Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының психология орталығының директоры Балабек Сақтағановтың «Ұлттық құндылықтар — тәрбиенің негізі» тақырыбында онлайн-вебинары өтті. Вебинардың тақырыбының аясы кең әрі өзекті. Ұлттық құндылықтар негізінде рухани ойлау дәрежесі биік, көшбасшылық қасиеттерді меңгерген жеке тұлға етіп тәрбиелеу, жас ұрпақты ынтымақ-бірлікке үндеу, ұлттық рух пен патриотизмді ұлықтау, міне осындай адамзат бойындағы игі қасиеттерді қамтуға бағытталған.
– Әл-Фараби бабамыздың «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың хас жауы» деп айтқан нақыл сөзі қай кезеңде болмасын ұлт тәрбиесінде өміршең болып қала бермек. Ұлттық құндылықтар негізіндегі тәрбиенің орны бөлек екені өмір тәжірибесінде дәлелденіп отыр. Өйткені, ұрпаққа саналы тәрбие беру қоғамның жарқын болашағын қалыптастырады. Ұлттық құндылықтарды оқыту үдерісінe енгізу арқылы қазaқ хaлқының құнды ойларын, даналық пәлсaпаcын өзінің өмір сүру қағидасы ретінде пайдалана алатын тұлғаны қaлыптастырaмыз, – деп атап өтті психолог-маман.
Оның айтуынша, ұлттық құндылықтар дегеніміз – туған жер, ана тілі, ауыз әдебиеті, салт-санасы, дәстүрі, мәдениеті мен өнері және халқымыздың көптеген ізгі қасеттері арқылы берілетін арқылы жоғары ілім. Ол – ұлттың болмысы, психологиялық өзіндік ерекшелігі. Мұндай қасиеттерді жастарға үйретпей, тағылымды тәрбие беру мүмкін емес.
Онлайн-вебинар барысында аудан мектептерінің ұстаздары мен оқушылары ұрпақ тәрбиесі төңірегінде толғандырған ойларымен бөлісті. Ұлттық құндылықтар негізінде мектепте білім беріп жүрген Н.Махамбет, Ш.Дүйсебаева сынды жас ұстаздар ойларын ортаға салды.