Home » ІЗГІ ҚАДАМ » «ІЗГІ ҚАДАМ» — Әсел Жаңабайқызымен

«ІЗГІ ҚАДАМ» — Әсел Жаңабайқызымен

Іс сапармен Жезқазған қаласында болдым. «Бір» деген қашанда жақсы ғой, № 1 қалалық мектебіне кірдім. Мектеп директоры жиналыста екен. Мазаламайын деген ниетпен дәліздегі қабырға суреттерімен таныса бастадым. Сырт киімімді қолыма асып алғанмын.

Сырттан келгенімді сезді ме, бөтен адам екенімді білді ме? Қасыма келіп «сәлеметсіз бе, сізге қандай көмегім керек болуы мүмкін» деді. Жалт қарадым. Кішірек бойлы, аққұба, қыр мұрынды, нағыз оймақ көздің өзі екен. Амандастым.
Күлімдеп тұр. Білімі мен мәдениеті ұштасқан тұлға. Жас та болса әдеп пен жақсы әдеттің иесі деп қабылдадым.

Кім екеніңді білмесе де, жылы ілтипат көрсете білген адамның өзі де құрметке лайық.

Бұл кісі №1 мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жылқыбаева Әсел Жаңабайқызы екен. Директорды тосып тұрғанымды айтып, жақсы ықыласына рақметімді айттым.

Сіздерді білмедім, менің ойымша ұстаз тарапынан жасалған «ізгі қадам». Ізгі іске бір ауыз сөз айтпау не жазбау біздерге сын болар еді.

Республикалық «BILIM AINASY» жобаларының негізін қалаушы, ‘ҚАЗАҚ ТІЛІ: шашу» оқу-танымдық кешен авторы, журналист Қуантай Амантайұлы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.