Home » Мақалалар » ҰБТ  кезінде сәтсіздіктің алдын ала отырып, оқушыларға психологиялық қолдау көрсету

ҰБТ  кезінде сәтсіздіктің алдын ала отырып, оқушыларға психологиялық қолдау көрсету

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Шалқия кенті
Қаппарова Жанерке Бауыржанқызы
А. Әділов атындағы №86 жалпы орта мектебі,
педагог-психолог

   Қазақстан мемлекеті қарыштап дамып, әлем елдерімен терезесін теңестіріп келеді. Еліміздің болашағын нық ұстап, келер ұрпақтың керегесін кең ететін білімді жастар. Ал адамда білім болу үшін іздену мен оқудан шаршамай, алға қарай ұмтыла білу қажет. Абай атамыз айтқандай «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тапта бар қалан». Сол себепті өмір жолыңда білімі мен парасаты, ақылы мен қайраты келіскен адам болу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Қазіргі таңда мектеп оқушылары үшін барлық жағдай жасалған. Кітаптар мен интернет ресурстары  қолжетімді. Оқушы бойында білсем, көрсем, оқысам деген ниеті бар болса болғаны. Еңбектеніп, сол еңбектің нәтижесін көрсетіп, ата-анасы мен ұстаздарының сенімін ақтағаны болып табылады. Бүгінгі таңда білім бәсекесінде алдыңғы орыннан көрініп, өз биігіңді бағындырудың орны ерекше.

       Дәл қазіргі уақытта бітіруші түлектер үшін айтулы жыл. Олар бір жағынан алтын ұя мектебімен қоштасып, үлкен өмірге аяқ басқалы тұр. Алға қойған армандары мен мақсаттары бір қадам жақындай түспек. Ал бір жағынан жұдырықтай жүректері алқымына келіп, көңілін күдік ұялайды. Қай жерге барса да, тіпті ол үшін әңгіменің ауаны тек ҰБТ туралы сөз қозғалады. Сондықтан әрбір бітіруші түлектің арманы алдағы сыннан сүрінбей өтіп, арманына қанат бітіру. Үйінде тақымын қысып отырған ата-анасы мен онымен бірге жаны төзбей тілеуін тілеп отырған ұстазының үмітін ақтау. Оқушы ойындағы жыл бойы жауабы табылмаған сан сауалдың төрт сағатқа жуық уақыт ішінде жауап алуы да қиынға түседі. Жүрегінде бір үміті маздап жанып тұрса, күдігі сейілмей сарыла күткен жауабы да келеді. Егер білімін шыңдап, ұстаздарының айтқанын істеп, уақытын бағалаған оқушы үшін ҰБТ олжа болары анық. Кейде сол білімділердің қатарында да сәтсіздікке ұшырайтын түлектердің де болатыны жасырын емес. Егер сәтсіздік орын алған жағдайда оқушыға ортасынан, ата-анасынан, ұстаздарынан үлкен қолдау қажет болады. Сол  себепті оқушының морт сынып, алдағы күннен күдерін үзбес үшін психологтар ата-аналары мен оқушылармен тығыз байланыс орнатуға міндетті.

ҰБТ – ға дайындық кезеңінде:

  • Оқушының пәнді жүрек қалауымен таңдауы маңызды;
  • Үйдің іргетасы қалай қаланса, ол үй солай тұрғызылады. Сол себепті оқушының осы уақытқа дейінгі сабақ үлгерімі де әсер етеді;
  • Өзіне деген сенімділігі және бос уақытын құр жібермеуі қажет;
  • Пән мұғалімдерімен тығыз байланыс орнату ;
  • Дайындық уақытына арнайы уақыттар бөлуі тиіс ;
  • Ата-анадан балаға жігер мен сенім керек. Олар жігерлендіріп, бала санасына жақсылықтың боларын айтса, бала өздігінен ата-анасының үмітін ақтау үшін барынша тырысады;

Ұстаздарға кеңес:

– психологиялық және әлеуметтiк-психологиялық тұрғыдан қиындық көрiп жүрген балалардың мәселелерін анықтап, оларға дер кезiнде көмек көрсету;

– Проблемасы бар балаларды жан-жақты зерттеп, оны туғызған себебiн анықтау және түзету, дамыту жұмыстарын жүргiзу;

–  Психологиялық қасиеттерiн зерттей отырып, психологиялық тренингтер ұйымдастыру.

