Home » Білім және тұлға » НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕКТЕПТІҢ МҰҒАЛІМІ «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗЫ» АТАҒЫНА ЛАЙЫҚ ДЕП ТАНЫЛДЫ

НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕКТЕПТІҢ МҰҒАЛІМІ «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗЫ» АТАҒЫНА ЛАЙЫҚ ДЕП ТАНЫЛДЫ

Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында Министрліктер үйінде Тұңғыш Президент Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын педагогтар арасында кеңінен насихаттау мақсатында «Ғылым және білім – 2019» республикалық конференциясы өтті, — деп хабарлайды «Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектеп» «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы филиалының баспасөз хатшысы Сандуғаш Кожина.
Конференцияда Білім және министрлігі ұйымдастырған бірқатар байқаулардың жеңімпаздары, еліміздің әр өңірінен келген ұстаздар қауымы арнайы бас қосты. Конференция барысында «Қазақстанның құрметті ұстазы» республикалық байқауының нәтижелері жарияланып, жүзден жүйрік шыққан мұғалімдер марапатталды.
– Бұл шараның мақсаты педагогтардың инновациялық идеяларын кеңейтіп, біліктілігін арттыру. Топ жарып шыққан ұстаздарымыз бүгінде көпшіліктің алдында марапатталып жатыр, — деп Bilim órkenıeti» ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығының қызметкері Саят Талғатұлы ой бөліскен еді.
Мұғалімдердің беделі мен мәртебесін арттыру мақсатында өткізілген аталмыш республикалық байқаудың жеңімпаздарының қатарында Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектептің математика пәнінің мұғалімі Қаппасова Сандуғаш Елтайқызы да бар. Зияткер ұстаз Қазақстан Республикасы «Bilim órkenıeti» ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығы тарапынан І дәрежелі дипломмен марапатталды. Сонымен қатар Сандуғаш Елтайқызына Білім және ғылым саласына қосқан айрықша еңбегі үшін «Қазақстанның құрметті ұстазы – 2019» төсбелгісі мен куәлігі табысталды. Республикалық байқаудың материалдар жинағы деп аталатын жығарылымның бірінші томына еніп, қоғам мен шәкірт алдындағы еңбегі еленді.
– Қазақстанның құрметті ұстазы» мәртебесіне лайық деп білген Республикалық Bilim órkenıeti» ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығына ерекше алғысымды білдіремін. Бұл марапат – білім жолына арнаған жиырма үш жылғы еңбегімнің, шәкірттерімнің олимпиада мен ғылыми жобалар байқауында еңбегімді ақтауының нәтижесі деп ойлаймын. Ең бастысы  мұғалім баланы сүйе білуі қажет», — дейді зияткер ұстаз Сандуғаш Елтайқызы.
Біз де өз тарапымыздан шәкірттерін қашан да биік белестерге жетелейтін Сандуғаш Елтайқызын жоғары марапатымен шын жүректен құттықтаймыз. Білім және ғылым жолында жетістіктеріңіз көп болып, биік шыңдарды бағындыра беріңіз деген тілек білдіреміз.

Сандуғаш Кожина,
Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы филиалының баспасөз хатшысы .

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.