Home » Жаңалықтар » Құндылықтар-отбасы бақытының негізі

Құндылықтар-отбасы бақытының негізі

Бейсембаева Бибигуль Адигуловна
Алматы қаласы, Бостандық ауданы
№40 жалпы білім беретін мектеп


Алматы қаласы, Бостандық ауданы 40 жалпы білім беретін мектепте 10 сәуір күні Даналық мектебі аясында «Құндылықтар-отбасы бақытының негізі» атты кездесу кеші өтті.
Кездесуге Бостандық ауданының ардагерлер алқасы мүшелері келіп қатысты. Кездесуді ұйымдастырған қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі 9 сынып жетекшісі Сапархан Нурай Мырзабекқызы.                                                                                                                                     Кездесудің мақсаты: Қазақ баласының ішкі жан дүниесін байытуға, ұлттық санасының қалыптасуына, бала шығармашылығының шыңдалуына үлес қосқан аудан ардагерлерінің өнегелі әңгімелері арқылы балалардың бойына адами құндылықтарды дарыту. Отбасылық құндылықтар отбасы ішіндегі салауатты және бақытты қарым-қатынастың негізін құрайды. Құндылықтар үйлесімділікті, сенім мен сыйластықты қалыптастыруға, сондай-ақ жеке тұлғалардың дамуына және отбасы мүшелері арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді. Шексіз сүйіспеншілік, құрмет, сенім, жауапкершілік және білімге деген ұмтылыс отбасына қиындықтарды жеңуге және бірге бақытты, тұрақты өмірге қол жеткізуге көмектесетін негізгі принциптер болып табылады.                                                                                     

Қазақ халқы үшін еңбек етіп жүрген, оқушыларымызға берері мол, айтары көп, әрбір  сөздерінен тәлім-тәрбие алсын деп арнайы кездесуге шақырылған  Бостандық ауданының ардагер кеңесінің төрайымы Беспаева  Асен  Сулейманқызы бастаған ардагерлер алқасы үштік одаққа айтары өнегелі сөздерімен отбасылық құндылықтармен бөлісті. Әңгіме барысында ардагерлер кеңесінің тұрақты комиссиясының төрағасы Абилханов Рахым, әжелер алқасының төрайымы Орынбекова Тамаша, «Қазақ аналары – дәстүрге жол»  ұйымның төрайымы Күләш апай  отбасылық құндылықтар қоғамның негізгі құрамдас бөлігі болып табылады және мәдениет пен адамгершілікті қасиетті қалыптастыруда маңызды рөл атқарадыұндылықтар отбасы ішіндегі қарым-қатынас пен отбасы мүшелерінің өзара байланысын реттейтін принциптер, сенімдер мен нормалар жиынтығы деуге болады деп кеш тақырыбы бойынша атаанамен оқушылармен ойларын бөлісті.                                                                              

