Home » Балабақша » Баланың бағасын баққан білер

Баланың бағасын баққан білер

№ 46 сәбилер бақшасы тәлім – тәрбие ошағы. Буыны қатып, бұғанасы бекімеген, оң мен солын енді тани бастаған бүлдіршіндерге ұлттық нақышта тәрбие беріп, рухани азықпен қаруландырып отырған аталмыш, мектепке дейінгі мекеме беделін арттыруда тәрбиешілердің орны бөлек. Солардың бірі Нұрабаева Шынар Бейсенқалиқызы.
Бүгінгі күні алдындағы шәкірттерінің әрбірінің мінез-құлқын меңгеріп, қарым-қабілеттерін шыңдап, болашақ жарқын өмірлеріне жол сілтеп жүрген Шынар Бейсенқалиқызы еңбек тәжірибесі жас мамандарға үлкен үлгі. Бала тәрбиесімен ғана емес, тәлімгерлікті қатар алып жүрген, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие берудің теориясы мен әдістемесін меңгерген, білікті маман.
Шынар апайдың көз алдында қанша бала өсті. Шынар Бейсенқалиқызы – өз мамандығын мақтан ететін адамдардың бірі. Оның айтуынша тілші — ақпаратпен, зергер — асыл тастармен, шахтер — кен өнімдерімен жұмыс істесе,  мен балғындармен жұмыс жасаймын. Менің жұмыс құралым — тірі жан, бүлдіршіндерім,- дейді.Шынар Бейсенқалиқызы еңбек жолының 12 жылын балабақшада тәрбиеші мамандығымен жалғастыруда.
Педагогтың кәсіби шеберлігі жоғары, шығармашыл адам. Жұмысында біріншіден оқу-тәрбие жұмысында жаңа инновациялық технологияларды пайдаланып, әдіс тәсілдерді қолданып, әдістемелік құралдарды құрастырып шеберлігін шыңдаса, екіншіден ән айтып, балаларға ән айтқызуды өзінің хоббиі етіп алған. Шынар Бейсенқалиқызы соңынан ерген балалар
шығармашылық қабілеттері дамыған, жан-жақты, еңбексүйгіш болып келеді.
Тағыда өз сөзінен алсақ: жалпы бұл мамандық мені бірінші күннен баурап алды. Күнделікті жұмысқа асығып тұрамын, сәбилердің сыңғырлаған күлкісі, күнәдән пәк келбеттерін көру мен үшін қуаныш. Бірақ жылап, жатырқайтын кездері де болады. Мұндай кезде тәрбиеші мамандығынан психолог рөліне көшесің. Кішкентай жүрегіне қаяу түсірген мәселені түсініп, шешімін бірге табуға тырысасың.  Шынар апай әр сәби алдындағы борышын өтеуге, оған тиісті тәлім мен білім беруге ат салысады. Жалпы, адам баласы тәрбиеші болу үшін өзі тәрбие көрген, өмірден алған-көргені көп болуы керек. Сол адамның бірі – Шыныр Бейсенқалиқызы деп білемін.

 

 

Гарифуллина Диана Турысбековна,
 Павлодар қаласы
№ 46 сәбилер бақшасының басшысы.

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.