Самал Сеилханова,
Железин №3 ЖББОМ
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі
Павлодар облысы.
3-12 ақпан аралығында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік шарасы өтті. Онкүндіктің мақсаты: оқушы бойына қайырымдылық, адамгершілік, сүйіспеншілік, мейірімділік, махаббат сынды құндылықтарды аратуға ықпал ету.
Онкүндіктің барысында «Күн сәулесіндегі менің портретім», «Күн сәулесіндегі мейірімді тілектер» және «Алтын жүректі Ана!» көрмелері ұйымдастырылды.
Мәжіліс залында өткен ашылу салтанатында мектеп директоры Т.М.Даулетов алғашқы тілек айтып, «Өзін-өзі тану» пәні бағдарламасының құндылықтары мен адамгершілік-рухани тәрбиеге бағытталған бірден-бір ерекше сабақ екеніне тоқталды. Шарада Өзін-өзі тану жобасының авторы Сара Алпысқызының еңбек жолы туралы бейнеролик көрсетіліп, бастауыш сынып оқушылары «Мейірім төккен Ана!» айдарында өлеңдер оқыды. 9 сынып оқушысы Шарипова А. мен 3- сынып оқушысы Шарипов А. «Ата мен немере» өсиетінен қойылым қойды.
Шара соңында мектеп оқушыларының дайындаған «Мейірімді жүректер» айдары жүзеге асырылды. Жобада: «Алтын жүректі Ана!» құттықтау бұрышы «Өзін-өзі тану — өзіңді тану» пирамидалық көрме, өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Ә.Е.Кусаинованың 9 сыныпта өткізген «Ұжымдағы ынтымақтастық» және бастауыш сынып мұғалімі М.А.Джусупованың «Дос болуды үйренеміз» ашық сабақтары өте қызықты да, мазмұнды өтті. Сонымен бірге 5-10 сыныптар арасында «Әлемге сүйіспеншілікпен қараймын» тақырыбында әр сынып постер жасап, қорғау конкурсы ұйымдастырылды.
Оқушыларға тәрбие мен білім беру жүйесінде адамгершілік, рухани жетілдіру арқылы адами құндылықтар әлеміне саяхат жасап, адами қарым-қатынас нормасымен таныстыру және адамшылық қарым-қатынасты қалыптастырып дамытуда сынып сағаттары өтті. Олар: «Бақытты балалық шақ», «Мейірім төгетін ана!», «Менің балам бақытты!» ата-аналармен бірлескен сабақ, «Қазақстан – мейірімділік мекені!», «Салауатты өмір-көтеріңкі көңіл», «Өзіміз туралы айтамыз» әңгіме сабақ, «Мамандықтың бәрі жақсы» атты мазмұнды да мағыналы тақырыптық тәрбие сағаттары болды.
Бұл онкүндіктің ерекшелігі 5-10 сынып оқушылары арасында өткен «Білімді мыңды жығар» пән олимпиадасы болды. Олимпиадада әр сынып эссе жазу және тест тапсырмаларын орындады.