Маңғыстау облысы
Бейнеу ауданы
«Манашы орта мектебі» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Ермекбаева Алия Мирмановна
Қазақстан аумағында төтенше жағдай жариялануына байланысты еліміздің барлық білім беру мекемелері мен оқу орындары қашықтықтан оқуға көшті
Оқушыларды қашықтықтан оқыту барысында орыс тілінде білім алатын оқушыларға «Еларна» , қазақ тілінде білім алатын оқушыларға «Балапан» телеарнасындағы видеосабақтар, «Kundelik» , «Меktep. edu» электронды журналы , BILIMLAND, DARYN. ONLINE интернет платформалары, пошта және мессенджерлер пайдаланылып отыр.
Әрбір мектеп өзіне ыңғайлы білім беру платформасын таңдап білім беруде. Оқушылар мұғалім берген тапсырманы қашықтықтан орындап, видеосабақтарды бірнеше қайталап көру мүмкіндіктеріне ие.
Әрине қашықтықтан білім алу бұл мектеп қабырғасында білім алу менен бірдей емес. Осындай сын сағатта бастауыш сынып оқушыларына ата-ананың көмегі аса қажет.
Мектебіміз қашықтықтан білім беруге көшкелі оқушылардың мектепке, ұстаздарына , сыныптас достарына деген сағыныштарын #БІЗ БІРГЕМІЗ, БІЗ ҮЙДЕМІЗ, «Кітап оқы», «Кітап- алтын қазына» атты челлендждері арқылы жолдауда.
Сонымен қатар мектебіміздің IY тоқсанға жоспарланған іс-шаралары мен «Бастауыш сыныптар апталығы» қашықтықтан жоғары деңгейде өтуде.
Оқушыларымыз үйде отырып , қашықтықтан әр түрлі байқауларға да белсенді түрде қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жатыр.
Осындай қиын сәтте мектебіміздің ұстаздары, оқушылары және ата-аналары арасындағы байланыс нығая түсіп, татулық пен бірліктің арқасында бұл індетті жеңетінімізге сенеміз.