Home » Мақалалар »  Геймификация әдісін білім берудегі ұйымдастырудың құралы ретінде пайдалану

 Геймификация әдісін білім берудегі ұйымдастырудың құралы ретінде пайдалану

Тажигараева  Алтынгуль Аманкуловна
Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құрық ауылы
«Жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы»
информатика пәнінің мұғалімі

 Геймификация әдісін білім берудегі ұйымдастырудың құралы ретінде пайдалану

 Білім берудегі геймификация технологиясы ұғымы
Мақсаты:  Сабақты ойынмен ұштастыра отырып,оқушылардың белсенділіктерін  мен  шығармашылықарын арттыру

Геймификация дегеніміз ақпаратты ойын арқылы жеткізу әдісі. Ақпараттық  технологиялардағы  геймификация–компьютерлік  ойындарға тән әдістерді қолдану, оқытудың тиімділігін арттыру, оқушыларды ынталандыру және білім беру үдерісіне қатысуды арттыру, қолданбалы міндеттерді шешуге тұрақты қызығушылықты қалыптастыру мақсатында қолданбалы бағдарламаларды пайдалану.

Неліктен білімге ойын қажет? Оқу–бұл жұмыс. Ойын–тәтті  дәм. Ойын арқылы  оқытамыз, балалар сабаққа қуана-қуана оралуы үшін қызықты және жағымды. Адамдар эмоцияны тудыратын нәрсені жақсы есте сақтайды. Оң немесе теріс–кез келген күшті әсер қалдыратын заттар жадта терең із қалдырады. Ойын барысында балалар күтпеген жерден ашылады. Ойын арқылы олардың шынайы тілектері мен мүмкіндіктері түсінікті болады. Мысалы, тыныш білімге деген құштарлығы жоқ бала, ойын барысында керемет қабілеттіжәне жақсы стратег болып шығуы мүмкін. Ойын арқылы білімге құштарлығы оянып, өзін-өзі бағалауы артады, нәтижесінде оқушы білімге ұмтылады.

Геймификация технологияны қолдану сабақ мазмұнын кеңейтуге мүмкіндік береді. Нəтижесінде бастауыш мектеп оқушыларында шаршағыштық сезімі төмендеп оқу үдерісі еркін түрде жəне тез өтіп кетеді. Бала шығармашыл, бастамашыл болады, оқу үдерісінің жақсы өтуіне ықпал ететін танымдық қабілеттер (ойлау, қабылдау, көңіл аудару, жадыда сақтау, қиял) іске қосады. Балада білім алуға көмекші құрал ретінде компьютерді пайдалануға деген қажеттілік қалыптасады.

Ақпараттық  технологиялардағы  геймификация – компьютерлік  ойындарға тән әдістерді қолдану, оқытудың тиімділігін арттыру, оқушыларды ынталандыру және білім беру үдерісіне қатысуды арттыру, қолданбалы міндеттерді шешуге тұрақты қызығушылықты қалыптастыру мақсатында қолданбалы бағдарламаларды пайдалану.

Қазіргі кезде геймификация цифрлық ұрпақтың мінез-құлықтарының нақты модельдерін көтермелеу және ынталандыруды арттырудың танымал тактикасы болып отыр. Көптеген білім беру бағдарламаларында ол мұғалімдерге оқытудың мақсаттарына жетуіне және оқушылардың күн сайын өсіп келе жатқан мұқтаждықтарын қанағаттандыру арасындағы тепе-теңдікті  теңестіруге көмектеседі.

Геймификацияның мақсаты оқушылардың пәнге деген қызығушылығын тудырып, оқуды рахаттана отырып жалғастыруға шабыттандырудың бір әдісі болып табылады. Білім беру контекстінде оқушылардың өз қалауларымен сабаққа қатысуы, оқу тапсырмаларына назар аударуы және бастаманы да өзінің беруі геймификацияға әлеуетті әсер етеді.

Геймерлер – ойындарда және мәселелерді шешуде өздерінің шексіз уақыттарын жібереді, ал зерттеушілер мен мұғалімдер сыныптың мотивациясын арттыру мақсатында бейне ойындарды қолданудың тиімділігін және оны ұтымды пайдаланудың жолдарын зерттейді.

Ойын – айналадағы дүниені тану тәсілі.

Ойынның сюжеті, мазмұны – бұл оның жанды тұлғасын құрайды, ойын әрекеттерінің, балалардың өзара қарым–қатынастарының дамуын, көпжақтылығын және өзара байланысын анықтайды.

