Home » Мақалалар »  Мамандығымды-мақтан етемін.

 Мамандығымды-мақтан етемін.

Маңғыстау облысы,
Мұнайлы ауданы
№7 жалпы білім беру орта мектебі КММ
Бастауыш сынып  мұғалімі
Умарова Светлана Азатовна

Мағжан Жұмабаев: «Бала  тәрбиесі- бір өнер, өнер болғанда да ауыр өнер, жеке бір ғалым иесі болуды тілейтін өнер, бала аз ойлы ақымақ болса, бала кінәлі емес, тәрбиеші кінәлі, бала сұлулықтан ләззат ала білмейтін мылқау жынды болса бала айыпты емес ,тәрбиеші жазалы»,-деп айтып кеткен ғой.

Мен үшін ең қастерлі де, қасиетті мамандық ол- тәрбиеші,ұстаз,мұғалім.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп ұлы Абай атамыз  айтқан  осынау қастерлі мамандықтың иесі атанғаныма көп жыл болды. Өзімнің еңбек жолымның, бала тәрбиесімен байланысты болғанына бақыттымын.Әр баланың өзін қоршаған ортаны тануға құштарлығы мол, олардың меннен күтетіндері де өте көп екенін түсінемін.Сондықтан да, бала күнде бір нәрсені біліп отырса екен деймін.Әрбір жұмысыма жауапкершілікпен қарап, дайындалуды еш жадымнан шығарған емеспін. Шынайы оқу қызметі – бұл бала мен ұстаз арасындағы бірлескен ізденіс нәтижесі, ұстаздың шығармашылық  жұмысының жемісі. Әрбір сабақтарды ойын арқылы өткізіп,  баланың қызығушылығын арттырып отыру қажет.

Кез келген сабақтың, мерекелік іс шараларының, ашық сабақтарының сәтті шығуы , әрине өзімізге байланысты.

Қазіргі уақытта орын алып отырған еліміздегі ғылыми –техникалық даму мен жаңару үрдістері  барлық салалардағы өзгерістер мен үдерістер адамзаттан үлкен шығармашылық ізденісті, терең білімділікті, еңбекті, кәсіби даярлықты, білсенділікті, яғни, жан-жақты тұлға болуды талап етеді. Ол үшін еңбектің қай саласынан болмасын, мемлекет қызметкерлерінің еліміз үшін аянбай еңбек етіп, өз үлестерін қосуы  маңызды. Тек іс- әрекет үрдісінде ғана адам өзгеріп ,дамиды. Дамудың әр кезеңіне сәйкес жетекші әрекеттің түрлеріде алмасады. Мәселен балалық шақ өте келе ойынның  орнын оқу әрекеті, ал келесі кезеңдерінде еңбекпен қоғамдық іс әрекет басады.

Расында, тәрбиешілік жол- қызық та әрі қиын өте қасиетті жол. Осы қасиетті жолмен білім әлемінің тылсымына, бала жүрегінен жол табу тәрбиеші үшін үлкен бақыт.

Бала жүрегі- кішкентай күй сандық. Ол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Әрбір ұстаздың қолында әр кезде сол кілт  жүруі керек –деген. М.Шаханов.

Мен үшін баланың жүрегінен орын алу үлкен бақыт.Балаларымыз біздің өміріміздің жалғасы.Қорытындылай келе ,бүгінгі тәрбиеші ұстаз- өз мамандығын сүйетін, патриот, өз ісінің шебері, ізденімпаз, жаңашыл, терең болуы тиіс.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.