Home » «Рухани жаңғыру» бағдарламасының мақсаты – білім алушылардың санасын жаңғырту

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының мақсаты – білім алушылардың санасын жаңғырту

Төлеужан Байболқызы Нурпеисова
Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол
институты «ҚТ, ЖББПжАЖ  кафедрасының меңгерушісі, профессор, 

Гульдария Даулетказиевна Рыскелдиева
магистр, «ҚТ, ЖББПжАЖ  кафедрасының аға оқытушысы. 

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы жарыққа шыққалы бері елімізде көптеген игілікті істер атқарылды. Соның бірқатары  жоғары оқу орындарында да өз жалғасын тапты.

Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтында білім алушылар арасында «Рухани жаңғыруға» байланысты жұмыстар жүргізіліп отыр. Бұл жұмыстар ең алдымен алғашқы түсініктен бастап студенттердің арасында қызу дискуссияларда жалғасын табуда. Білім алушыларға бұл жаңғырудың  Қазақстанның үшінші жаңғыруының негізі түсіндіріледі. Сонымен қатар қазіргі жағдайдағы саяси, экономикалық жаңғырулардың жоспары туралы түсінік алады.

Білім алушылар мен оқытушылар Несіпбек Айтұлының «Жаңғыру» поэмасымен кеңінен танысты. Атап айтқанда автордың: «Қазағым, ортаң ала, тілің шұбар, Болғанда бірің егіз, бірің сыңар. Көсіліп өз тіліңде сөйлемесең, Таң атып, қалай ерте күнің шығар?» деген жолдарының бүгінгі қоғамда өзектілігіне талдау жасалды. Қазақ тілін кеңсе тіліне айналдырмау, шұбарламау, өгейсітпеу – бүгінгі жастардың басты міндеті екені ұғындырып келеміз. Әрине тілдің астарында тіл,  рух,  намыс жатыр – осы ұғымдар өзіңді-өзің сыйлауға, қадірлеуге жеткізеді деген ұғымды жастардың санасына енгізу біздің негізгі бағытымыз.

Заман тез алға жылжып барады сол себепті біз өз жастарымызды бәсекеде кем қалмау үшін оларға ерекше мән береміз. Еліміздің болашағы жаһандану заманында ұлт ретінде жойылып кетпес үшін олардың санысына мықтап сіңірудің жоспарлары іске асуда.

Жалпы «Мәңгілік Ел» идеясы көне түркілерден бастау алады. Оның үш негізінің де арманы мемлекеттің тұрақтылығы болды. Халық өз арманын көне түркі ескерткіштерінде тасқа қажап жазып кеткен. Одан кейін әл-Фарабидің «Қайрымды қала тұрғындары, Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» еңбегінде айтылғаны белгілі. Мемлекеттің тұрақтылығын сақтап қалған тарихи тұлғалар туралы сабақтар, танымдық тәрбиелік бағыттағы сабақтан тыс іс-шаралар жоспарланып, іске асырылып отыр. Соның бірі ретінде  Елбасының Қазақстан Тәуелсізідігін нығайтудағы ерен еңбектерін насихаттау, ұрпақ санасына сіңіру жолындағы шараларды айтуға болды.

Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтында білім алушылар арасында оқу-тәрбие үдерісіне жаңашылдықты енгізіп, дәрістерді сындарлы оқыту қағидаттарына сәйкес құрып өткізу ісе асуда. Оқытушыларымыз  күнделікті сабақтарын интербелсенді тәсілдерде құрып, осы бағытта үлгілі сабақтар өткізілуде. Әлемдік деңгейдегі жаңалық пен тәжірибеден кенде қалмас үшін «100 жаңа оқулық» бағдарламасы қолға алынып, аударылып, білім алушыларға оқуға мүмкіндік берілді. Институт білім алушылары осы оқулықтармен танысып, оқытушылармен бірге талдау үстінде.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы сананы жаңғыртумен ерекшеленеді. Сол себепті ұлы Абайды қайта тану қолға алынды. Абай шығармашылығын жете тану үшін сыныптан тыс жұмыстар, челенжтер, байқаулар  ұйымдастырылды. Білім алушылар Абай шығармашылығын жете танып қана қоймай, оның тереңіне үңілді, өз өмірімен байланыстыра алады. Қазіргі таңдағы XXI ғасырдың  жастарына, адамдарына қояр басты талабы – Абайдың кейіпкері емес, шынайы оқырманы болуын қалыптастыру.

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты біздің Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институты да қашықтықтан оқыту кезеңінде осы жұмыстар ақпараттық-техникалық құралдардың мүмкіндігін қолданып іске асырылып отыр. Осындай ел басына сынақ түскен шақта да біздің білім ордасының білім алушылары мен оқытушылары желісінде «Біз біргеміз» ұлттық ұранымен сәтті жұмыстар  жасап, өз жоспарларын білім стандарттарына сәйкес іске асырып жатыр.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.