Сабақ процесінде геймификацияны қолданған кезде қызығушылықты арттырады, ынталандырады, білім беру кеңістігінде бәсекелестікті арттырады. Геймификация процесінде оқушылар белсенді, бұл өз кезегінде білімді тиімді меңгеруге және білімді нығайтуға ықпал етеді. Тіпті күрделі тақырыптың өзін де оқушы  қызықты әрі жеңіл түрде қабылдайды

Информатика пәнінде геймификацияны қолдану үшін әр түрлі қолданбалармен жұмыс жасауға болады.  Мысалы Kahootjoyteka.com superkid.online/т.б.

 joyteka.comквест ойыны — оқушылардың қызығушылығын арттыратын платформа. Оқушылар белгілі  бір заттарды іздеу арқылы   жасырынған сұрақтарға жауап береді. Бұл платформа оқушылардың логикалық ойлауын дамытады

Kahoot – мобильді құрылғыларда дұрыс жауабы бар онлайн викторина құруға мүмкіндік беретін сервис.

Superkid.onlineбұл , бұл қазіргі уақытта 14 түрлі үлгіні қамтитын технология. Оқушылар орындаған тапсырмаларды автоматты түрде тексеретін шаблондар; түймені басу арқылы үлестірмелі материалдарды алуға мүмкіндік беретін шаблондар.

Kahoot–мобильді құрылғыларда дұрыс жауабы бар онлайн викторина құруға мүмкіндік беретін сервис. Сервис арқылы құрылған бір викторинаға жалпы саны 30-ға дейін оқушы қатыса алады. Веб сервис оқушының әр тақырып бойынша білімін бекітуге, тексеруге мүмкіндік береді.

1 сурет — Kahoot – мобильді құрылғыларда

Викторинаны жүргізу барысында оқушылар арасында байқау ұйымдастыруға болады. Қорытындысында оқушылардың жинаған ұпайын берген жауабының дұрыс, бұрыстығын көрсетеді. Сонымен қатар, қашықтан оқыту мақсатында да қолдануға болады. Құрылған тестті әлеуметтік желілер арқылы немесе электронды пошта арқылы сілтемесін жіберіп, басқа әріптестермен бөлісуге болады.

Жалпы және орта білім беретін ұйымдарда Kahoot бағдарламасын қондыру арқылы мектеп оқушыларымен жұмыс жасау өте қолайлы әрі тиімді. Оқытушы заман талабына сай тестілеу жүйесін меңгере алады, ал әрбір оқушының сабаққа деген қызығушылығы мен ынтасы арта түседі. Бұл бағдарламаны пайдаланудың екі тиімді жағы бар: біріншіден оқытушы мен оқушылар арасында тығыз байланыс орнайды, екіншіден оқушылар арасында бәсекелестік туындап, тиімді шешу жолдарын ұсынып, жаңа мәліметтер мен тақырыпты толық ашуға қызығушылығы оянады

 

Superkid.online – платформасы бұл қазіргі уақытта 14 түрлі үлгіні қамтитын технология. Оқушылар орындаған тапсырмаларды автоматты түрде тексеретін шаблондар; түймені басу арқылы үлестірмелі материалдарды алуға мүмкіндік беретін шаблондар.
Жұмыс істеу қағидаты барынша қарапайым. Оқушыға тапсырмада көрсетілген бекітуді дұрыс немесе бұрыс таңдау ұсынылады.

Пайдалану нұсқалары:

  • Үй тапсырмалары
  • Сабақтағы тапсырмалар
  • Тексеру тестілері

Бұл платформа орта буын және бастауыш сыныптар үшін өте қолайлы
Кез келген заттар үшін жарамды
Пайдалану оңай
Оффлайн сабақтар мен онлайн сабақтар үшін ыңғайлы
Жауаптарды егжей-тегжейлі талдау. Сілтемеде сіз кесте түрінде ақпарат аласыз:

  • Тапсырманы орындаған барлық адамдардың тізімі
  • Әрбір оқушы тапсырманы орындаған уақыт
  • Әр оқушы қанша балл жинады
  • Сіз сынып немесе топ нәтижелері бойынша талдау аласыз.

Қорытынды

Жоғарыда баяндалған жағдайлардан түйіндегенім: Ойын барысында оқушылар өзара пікір алмасады, оқу материалдарын жылдам және жақсырақ игереді, қиындықтарды бірге шешеді. Мұндай жағдайда, барлық балалар алға жылжиды, білімдері терең балалардың тежелмеуін, білімі төмен балалардың алға ұмтылуына мүмкіндік береді.

«Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер–бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларға қалай, білім берсе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан, ұстазға жүктелетін міндет ауыр», -деп Елбасымыз атап өткендей, заман талабына үн қосатын ұлттың  ұлылығын паш етер білімді  ұрпақ тәрбиелеудегі еңбегіміз табысты болғай.

2 комментария

  1. Өте күшті керемет мақала екен

  2. Ақбілек

    Өте күшті мақала екен

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.