Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласы
«Жаңаөзен мектеп-гимназиясының» КММ
дене тәрбиесі пәні мұғалімі Бекетов Абай Қайратович
Қашықтықтан оқыту — қазіргі заман талабы. Қашықтықтан оқытудың жергілікті жүйесі белгілі бір білім және жекелеген қала шеңберінде жұмыс атқарады. Осы жүйеде жұмыс жасау барысында компьютерлік техниканы ұтымды пайдалана отырып,үздіксіз білім беру принциптерін ойдағыдай іске асыру қажет.
Қазір елімізде оқыту мазмұны жаңартылып,қашықтықтан оқыту негізінде жазылған бағдарламалар мектептердің жаңа жүйеге көшуін,әрбір мұғалімнен жаңаша жұмыс істеуін,батыл шығармашылық ізденісін,оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыруды талап етеді.
Осы орайда мен қашықтықтан оқыту жүйесіне үлесімді қоса отырып,оқушыларды спортпен тиімді шұғылдануға қызығушылықтарын арттырып,дене тәрбиесі пәнін онлайн режимінде өткізіп жатырмын. Онлайн режимінде жұмыс жасау біраз қиыншылық тудырғанымен,оның тиімді және тиімсіз жақтарын да басты назарға алып айта кету керек. Дене тәрбиесі тек мектептегі дене шынықтыру сабағы ғана емес,ол сабақтан тыс,мектептен де тыс денсаулыққа байланысты шаралар жүйесі екенін ескере отырып,қашықтықтан оқытудың тиімділін айта кеткен жөн. Мысалға,оқушы ең бірінші қажетті қашықтықты еңсерумен,уақыт пен күшті үнемдейді. Логикалық ойлау қабілетін арттыратын шахмат,дойбы,тоғызқұмалақ сынды үстел ойындарын жетік меңгеруге зор мүмкіндіктері бар. Осы орайда онлайн жарыстар да өткізіліп тұрады. Ал тиімсіз жақтарына келер болсақ,оқушылар физикалық күш-қуатты талап ететін футбол,баскетбол,валейбол секілді спорт түрлерімен шұғылдана алмайды.
Алайда,дене тәрбиесі өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру саласының бір тармағы болып табылады және ол жеке тұлғаның жан-жақты дамуына,күшті де қуатты болып өсуіне,ұзақ уақыт шығармашылық еңбекке жарамды адамды қалыптастыруға,оны Отан сүйгіштікке дайындауға қызмет етеді.