Home » Мақалалар » Бастауыш сыныптарда критериалды бағалау

Бастауыш сыныптарда критериалды бағалау

Стыбаева Маржан Мергенбаевна
Түркістан облысы
Қазығұрт ауданы
Қаныш Сәтбаев атындағы мектеп -лицейінің
бастауыш   сынып мұғалімі

Критериалды бағалау жүйесінде ең маңызды нәрсе – оқу процесінің өзі, сол арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді, яғни бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны, қалай ойланғаны бағаланады. Бағалауды өткізу үшін, оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын анықтау қажет.
Критериалды бағаулаудың қағидаттары
-Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы. Бағалау оқу бағдарламасындағы мақсаттармен, күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты оқытудың ажырамас бір бөлігі болып табылады. Демек, неге және қалай оқытады, білім алушының қажеттілігі қандай және бағалау тәжірибесінде жүзеге асыруға қажетті нәтижелерге жетуге қалай көмектесуге болады деген сұрақтарға жауап іздеу.

-Шынайылық, анықтық және валидтілік. Бағалау дәл және сенімді ақпаратты ұсынады. Қолданылатын критерийлердің, құралдардың оқу мақсаттарына жетуге, күтілетін нәтижелерді бағалайтынына сенімділік бар.

-Объективтілік, анықтық, валидтілік жиынтығы бағалаудың сапасын анықтайды. Барынша мазмұнды сипаттаманы бағалауды қаншалықты дұрыс өткізетінімізді және нақты нені өлшейтінімізді бағалаудың валидтілігі ұсынады.

Аталған қағидатты жүзеге асыру:

  • нені бағалау қажеттігін нақты түсіну және анықтауды;
  • бағалау критерийлерін құрастыру және негіздеуді;
  • тапсырмаларды құрастыру және рәсімдерді жоспарлауды көрсетеді;

-Ашықтық және нақтылық. Бағалау түсінікті, айқын ақпараттарды ұсынады, сондай-ақ, барлық
оқу үдерісіне қатысушылардың қызығушылығын, жауапкершілігін арттырады.

Аталған қағидат мақсаттар мен бағалау рәсімдерінің түсінікті, нұсқаулықтың анық және нақты, нәтижелердің пайдалы және қолжетімді болуын болжайды. Бағалау үдерісінде оның мақсаттылығы мен дұрыстығы еш күмән тудырмауы тиіс. Өз кезегінде білім беру үдерісіне қатысушылар арасындағы өзара әрекет пен сенімге қол жеткізу олардың қызығушылығын арттыру және оқу нәтижесіне оң әсер етуге ықпал етеді.

-Үздіксіздік. Бағалау білім алушылардың оқу жетістігінің ілгерілеуін дер кезінде және жүйелі қадағалап отыруға мүмкіндік беретін үздіксіз үдеріс болып табылады. Бағалау үдерісінің тұрақтылығы рәсімдер арасындағы өзара байланысты негіздейтін және бірыңғай білім беру жүйесін құратын қалыптастырушы бағалау, балл қою кестесі механизмін қолдану және жиынтық бағалаудың кестесін белгілеу әрекеттері арқылы қамтамасыз етіледі.

-Дамытуға бағыттылық. Бағалау білім алушылардың, мұғалімдердің, мектептің, білім беру саласының даму бағытын анықтайды және ынталандырады.

Бағалау білім алушылардың қандай білім мен дағдыларды меңгергені туралы ақпараттарға талдау жасауға және жинақтауға негізделген білім беру үдерісінің алдағы уақыттағы қадамдары туралы негізгі шешімді қабылдауына мүмкіндік береді.

Баға – оқыту үдерісіндегі қозғаушы күш.Сыни тұрғыдан алып қарасақ, оқушылар өздерінің білімінің толығуына көмектеседі. Пәнге деген қызығушылығы артады, осыған қарап, біз өзімізідің жұмысымыздың нәтижесін көреміз. Осыдан білім берудегі басты қозғаушы күш екенімізді естен шығармауымыз керек.

Критериалды бағалау-оқушы бойындағы үрейленуді басады және оқушы бойында өзін өзі бағалау, өз іс-әрекетіне баға беру, жауапкершілік қабілетінің дамуына ықпал етеді. Мұндай бағалау кезінде оқушы өзін басқа оқушымен салыстырмай өз мүмкіндігін бағалап, жетістікке жету жолдарын іздейді және жетістікке жету жолын  табуға әрекеттенеді.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.