Омарова Гульфан Омаровна
Астана қаласы
ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебінің
жатақхана тәрбиешісі
Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, отансүйгіштікке, өзінен кішіге қамқорлық жасауға бағыттау.
Құндылықтарды дамыту
Ұйымдастыру кезеңі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, талдау.
Көрнекі құралдар: Слайд, мақал-мәтелдер, суреттер
Тәрбие сағатының барысы:
Қазақ халқы ертеден адамгершілікті, мейірімділікті, қайырымдылықты, жоғары бағалай білген. Отбасында баланы кішіпейілділікке, ізеттілікке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеуді мақсат еткен. Адамның адамгершілік, саналылық дәрежесі оның тәртібі мен іс — әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәлелденген. Адамгершілікке тәрбиелеу баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына қатынасын қалыптастыруды көздейді. Адамның бойынан адамгершілік қасиеттер табылса, әрине сымбатты, парасатты көрінеді. Өзін ғана ойлаған — Ал, адамгершілік дегеніміз не? Мұның жауабы, әрине, адам бойындағы асыл қасиеттерді айтамыз. Демек, асыл қасиетіміз – еңбек сүйгіштік, достық, әдептілік, көмек беру, қоғамға қызмет ету, инабаттылық, имандылық, елін, жерін сүю, кішіпейілділік. Яғни, адам бойында осы қасиеттер жоғары тұрса, ол адамның адамгершілігі жоғары болмақ. |
Сау болыңыздар!