Home » Ашық сабақтар » «Толағай»  отбасылар сайысы.

«Толағай»  отбасылар сайысы.

 Ақмола облысы, Бурабай ауданы
МКҚК «Ақбота» бөбекжайының
 ІІ санатты тәрбиешісі
Ибраева Саягуль Мукановна

Мақсаты:
          Балаларға салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтырудың адам денсаулығына пайдасы туралы түсіндіру, балабақшамен ата-ана арасында жақсы қарым- қатынас орнату және ата-аналардың, дене шынықтырумен жиі айналысу. Ширату жаттығуларды орындауға жаттықтыру. Жарыс ойындарына қызығушылықтарын тудыру және бір-біріне деген достық қарым- қатынастарын орнату.

Керекті  құралдар:  шарлар,  секіртпе,  кегли, самокат, қаптар, құрсаулар, кішірек доптар.

Барысы:   Құрметті   ата-аналар,  әріптестер, балалар  бүгінгі «Толағай»   отбасылық   спорттық  эстафеталық   сайысымызға  қош келдіңіздер.   Ендеше   ортамызға   сайысқа   қатысатын   отбасыларымызды  шақырайық.

«Әнұран» шырқалады

Жүргізуші:

Бөбекжайда  бүгін   басталған.

Дайын   бол  жарысқа.

Жүгір,  секір,  қалыспа.

Бір — бірінен  жарыста.

Командалар музыка әуенімен шығады.

Бүгінгі  сайыстарыңызға  сәттілік  тілейміз.

Ақ көңілмен, ниетпен

Әділдігін айтсын деп.

Шаршамай еш жалықпай

Айтқанына көндік  деп

Сарапшылар  алқасын

Сайлап алсақ  жөн болар.

             Сарапшылар алқасын таныстыру

Жүргізуші:

Ендеше әр отбасы  өздерін таныстырып  өтсін.

Бүгінгі жарысымызға қатысушылар:

1 Анасы

2 Әкесі

3 Ұлы

4 Қызы

Биік тауға  жарасар

Басындағы обасы.

Бүгінгі сайысқа жарасар

Бастаса  оны ел ағасы.

Амансызба халқым деп,

Қазақы дәстүр салтым деп,

Тұтқасы болған отбасының

Үлгі еттік әке тәрбиесін

 Қатысушылар   ширату   жаттығулар   жасау.

Әр топ өз  жеңіс  мәресіне  жету  үшін    бірнеше  кезеңнен  өтуі   керек

Сайысымыз  6 кезеңнен тұрады.

1)Кезең     «Секіртпемен   секіру»

2) Кезең     «Құлатпай  алып өт»

3) Кезең     «Кім ұқыпты  »  кішірек  доптар.

4) Кезең     «Кім жыдлдам?»

5 ) Кезең     «Ең  шапшаң  отбасы»

6). Кезең    «Шарлар   сайысы»

1.Команданың  аты,  ұраны,  эмблемасы .

Әр команда өз эмблемасымен, топ атымен және девизімен таныстырады.

Командалар:

    «Қыран» командасы-

Команда ұраны: Ұшақтан да ұшқырмыз,

Желден озған жүйрікпіз.

Жарысуға сендермен

Келіп тұрған мықтымыз!

     «Бәйтерек» командасы-

Команда ұраны: Бәйтеректей биікпіз,

Отбасына берікпіз

Шынығып, мықты болып,

Салауатты өмір сүреміз!

Жүргізуші:

Еңбектену  жалықпау,

Біреу  озса  сайыста

Біреу  артта  қалады,

Жеңілгендер  реңжімей,

Алға  озып  шығады.

Ойын   шарттары:

I   «Секіртпемен   секіру»

Секіртпемен  кегли  арасымен  секіре жүгіру.  Бірінші келген топ  жеңімпаз  болады.

  1. «Құлатпай алып өт»

Баламен   бірге  кегли    таяқшаларынан  секіре  өту  (30-50 см)

II     «Кім ұқыпты?»  кішірек  доптар.

Ойыншық  қасықтарға кішірек  доптарды   салып, белгілі  межеге  дейің  апарып, қайтып оралу.

IV  «Кім жылдам?»

Қос  аяқпен   қап  ішіне  кіріп   ата- аналардың  жүруі.

V  «Ең  шапшаң  отбасы»

Бірінші  шығыршық   ішіндегі  кішкене  доптарды, екінші шығыршыққа   отбасымен  бірге  жинап, апару.

  1. «Шарлар сайысы»

Отбасымен  шарды  жармай  үрлей  білуі.

Әділқазылар алқасының бағаларын білу

Сергіту сәті:   «Көңілді  күн»  ата аналармен және балалармен

Қорытынды:  Таңданайық,  спортқа   тамсанайық, бәрімізде   қосылып  қол соғайық.   Шабыттансын   көңілдері ,    көтерілсін   сайыскерлерді   мадақтап  қол  соғайық! – дей  келе,-  эстафеталық  сайысымыздың  аяқталар   сәтіне  де  келіп  жеттік.  Бүгінгі   сайыскер   отбасыларын   мадақтайық.  Сіздерге   сайысымызға   келгендеріңізге  көп рахмет  сау болып  тұрыңыздар

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.