Елімізде мектепке дейінгі білім берудің жаңа моделі әзірленеді. Оны енгізу жаңа оқу жылынан басталады. Бұл жайлы Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.
Оның сөзіншке, бұл үшін «Ойын арқылы оқыту» қағидаты негізінде мемлекеттік стандартқа өзгерістер енгізіледі. Тәрбиешілерді даярлау, біліктілігін арттыру жүйесі және бағдарламалар жаңарады. Сонымен бірге енгізілетін Ваучерлік қаржыландыру тетігі де балабақшалардың бәсекелестігін арттыру арқылы білім сапасына да оң өзгеріс әкелетіні анық.
АсхатАаймағамбетов балабақшалармен қамту мәселесіне тоқталды. Ол келтірген деректерге сүйенсе, қазіргі таңда 3 пен 6 жастағы балаларды қамту көрсеткіші 98,8 пайызға дейін жетті. Бірақ, 2-ден 6 жасқа дейінгі балаларды қамту деңгейі әлі көңіл кқншітпейді, 71%-ды ғана құрайды. «Сондықтан біз енді ерте жастағы, яғни 2 мен 6 жастағы балаларды қамту міндетін басты назарға қойып отырмыз. Осы жастағы балалар үшін ең көп кезек бүгінде Алматы, Түркістан, Маңғыстау облыстары мен Алматы, Шымкент қалаларында. Мақсат – 2025 жылға қарай 2-6 жастағы балаларды қамтуды 95%-ға, ал 3-6 жастағы балаларды қамтуды 100 пайызға жеткізу. Ол үшін біз жеке меншік балабақшалар желісін одан әрі дамыту, ваучерлік қаржыландыруды, сонымен қатар әлеуметтік тәрбиеші институтын енгізу тетіктерін кеңінен қолданамыз. Сәйкесінше әкімдіктерден мемлекеттік тапсырыс мөлшерін нормативке сай төлеу мәселесін шешулерін сұраймын. Өйткені олсыз жаңа орындар ашу мүмкін болмайды», — дейді министр.