Отбасы құндылықтары бала тәрбиесінен бастап ересек отбасы мүшелерінің қолдауы мен құрметіне дейінгі барлық дүниеден көрінеді.Отбасында қоғамымызға жарамды мығым тәрбие беру арқылы, мемлекетіміздің дамып-өркендеуіне өз үлестеріңізді  қоса беріңіздер. Қалың жұрттың қаймағы бұзылмай, қазақ отбасының шаңырағы шайқалмай, алтын күн аспанында елдік туымыз мәңгі желбіреп, асыл мұраттарға жетелеген айбынды үніміз асқақтай берсін деп өздерінің игі тілектерін білдірді.                                                                       Отбасы құндылықтарының бірі – жанұядағы адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен қамқорлығы, махаббаты. Отбасының негізін, шындығында, махаббат сезімі құрайды. Бұл дегеніміз отбасы мүшелерінің бір-біріне көңіл бөлуі, қамқорлық жасауы, қолдау көрсетуі және отбасы мүшесін қандай кемшілігімен болса да қабылдай білу. Махаббат бар жерде өзара үйлесімділік, эмоционалды күшті байланыс, әрі бақытты отбасы болуға деген ұмтылыс болады.                                                                                                                                                Құрмет көрсету,сыйластық – әр отбасы мүшесін жеке тұлға ретінде мойындау, олардың пікірлерін, тілектері мен қажеттіліктеріне құрметпен қарауды қамтиды. Сыйластық бағаланатын отбасында ашық диалог болады. Ондай отбасы өзара түсінісіп, адамның ерекшелігін, айырмашылығын қабылдай біледі. Әрбір отбасы мүшесінің жеке шекарасын, мәдени және діни дәстүрлерін құрметтеу – сенімді қарым-қатынас орнатуға және бірлікті нығайтуға ықпал етеді деп оқушылардың әжелеріде ойларын ортаға салды.                                   Сенім – бұл отбасылық үйлесімділікті сақтауда маңызды рөл атқаратын үшінші отбасылық құндылық болып саналады. Бұл – отбасының әрбір мүшесі басқа мүшелердің қолдауы мен оны ешқашан жолда тасмайтынына сене алатынын білдіреді. Сенім бар жерде  адамдар өз ойлары мен сезімдерін ашық білдіре алады деген сөз, яғни қауіпсіздік атмосферасын құрылады. Сенім, сонымен қатар, эмоционалды байланыстың дамуына ықпал етеді әрі кикілжіңдерді бейбіт түрде ақылға салып шешуге көмектеседі.                                                            Бақытты отбасына байланысты тағы бір құндылықтың бірі – жауапкершілік. Жауапкершілік әр отбасы мүшесінің отбасы өміріне өзара қатысуы мен қосқан үлесінен тұрады. Бұл өз міндеттерін орындауды, басқа отбасы мүшелеріне көмектесуді және олардың шешімдері мен әрекеттері үшін жауапкершілікті қабылдауды қамтиды. Жауапкершілік отбасы ішіндегі сенімділік пен меншік сезімін дамытуға ықпал етеді. Білім мен дамуды қатар алып жүру де  маңызды отбасылық құндылықтар болып табылады. Білімді бағалайтын отбасы өз балаларын немесе басқа мүшелерін үнемі оқытуға және дамытуға баса назар аударады. Білімге ұмтылуын, мектептер мен университеттерге баруын және білім беру процестеріне белсенді қатысуын ынталандырады. Білім отбасының әр мүшесінің жеке дамуына ғана емес, сонымен бірге өмір сапасын жақсартуға көмектеседі.                                                                             Жалпы, отбасылық құндылықтар отбасы ішіндегі салауатты және бақытты қарым-қатынастың негізін құрайды. Құндылықтар үйлесімділікті, сенім мен сыйластықты қалыптастыруға, сондай-ақ жеке тұлғалардың дамуына және отбасы мүшелері арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді. Шексіз сүйіспеншілік, құрмет, сенім, жауапкершілік және білімге деген ұмтылыс отбасына қиындықтарды жеңуге және бірге бақытты, тұрақты өмірге қол жеткізуге көмектесетін негізгі принциптер болып табылады.                                                   Міне осындай принциптерге негізделген отбасы тату, кикілжіңді бірге отырып шешетін, психологиялық тұрғыда сау азаматтарды өсіріп шығарады. Бұл мемлекетіміз үшін аса маңызды дүние. Өз халқымыздың тарихы тұрғысынан қарайтын болсақ, қазақта үлкенге құрмет, кішіге ізет о бастан дәріптеліп, отбасының бұзылуына көп күш салған. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» дегендей, отбасында әке мен шешенің жанжалын көріп өткен бала, азамат болғанда өзі көрген отбасын құратын болады. Мұны психолог мамандар да растайды. Ата-анасы тату, айрандай ұйыған отбасында тәрбие көрген баланың бойына отбасылық құндылықтар сіңіп, жанұя деген түсінікті маңызы зор, қасиетті ұғым деп қабылдамақ. Сондықтан қоғам тарапынан құру ғана емес, мемлекет тарапынан да ұлттық құндылықтарға  назар аударылғаны дұрыс.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.