 

Ата-аналарға кеңес:

  • Балаңыздың дайындық кезеңінде алып жүрген тест нәтижелерін тексеріп жүргеніңіз қадағалағаныңыз абзал;
  • Баланың үйде күнделікті ҰБТ-ға дайындалатын белгілі бір уақыт, орны болуына жағдай жасау;
  • Баласының денсаулығы мен оның көңіліне әсер еткен дүниелерді анықтап, уақытында перзентімен ашық сөйлескені жөн;
  • Әр ата-ана балаға сенім артатының, егер сәтсіздік болса да жанында болатынын айту;
  • Ата-ана ешқашан баланы сынамағаны дұрыс. Ақырындап ақылмен ұғындырып, сабырлы болуға шақырғаны жөн;

Қалай десек те, ҰБТ бітіруші түлектің психикасына әсер етері анық. Адам өмірінде белгілі бір деңгейде сынақтан өтерде қобалжу мен қорқыныштың болатыны анық. Ал оны жеңіп, білімінің арқасында биігін бағындыратын қаншама түлектеріміз бар. Жасыратыны жоқ әлсіз топқа жататын оқушыларда жоқ емес. Психологтың міндеті сол балалармен тығыз байланыс орната отырып, оларға түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Мектеп басшылығы мен ата-аналар арасындағы баланың алдағы күніне деген жігері мен сенімін арттыра білуі тиіс. Бір үміт пен күдік арқалаған оқушыларымыз ор текедей ойқастап, оқуда озат болып, бәсекеге қабілетті бола берсе демекпін.

 

ҰБТ психикаға да әсер етеді

Емтихан тапсыру немесе сынақтан өту кез келген адамның бойында қобалжу мен қорқынышты тудыратыны белгілі. Бұл психологиялық проблема. Кейбір жақсы оқитын балалар білімін өз дәрежесінде көрсете алмай қалады. Бұған көп жағ­дайда қорқыныш, үрей сеп болады. Ондай кезде баланың психо­ло­гиялық кедергілерден арылуына көмек беру жолдарын қарастыру керек.

Біздің зерттеуімізше, тест жүйесінен балалар емес, негізінен ата-аналар мен мұғалімдер көбірек қорқады. Әке-шешенің, ұстаздың ең басты рөлі — баланы «таяқтау» емес, қолдау. Баланың амандығы қажет. Оның аман болғаны, денсаулығы, психикасының сау болғаны аса құнды.

Еске сала кетейік, биыл ақпанда Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директоры Рамазан Әлімқұлов алдағы Бірыңғай тестілеуге дайындық туралы айтып берді.

«Биыл тест тапсырмаларының базасы 50 пайызға жаңарды. Былтыр 80 мың тест тапсырмасы болса, биыл — 120 мың. 11 пайызы функционалдық сауаттылықты анықтауға бағытталған. 37 пайызының бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар. Мұндайды былтыр енгізгенбіз. Бұл пәнді терең түсінуге, құрғақ жауаптарды жаттап алудан сақтайды. Бұл бітірушінің ойлай алуы үшін жасалған», — деді Әлімқұлов.

Оның сөзінше, 2018 жылы ҰБТ тапсыру ережелері өзгереді, алайда, тест тапсырушылардың ыңғайлығы үшін аздаған өзгерістер жасалды. ҰБТ бес пән бойынша өтеді: үш міндетті және екеуін таңдауға болады.

Айта кетейік, өткен жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу еліміздің 165 ҰБТ өткізу пункттерінде 2017 жылдың 20-27 маусымы аралығында жаңа форматта өткізілді. ҰБТ-ға қатысуға 10 (11) сыныптардың 92 827 түлегі өтініш беріп, олардың 67 627 (76,3 пайыз) қазақ тілінде және 20 968 (23,6 пайыз) орыс тілінде тапсыруға өтініш берген.Факт бойынша, 88 583 адам тестілеуге қатысып, өтініш берушілердің 95,4 пайыз құрады.

ҰБТ-ның өткізу ережесі мен тыйым салынған заттарды қолданғаны үшін тестілеуден 12 адам шығарылды. Тестілеу барысында 85 446 тыйым салынған заттар, сонын ішінде 43 394 электрондық құрылғы (ұялы смартфон, роутер, модем және т.б) және 42 052 қағаз жүзінде (шпаргалка, оқулықтар және тағы да басқа) алынды.

Қазақстан бойынша бес пәннен ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балл 80,5 пайыз (мүмкін болған 140 баллдан) болды. Шектік деңгейден, яғни 50 балл алған 74 517 ((84,1 пайыз), оның ішінде 60-65 балл: 5935 (7,9 пайыз), 66-119 балл: 52 717 (70,7 пайыз), 120 — 139 балл — 5 064 (6,8 пайыз). Шектік деңгейден өте алмағандар саны 14 066 адам (15,8 пайыз) болды.Толығырақ: https://alashainasy.kz/ent/ubt-ga-kalay-dayyindalgan-duryis-107437/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.