Алматы қаласының Білім басқармасы, Білім және Ғылым министрлігімен Отбасылық Тәрбиелеу Институтының ұйымдастыруымен Жетісу ауданы «102 ЖББМ» КММ-де «10-11 сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек» атты республикалық ата-аналар конференциясы өтті. Конференцияға 10-11 сынып оқушыларының ата-аналары қатысты.
Конференцияның міндеті – отбасы мен мектеп ынтымақтастығының берік іргетасын қалау. Ата-аналардың педагогикалық біліктіліктерін арттыру.
Балалардың өздері және олардың ата-аналары үшін өмірдегі жаңа, маңызды кезең басталды. Мектепте білім алған жылдар–бұл жеке тұлғаның қалыптасуындағы, оның орасан зор білім мен дағдыларды игеруіндегі, оның азаматтық ұстаным қалыптастыруындағы басты уақыт. Ата-ананың педагогикалық мәдениретін арттыру.
Конференцияны «Білім айнасы» республикалық ғылыми-әдістемелік газет-журнал тілшісі Бағашар Жадыра Жұмаділқызы игі тілектермен ашып берді. Мектеп директоры ҚР «Құрметті ұстазы», ҚР «Білім беру ісінің үздігі» Кержикеева Данагүл Рысбайқызы конференцияның мақсат-міндеттерімен таныстырып өтті.
Конференцияда мектеп психологтары Базарғалиева Н.Ә., Жұмабекова А.Е. және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ауэлбекова Г.У. бірлікте ата-аналарға ынтымақтастықта бала тәрбиесін қолға алуға кеңестер берді және ата-аналардың алдағы уақытта балалармен жұмысына психологиялық көмек көрсетті.
Барлық ата-аналарға бала тәрбиесі үшін конференцияның маңызы ерекше болды. Конференция барысында ата-аналарда мектеппен ынтымақтастықта болудың маңыздылығы және сыныптан тыс жұмыс бойынша іс-шараларға белсенді қатысуға деген сенім орнады.
Ата-аналар конференция соңында мектеп ұжымына және ұйымдастырушыларға өз алғыстарын жазып кетті.
Мұндай жиындар көптеген мәселелерді шешуге көмектесетіні анық. Бірыңғай республикалық ата-аналар конференциясының дәстүрлі жиналыстан ерекшелігі – бұл жас ұрпақты инновациялық білімдермен және отбасылық тәрбиелеу әдістерімен оқытуға бағытталған және түрлі тақырыптады қамтитын жаңа формат.
ДТІЖО Ауэлбекова Гавхар Умурбековна