Home » Жаңалықтар » Еңіліктің ЕРЕКШЕЛІГІ

Еңіліктің ЕРЕКШЕЛІГІ

Бала жастан нен білсе, ұядан ұшып – Өле өлгенше соны таныр қиядан
Жүсіп БАЛАСАҒҰНИ

Бала әдетті жасынан тамызықтап жинайды. Бойға, ойға түйген бұл қасиет ертеңгі күні болашағына айналады. Осыған орай, Нұр-сұлтан қаласы, Білім басқармасына қарасты, Есіл ауданында орналасқан №91 «Еңлік» балабақшасы бүгінде үш жылдан астам уақыт бүлдіршіндердің бүгінін қалап, ертеңі үшін елеңдеп қажырлы еңбек етіп келеді. Қазақи тәрбиенің исі, тәрбиешісі былай тұрсын, табалдырығынан есіп тұрғанынын марқайа да мақтана айтуға тұрарлық. Жаттығу барысында Абай әндері, түскі үзіліс кезінде бесік жыры саналарында сайрап, таспада ойнап тұр. Балабақша меңгерушісі Айсулу Жаксыбаевна жаңадан тұрғызылған спорт залмен таныстырып, әріптестері мен бүлдіршіндерінің жетістіктерімен бөлісті. Қала, облыс, республикалық жарыстардан жүлделі орындарды қанжығаларына байлап, балабақша мерейін үстем етіп жүр. Сондай-ақ, Абай атамыздың 175 жылдық мерейтойына арнайы жабдықталған көрмелері де төрден орын алған. Еңбек қашан да бағалнуы тиіс. Әл Фараби айтқандай «…ізгі және қажетті жұмыс істеген адам… басқа адамнан жоғары тұруы тиіс».

Диана НҰРБЕКҚЫЗЫ
«BILIM AINASY»
Нұр-Сұлтан қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.