баланың айналасындағы заттарды алдымен сыртқы қасиеттеріне – заттың түсіне, пішініне, көлеміне, дәміне, иісіне қарай қабылдауын айтамыз. Осылай сезім мүшелері арқылы баланың ақыл-ойын дамытуға болатыны белгілі.
Баланың ақыл-ойын дамыту үшін оның айналасындағы ортаның дұрыс ұйымдастыруына көңіл бөліну қажет: топ бөлмесінің жабдықтануы,  ойыншықтардың таңдауы, дидактикалық ойындардың түрлі-түрлілігіне, т.б. Балалардың ақыл-ойының дамуымен бірге сенсорлық дамуы да іске асады. Сонымен қатар сенсорлық тәрбиенің бала тіліне әсерін, оның сөздік қорын байытуға қосатын үлесі зор.
Сенсорлық тәрбие – адамзаттың сенсорлық мәдениетімен баланы жоспарлап, мөлшерлеп  таныстыру  болып  табылады.
Ерте жастағы сенсорлық тәрбие – осы жастағы тәрбиенің негізгі түрі болып табылады. Сондықтан оны арттыру жолында басты міндетіміз –тиімді әдіс-тәсілдерді әзірлеп қолдану.
Сенсорлық тәрбиеге көп мән беріп отырып, біздің бөбекжай ұжымы Л.А. Венгер, Э.Г.Пилюгина, Н.Б. Венгерлердің ойындар мен жаттығулар жүйесін қолдануды ұйғарды. Бұл жүйенің тиімділігі ойындар мен жаттығуларды ерте жастан бастап қолдануда және ойындардың қарапайымнан күрделіге қарай ұсынылғанында.[1, 5б].
Осы жүйе бойынша ерте жастан балаларды түс, көлем және пішінмен таныстыру –заттардың қасиетін ескере отырып, олармен қарапайым әрекеттер орындау. Тағы бір тиімділігі –ойын арқылы оқыту тәсілінде.Ал бұл тәсіл  мектеп жасына дейінгі балалардың оқыту-тәрбиелеу жұмысын ұйымдастырудағы  негізгі құралы болу керек.
Өз мақаламда «Балбөбек» бөбекжайының» тәрбиеленушілерінің сенсорлық дамуын арттырудағы жүргізетін жұмысын ұсынамын.
Бұл бағытта жұмыс бастамас бұрын, алдымен ата-аналармен ақылдасып, жалпы ата-аналар жиналысында сенсорлық бөлме ашуға шешім қабылданды. Біздің сенсорлық бөлмеміздің ерекшелігі – балалар құм терапиясы бойынша,саусақпен бояу, ермексаз,кинетикалық құммен айналыса алады.
Құмдағы ойындар – баланың табиғи әрекет формаларының бір түрі.Сондықтан да біз, тәрбиешілер,құммен ойнайтын орындарды оқыту және дамыту процесінде қолдана аламыз.Құмнан суреттер салып,әртүрлі оқиғаларды ойлап тауып,біз бала үшін әлдеқайда қызықты түрде оған өзіміздің біліміміз бен өмірлік тәжірибемізді,қоршаған әлемнің заңдылықтары мен оқиғаларын жеткізе аламыз. Қазіргі уақытта бұл бөлмеде фиброоптикалық туннель, интерактивті құрғақ бассейн, түрлі дамытушы тақтайшалар, сенсорлы жолдар бар.
Әрине,алға қойған мақсатымызда осы сенсорлық бөлмені әрі қарай қажетті жабдықтармен қамтамасыздандыру.
Осы жүйенің жағымды нәтижелерін балалар құзіреттілік деңгейінің дамуының мониторинг мәліметтерінен және күнделікті  бақылаулардан байқадық.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сенсорлық мәдениетін дамытуда осы ойындар мен жаттығулар жүйесін барлық топтардың оқыту-тәрбиелеу жұмысында пайдалану оңтайлы нәтижелерді беретініне һәм сенімдіміз.
Мақаламды Қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы М.Жұмабаевтың сөздерімен аяқтағым келеді: «Сыртқы сезім – адамның жан тұрмысы үшін аса қымбат болғандықтан, баланың бұл сезімдерін аса жақсы тәрбие қылу керек. Бірінші – бұл сезімдердің сау, һәм берік болуына , екінші – бұл сезімдердің өткір, терең, дұрыс болуына ыждаһат қылу керек. Және бұл сезімдерді тең тәрбие қылу керек.»
Л. А. Венгер, Э. Г. Пилюгина, Н. Б. Венгер. Воспитание сенсорной культуры ребенка от рождения до 6 лет: Кн..для воспитателя дет.сада. М.: Просвещение, 1988.
М.Жұмабаев, Таңдамалы. Алматы: «Ғылым»,1990.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.