Home » Айтарым бар » Батыс аймақтық  «Білім-инновация» лицейлері ата-аналары арасындағы «Достық» спартакиадасының бағдарламасы

Батыс аймақтық  «Білім-инновация» лицейлері ата-аналары арасындағы «Достық» спартакиадасының бағдарламасы

Кулманов Аргын Санакович
Ақтөбе облысы

Дарынды жасөспірімдерге арналған
Ақтөбе облыстық мамандандырылған
«Білім-инновация» лицей-интернаты
педогог-ұйымдастырушы

  

 

Жарыстың мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау, лицейлер арасында достықты нығайту.

Жарыстың міндеті:

  • Ата-ана мен мектеп арасындағы қарым-қатынасты нығайту;
  • Ата-аналар арасындағы ынтымақтастықты, ауызбіршілікті арттыру;

Өтетін орны: Қ.Жұбанов атындағы АқтМӨУ «№2 Спорт алаңы».

Ұйымдастырушы:  Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаты

16 желтоқсанҚонақтарды қарсы алу, жатақханаға орналастыру
17 желтоқсан

10.00

Спартакиаданың ашылу салтанаты
10.30Спорттық сайыстардың  басталуы
12.00-14.00Түскі ас
17.00Жабылу салтанаты
  • Кіріспе (жүргізуші сөзі)
  • Командаларды таныстыру
  • Құттықтау сөз
    1. Лицей директоры
    2. Ата-аналар комитеті төрағасы
    3. Директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары

4) Музыкалық номер

5) Сайыс ережесімен таныстыру (бас төреші)

Салтанатты ашылу бағдарламасы

Жүргізуші:  Қайырлы күн қадрменді қонақтар, ата-аналар және ұстаздар! Батыс аймақтық «Білім-инновация» лицейлері ата-аналары арасындағы «Достық» спартакиадасының ашылу салтанатына қош келдіңіздер!

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні

Жүргізуші:   Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай ұйымдастырылып отырған бүгінгі «Достық» спартакиадасы «Білім-инновация» лицейлері арасындағы дәстүрге айналған игілікті іс-шара. Ата-аналар арасындағы ынтымақтастықты нығайту, ел болашағы – жас ұрпаққа салауатты өмір үлгісін іс жүзінде көрсету спартакиаданың негізгі мақсаты. Кезекті спорт ойындарын өткізу биыл Ақтөбе «Білім-инновация» лицейінің еншісінде. Аталмыш спорт сайыстарына бүгін батыс өңірлік аймақтардан барлығы 8  команда қатысып отыр.

Олар:

  1. Атырау «Білім-инновация» ерлер лицейі.
  2. Атырау «Білім-инновация» қыздар лицейі.
  3. Орал «Білім-инновация» ерлер лицейі.
  4. Ақтау «Білім-инновация» ерлер лицейі.
  5. Жаңаөзен «Білім-инновация» ерлер лицейі.
  6. Құлсары «Білім-инновация» ерлер лицейі.
  7. Орал «Дарын» қазақ мектебі.
  8. Ақтөбе «Білім-инновация» ерлер лицейі.

Олар спорт сайыстарының волейбол, үстел теннисі және шахмат ойындары бойынша бәсекеге түспек!

Қадірменді Батыс аймақтық лицейлері арасындағы спорт саласының белсенді ата-аналар қауымы! Құтты мекен Ақтөбе өлкесіне қош келдіңіздер!

Алғашқы құттықтау сөз Ақтөбе «Білім-инновация» лицей директоры Құралбаев Қуаныш Нұрланұлына беріледі!

Жүргізуші:    Күй, сені тәтті көрем, жаным сүйіп,

Тыңдаймын тыным алмай, жанып – күйіп

Өмірдің сырын ашып жүрегіме

Музаның әміріне басымды иіп.

Дәулеткерейдің күйі  «Көроғлы» орындайтын  Ақтөбе «Білім-инновация»  лицейінің «Домбыра дастан» үйірмесінің оқушылары!

Жүргізуші:   Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ерте заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете оты­рып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сенім­мен бет алуын қалаймын-деген болатын. Бұл тұрғыда болашаққа бағдардың бір қыры салауатты өмір салтын қалыптастыру болмақ! «Білім-инновация» лицейлері арасындағы бүгінгідей іргелі іс болашаққа сеніммен бет алудың қадамы ретінде орны ерекше!

Келесі құттықтау сөз   ата-аналар комитеті атынан  Абашев  Руслан ағайға беріледі!

Жүргізуші: Елбасымыз биылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арыттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Өңірлік деңгейдегі резервтерді тауып, бұқаралық спорт пен дене шынықтырудың қолжетімділігін арттыру қажет» — деп атап өтті. Межелі мақсаттың міндетті орындалуы шеңберінде Батыс аймақтық «Білім-инновация» лицейлері арасындағы бүгінгідей спорттық шаралар шеңберімен Мемлекет басшысының  тапсырмасының жүзеге асуына қосар үлесіміз болмақ!

Келесі құттықтау сөз  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мухамадиев Мейрам Жолдыбайұлына беріледі!

Жүргізуші:

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,

Кеңейттім кең әлемге керегемді.

Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар

Таныды тепе — тең деп тереземді.

Қазақпын, қойнауы — құт, жері — дархан,

Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.

«Жаса қазағым»   әнін лицейіміздің 7 класс оқушысы   Ордухан Азиз тарту  етеді! Қабыл алыңыздар!

Қымбатты қонақтар және спартакиадаға қатысушылар! Спартакиада барысындағы волейбол, үстел теннисі және шахмат ойындарының ережелерімен таныстыру үшін ортаға бас төрешіні шақырамыз.

Жүргізуші:    Қадрменді қонақтар, ата-аналар және ұстаздар! Батыс аймақтық «Білім-инновация» лицейлері ата-аналары арасындағы «Достық» спартакиадасын бастауға рұқсат етіңіздер! Спартакиада қатысушылары сайыста сәттіліктер серіктеріңіз болсын!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.