Home » Мақалалар » Ұлттық құндылықтар – тәрбие бастауы

Ұлттық құндылықтар – тәрбие бастауы

Алматы қаласының «Шаңырақ» шағын ауданындағы
“Олимпиада резервінің республикалықмамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесі

Уракбаева Гулайым Иброхимовна,
Султанова Ботакоз Жеткербаевна,
Қожамсеитова Рыскуль Байсеркеевна,
Алияскарова Назгуль Исаевна;

 

Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда ұлттық құндылықтарды жан-жақты дәріптеп, ата-бабадан қалған мәдени мұраны заман талабына сай жаңғыртып, насихаттау қажеттігін айтып өткен болатын. Осы ретте тәрбие жетекшілерінің ұйымдастыруымен жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу мақсатында ОРРММИК «Ұлттық құндылықтар – тәрбие бастауы» тақырыбында мектепішілік семинар өтті. Семинарға Алматы қаласының білім берудегі жаңа технологиялар қалалық ғылыми – әдістемелік орталығының педагогтарды аттестаттау және біліктілігін арттыру курстары бөлімінің басшысы: Құсайынова Раушан Талғатқызы, Алматы қаласының білім берудегі жаңа технологиялар қалалық ғылыми –әдістемелік орталығының тәрбие бөлімінің басшысы Ақмағамбетова Роза Ғазизжанқызы қатысты, сонымен қатар мектебіміздің директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары: А.К.Алгожаев, директордың оқу – ісі жөніндегі орынбасары: Ж.Байтурова, оқу бөлімінің әдіскерлері, мұғалімдер, тәрбиешілер қатысты.

20.01.2023 жылы өткізілген мектепішілік семинардың басты мақсаты: жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал,саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу. Әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, спортшы оқушы-студенттерімізге мінез-құлықтарын, жеке қабілеттерін арттыру, сабаққа деген қызығушылықтарын, шеберліктерін қалыптастыру.

Семинар барысында құндылықтар негізінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру, тәрбие құндылықтарын пәндік білім мазмұнына интеграциялау, тәрбие жұмысын жоспарлау мен ұйымдастырудың кәсіби дағдыларын арттыру мәселелері қаралды. Семинарды алғы сөзбен мектебіміздің директордың тәрбие –ісі жөніндегі орынбасары А.К.Алгожаев ашты. Тәрбие жетекшілері: Мешитбаева Э.Т. «Ұлттық құндылықтар – тәрбие бастауы», Уракбаева Г.И. «Буындар теориясы», Алиаскарова Н.И. «Бүгінгі шақ және болашақ», Султанова Б.Ж. «Жасөспірім кезде жас ұрпақты ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеу», Қожамсейітова Р.Б. «Тәрбие процесін ұйымдастырудың тиімділігі мен ерекшеліктерін арттыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізудің тиімді жолдары» тақырыптарында өздерінің озық іс –тәжірибелерімен бөлісті.

Семинарда ұжым болып біренеше сұрақтар талқыланды. Семинар басында тәрбие жетекшілері қатысушыларды 3 топқа, яғни «Ұлттық мүдде», «Ар-ұят», «Талап» топтарына бөліп, қазіргі заманға сай көптеген әдіс-тәсілдер көрсетілді. Уракбаева Г.И. «Буындар теориясы», «Qr код» арқылы фотоны басқанда тақырыпқа байланысты  бейне ролик көрсетуге, қазіргі 21 ғасырда «жасанды интелект» әдісі кез келген суретті қойып, (тарихи тұлғаларды) адамдарды сөйлету арқылы сұрақ тапсырмаларды арнайы программамен беру, оқушылардың қызығушылығын ояту, Алиаскарова Н.И. «Бүгінгі шақ және болашақ», «квест» әдісі арқылы оқушылар бөлмедегі заттарды өздері қозғап, тапсырма сұрақтарды іздеп табады, «спинер» әдістері ұйымдастырылып оқушылардың қызығушылығын арттыру.  Султанова Б.Ж. «Жасөспірім кезде жас ұрпақты ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеу» «Ватсап» әдісі және «Тарсия» әдісі арқылы, қағаз қиындыларындағы сұрақтар мен жауаптарды үйлестіре отырып, фигура құрастырды,  Қожамсейтова Р.Б. «Тәрбие процесін ұйымдастырудың тиімділігі мен ерекшеліктерін арттыру бойынша түіндіру жұмыстарын жүргізудің тиімді жолдары. «Зерде» интелектуалды ойын әдісі оқушыларды қызықтыру мақсатында интернет жүйесі арқылы, «Рафт» әдісі оқушы қандай да бір объектіні алып, сол рольге еніп өз ойын жазады.

Тәуелсіз еліміздің жас жеткіншектерін тәрбиелеу мына бізге, яғни, тәрбиешілерге бұйырып тұр. Ал, бұл мәселе уақытты күттірмейді. Қазіргі таңда білім беру балабақшадан басталады. Біз балалармен көп жұмыс жасаймыз. Әрбір тәрбиешінің міндеті – балаға сапалы білім мен саналы тәрбие беру. Тәрбиеші әрдайым өз білімін жетілдіріп отыру қажет. Семинарға келген қонақтар мен педагогтар өз ризашылығын білдіріп, өткізілген семинар өз мақсатына жеткенін және өте жоғары деңгейде өткенін айтты.

Мектепішілік семинардың қорытындысы бойынша ұсыныстар берілді.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.