Самал Сеилханова,
Железин №3 ЖББОМ-нің
Павлодар облысы.
Жол қауіпсіздік ережелері таныстырылды
15-қаңтарынан 15-ақпан аралығында «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы өтуде. Іс-шара мақсаты: балаларды білім беру ұйымдарына тасымалдауды ұйымдастыру барысында олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мектеп автобустарымен тасымалдауды жүзеге асыру, жол-көлік оқиғаларының алдын алу болды.
Алдын ала мектеп жоспары құрылып, ауыл аралық және шалғай ауылдан тасымалданатын оқушылар тізімі нақтыланды және олардың қауіпсіздігінің алдын алу негізінде тасымалдаушы автобустың техникалық тексерістен өтуі, жүргізушінің дәрігерлік рұқсат қағазы тексерілді.
5-7 сынып оқушылары арасында «Жол қауіпсіздік ережелері» туралы дәріс сабақ өткізілді. Мұнда мектептің жол қозғалысы жас инспекторларының құрамы анықталып, ереже таныстырылды, балалармен сұрақ-жауап жүргізді. Нәтижесінде балалар түсінгендерін постерға түсіріп, «Автобус ішіндегі ереже», «Автобус сыртындағы ереже» және «Жаяу жүргінші ережесі» бөлімдері бойынша анықтамалар құрастырды.
Соңында мозайка ойыны ойнатылып, жол көліктері мен қауіпсіздік ережелері белгілерін жылдам әрі шапшаң құру тапсырмасы берілді. Сондай-ақ мектептің әлеуметтік желісіне балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу фактілері болған жағдайда оның ішінде мектептерге және үйге қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің «сенім» телефонындары хабарланды.
Алдағы уақытта қозғалыстың жас инспекторларының оқушыларға жарық шағылыстыратын білезіктерді тапсыруымен жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы театрландырылған концерт ұйымдастыратын болады.