Home » Жаңалықтар » ЖАМБЫЛДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚОРЖЫНЫНДА 4 АЛТЫН, 2 ҚОЛА ЖӘНЕ 1 КҮМІС МЕДАЛЬ

ЖАМБЫЛДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚОРЖЫНЫНДА 4 АЛТЫН, 2 ҚОЛА ЖӘНЕ 1 КҮМІС МЕДАЛЬ

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының баспасөз қызметі

        Жамбылдық оқушылар ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен қашықтықтан өткен Әл-Фараби атындағы халықаралық олимпиадаға қатысып, жүлделі орындардан көрінді.
Жаратылыстану-математика пәндері бойынша өткізілген білім байқауынан облыс оқушылары 4 алтын, 2 қола және 1 күміс медаль жеңіп алды.
Атап айтсақ, 5 қараша күні биология пәнінен өткен Халықаралық Мендель олимпиадасына қатысқан 250 оқушының ішінен Жамбыл облысының білім басқармасына қарасты дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Шырынханов Айсұлтан алтын медаль, ал 10-сынып оқушысы Бақтыбек Әлімжан күміс медаль иеленді.
Сондай-ақ, 29 қазан күні биология пәнінен өткен Беларусь олимпиадасынан аталған білім мекемесінің 9-сынып оқушысы Шырынханов Айсұлтан және 10-сынып оқушысы Еркін Қасым қола медаль жеңіп алды.
Ал 30 қазанда өткен Әл-Фараби Халықаралық олипиадасынан аталған лицей-интернаттың  9-сынып оқушысы Шырынханов Айсұлтан,  10-сынып оқушылары Бақтыбек Әлімжан және Фазлиев Расул алтын медальді қанжығаларына байлады.
Айта кету керек, жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерден өткен олимпиадаларға Қазақстан Республикасының, ТМД елдерінің, алыс және жақын шетелдердің білім беру ұйымдарының 9, 10-сыныптарынан 4 мыңнан аса оқушы қатысты.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.