Home » АГРО БІЛІМ » Қарапайым оқушыдан қажетті маманға дейін!

Қарапайым оқушыдан қажетті маманға дейін!

Қарапайым оқушыдан қажетті маманға дейін!

Елбасы Н. Ә. Назарбаев айтқандай, қаржы дағдарысының салдарынан азық-түлік дағдарысы орын алуы мүмкін және күрделі кезеңді табысты еңсеру үшін Қазақстанның бүгінгі күні қолға алған іс-қимылдарының дер кезінде және сенімді болуы маңызды екенін атап өтті.
Короновирустың салдары халықтың ұтқырлығының төмендеуіне әсер етті, тауарлар мен қызметтердің саудасын қиындатты, жаһандық шикізат нарықтарында құбылмалылық тудырды, жалпы экономиканың тұрақты дамуы үшін тәуекелдер пайда болды.
Пандемия тек білім беру кеңістігіне ғана емес, сонымен қатар түбегейлі өзгерістер күтіліп отырған еңбек нарығына да әсер етті. Орын алып жатқан жағдайлар көрсеткендей, ауыл шаруашылығы біздің экономикамыздың дамуының қозғаушы күші болуы тиіс екеніне көз жеткізді.
Алайда, ауыл шаруашылығының одан әрі тұрақты дамуын тежейтін негізгі проблемалардың бірі мамандардың жетіспеушілігі болып табылады. Бұл тұрғыда аграрлық университеттердің рөлін күшейту үлкен стратегиялық мәнге ие.
Мысалы, еліміздің ең үздік жоғары оқу орындарының бірі – С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті. көптеген жылдар бойы ауыл шаруашылығының барлық салалары мен еңбек нарығында сұранысқа ие басқа да салалар бойынша бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда.
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті ауыл шаруашылығы бағытындағы білім беру бағдарламаларының сапасы бойынша «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының рейтингісі бойынша 1-орында, Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингісінде 3-орында, Қазақстанның ЖОО арасында берілетін мемлекеттік білім гранттарының саны бойынша 5-орында орналасқан.
«Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының мәліметтеріне сәйкес, ең көп бос жұмыс орындары бар мамандықтар – агрономдар, инженер-сметчиктер, инженер-жобалаушылар, жарнама жөніндегі менеджерлер, жабдықтау менеджерлері, бухгалтерлер, экономистер, психологтар, жалпы тәжірибе дәрігерлері. Ауыл шаруашылық мамандары бойынша көп сұраныстар байқалуда.
Университеттің серіктестерінің ішінде әлемнің 215 жетекші зерттеу университеттері мен ғылыми орталықтары бар, атап айтқанда Дэвис қаласындағы Калифорния университеті (АҚШ), АгроПарижТех (Франция) және т.б.
Бүгінгі таңда білім алушылар тек қана теориялық білім емес, сонымен қатар практикалық дағдыларға да ие болуы, дербес зерттеулер жасау үшін мүмкіндіктерге қол жеткізуі маңызды, осыған байланысты университет базасында ГИС-технологиялар Орталығы, жасанды интеллект орталығы, Ветеринарлық клиника және биотехнологияның ғылыми-зерттеу институты құрылып, табысты жұмыс істеуде.
Сондай-ақ ет өнімдерін, сүт және өсімдік майын қайта өңдеу бойынша тәжірибелік-өндірістік цехтары бар, студенттер өз инновациялық өнімдерін өндіре алатын оқу-өндірістік шағын наубайхана жұмыс істейді. Университет меншігінде далалық ауыл шаруашылығы жұмыстарының ғылыми-тәжірибелік кампусы да бар.
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің тағы бір басым бағыттарының бірі – аграрлық сала үшін экономистер дайындау болып табылады. Өйткені, мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы немесе балық шаруашылығы болсын, кез келген саладағы қызметті қамтамасыз ету үшін барлық жерде аналитикалық құрамдауыш қажет. Ал бұл аграрлық саладағы экономистердің қызмет ету саласы. Мықты бухгалтер, менеджер, экономист жұмыс берушілер тарапынан әрқашан сұранысқа ие. Мысалы, есеп және аудит мамандығы бойынша біздің бітірушілердің 89,2%-ы және менеджмент мамандығы бойынша 87,2%-ы оқуды аяқтаған бойда алғашқы үш айда жұмысқа орналасады.
Университет өз студенттеріне үнемі қамқорлық жасап отырады және оқуға, тұруға және бос уақыттарын өткізуге, білім алушылар арасында болашақта кәсібиге айналатын берік достық байланыстарын қалыптастыруға барынша қолайлы жағдай жасайды.
Студенттер қалашығы 8 студенттік жатақхана, студенттік емхана, төмен бағамен сатылатын студенттерге арналған дәріхана мен әлеуметтік дүкенді қамтитын біріккен бірыңғай кампустық желі болып табылады. «Бурабай» курорттық аймағында оқу-сауықтыру кешені бар.
Құрметті талапкер! Біздің университетке оқуға түскеннен кейін сіз өзіңіздің аналитикалық, зерттеу және басқару дағдыларыңызды дамытуға, бизнес қажеттілігін ескере отырып, түрлі жобаларды орындауға, ағылшын тілін үнемі жетілдіруге, шетелдік серіктес ЖОО-да семестрлік тегін оқуды ұтып алуға және кәсіби даму үшін басқа да мүмкіндіктерді алуға мүмкіндік аласыз!
Барлық мектеп бітірушілерге ҰБТ-ны табысты тапсырып, өз арманыңдағы университетке оқуға түсуге тілектеспіз!
Авторлары:
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің
экономика факультетінің деканы Серік Канатұлы Айтхожин,

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің
«Қаржы» кафедрасының э.ғ.к., аға оқытушысы Кеңес Гүлжиһан Кеңесқызы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.

css.php