Home » Жаңалықтар » Әдебиетіміздің жарық жұлдызы

Әдебиетіміздің жарық жұлдызы

Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ прзасының майталманы, көрнекті жазушы, ақын, драматург Бейімбет Майлиннің 125 жылдығына арналған «Әдебиетіміздің жарық жұлдызы» атты әдеби кеш өтті. Кешті ұйымдастырушы Сәбит Мұқанов атындағы ОӘҒК-ның қазақ тіліндегі әдебиет бөлімінің басшысы Әшімова Майра Тұрғынқызы.

Кешке облыс оқырмандары мен мектеп оқушылары, колледж, ЖОО студенттері қатысты. Кештің құрметті қонағы Бейімбет Майлиннің туған жиені Сейітжанова Дәметжан Әбілқасымқызы болды. Бұл кісі Бейімбет Майлиннің Рәзия есімді қызынан туыпты. Нағашы атасы туралы көрнекті естеліктер айтып, студенттер мен оқырмандардың қойған сұрақтарына жауап берді.

Б.Майлиннің шығармашылығы мен әдебиеттен алар орны қақында М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың профессоры, ф.ғ.к., Тіл және әдебиеті институты «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі Қадыров Жанбай Тұрарұлы айтты.

Ерік Асқаров атындағы жас ақындар мектебінің тәрбиеленушісі жас ақын Диас Аяған Б.Майлинге арнап жазған өлеңін оқыды.

Студенттер жазушының шығармаларынан үзінділер оқып, жақсы естеліктермен бөлісті.

 

Көкбасқызы Жазира

«BILIM AINASY»,

СҚО

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.