Home » Мақалалар » АДАЛДЫҚ САҒАТЫ

АДАЛДЫҚ САҒАТЫ

Жаңа оқу жылы басталысымен, барлық оқу орындарында адалдық алаңы мен кез-келген теріс әрекеттердің алдын алу, жастарға түсіндіру жобасы барысында  8-11 сынып оқушыларына арналған адалдық сағаты өтті. Жаппай бірыңғай сабақың негізгі мақсаты – өскелең жас ұрпақтың бойына адалдық пен парасаттылық қасиеттерін қалыптастыру, оларды адал жолға шақыру.Железин №3 жалпы орта білім беретін мектептің әрбие сағатына Железин аудандық қаржы бөлімінің басшысы З.К.Усембаева қатысып, оқушыларға  өнегелі  өмірдің адал жолдарын түсіндіре келіп, оқушыларды адал тұлға болуға шақырды. Өмір кезеңдерімен байланыстырып айтқан әңгімесінде, оқушылардың бойына рухани адамгершілік асыл қасиеттерді ұялата отырып, жаман қылықтар мен істерден аулақ болуға, тақырып бойынша қосымша мәліметтерді мысал келтіре отырып, өздігінен ізденуге, өзін-өзі басқаруға бағыт-бағдар берді. Адалдық сағаты барысында бейнефильмдер көрсетіліп, сұрақ-жауап арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында адалдыққа тәрбиелеу  шаралары жыл бойы өз жалғасын табады. Халықтың сенімі мен үмітін ақтау-жастардың қолында. Ал болашақтың  жарқын болуында — саналы ұрпақ  тәрбиелеу қоғам мен білім ордасының қолында.

 

Самал Сеилханова,
Железин №3 ЖББ орта мектебі директорының
ТІЖ орынбасары.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.