Әр бала сияқты мен де балабақшалық кезімнен мектепке баруды арман еттім. Бірақ та мектепте не болатынын білмедім, мектеп табалдырығын аттағанда ата – анамның енді 11 жылдың орнына 12 жыл және де жаңа бағдарлама бойынша оқитынымды естідім. Сол кезде ата –анамның түсініксіз күйде болғанын көрдім. Уақыт өте сабақ та басталды, сабақ оқу маған қатты ұнады, көп достарды тауып алғашқы ұстазымды жақсы көріп кеттім. Жаңартылған бағдарламаның еш күрделілігін сезбедім, түгелі тиімді, түсінікті болды. Маған деген қуаныш ретінде сенбі күнгі демалыс болды. Ата – анам да жаңа бағдарламаның еш қиындығы жоқ екенін көріп, уақыттың молдығын көріп мені түрлі секцияларға қатыстырды.
Мысалы сенбі күнгі демалыс кезінде мен үш қосымша секцияға қатысамын: таңертен, түсте, түстен кейінгі уақытта. Ал егер сенбі күні оқитын болсақ менің уақытым шектеулі болушы еді және мен қазіргі жетістіктерге мүмкін қол жеткізе алмаушы едім. Сабақты үздік оқып мен уақыттың молдылығын пайдалана отыра сынып жетекшім екеуміз жүйке жүйесін зерттеп ғылыми жоба жаздық, бұл ғылыми жоба қалалық байқауда 2-ші орынға ие болды. Сонымен қатар сенбі күні қатысатын менталды арифметика сабағы бойынша Мәскеу қаласында болған халықаралық олимпиададан 3-ші орынға ие болдым. Сенбі күні түскі уақытта қатысатын спорт секция бойынша қалалық ашық турнирде 3-ші орынға ие болдым. Сонымен қатар жетістіктерім үшін бастауыш сынып оқушылары арасында «Жыл оқушысы 2017» атағына ие болдым. Ата –анамның қуанышына шек болмады. Менің ойымша осының түгелі жаңа оқу бағдарламасының арқасында болғаны. Өйткені жаңа оқу бағдарламасы жас ұрпақ, яғни біз үшін өте қолайлы. Сабақ тақырыптары түсінікті, тиімді, мектепте түгел тақырыптарды жетік меңгеріп, оны үйде түсінуге көп уақыт жұмсамаймыз, тапсырмалар логикалық сәйкестікте, және де көп уақыт үнемдейтін сенбі күнгі демалыс өте ұнайды. Жас ұрпақтың яғни біздің жан жақты дамуымызға қолайлы. Өйткені біз жас ұрпақ Отанымыздың болашағымыз!
Әмір Әбдүләзіз,
Павлодар қаласының №19 жалпы
орта білім беру мектебінің 2 «б» сынып
оқушысы
.