Ішімдіктің иісі…
Шортанды елді мекеніне кіріп келеміз. Мұржалардан ұйқысын енді ашқандай, бірі асығып, бірі баяу шыққан түтіндер көрінбейтін қанат таққандай қалқып әуеге самғайды. Бірең-саран қозғалған көлікті айтпасақ, ауыл мүлгіп тұр. Ұзынынан жатқан, (қателеспесем) Ахмет Байтұрсынұлы көшесі. Оны қақ жарып бір кісі аяңдап барады. Сырғып келіп қасына тоқтай қалдым. Ол кісі де әй-шайға қарамастан көлікке секіріп мінді. Көліктің ішіне «мүңк» етіп шарап иісі кірді. Ауылда өмір осылай ма еді? Әкімшілікті сұрадым. Ол сонда бара жатқанын айтты.
Рақметін айтып жөніне кетті. Баяу басып әкімдікке кірдім. Барлық мекемелерде тұратындай бұл жерде де «күзет». Кей жердегідей емес сыпайы. Кімге келгенімді сұрап. Сырт киіміміді шешіп кіруімді өтінді. Екінші қабатқа көтерілсем мен келген Шортанды ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Қыздарбекұлының қабылдауында төрт-бес кісі тізіліп тұр.
Білім бөлімінің басшысы Әділ Мақсатұлы да сол жерге келе қалды. Әңгімеміз екі ауыз сөзбен аяқталды. Шортанды ауданының көлемінде Республикаға үлгі ретінде көрсететін оқушылар мен ұздаздар барлығы бізді де қуантты. Шортанды елді мекенімен таныстық осылай басталды. Болашақта жеке-жеке балабақшалар мен мектептерді аралай жүріп, ата-аналармен сұхбаттаса отырып білім мен тәрбиенің кеңістігінде сөз қозғайтын боламыз…
Туған жеріне туын тіккен азамат
Көк дөненге қайта міндік. Бағыт Ақкөл ауданы. Аудан әкімінің орынбасары ісіне мығым болып сезілді. Олай дейтінім арнайы қоңырау шалып, шұғыл жұмыстармен Көкшетауға шығып бара жатқанын, кешірім сұрап, аудан білім бөлімінің басшысына тапсырғанын, сауалдарыма ол кісі жауап беретінін айтты. Айтқандай Келешек Қуандықұлы күтіп отыр екен. Амандық саулықтан соң, «туған жеріне туын тігіп» еңбегін сіңіріп, аты қалған Жайық Кегенұлы Бектұров атындағы № 3 орта мектебіне аттандық. Ұстаздармен кездесіп, жұмыс жоспары, ата-ана бірлестігі, тәжірибе алмасу тәсілдері т.с құзіреттілігіне байланысты әңгіме өрбіттік. Жаңалыққа жаны құмар, жетістігі мен жаңашылдығын жарыса айтқысы келген ұстаздардың легін байқадым. Жайық Кегенұлының музейіне кіріп ол кісінің өмірбаянымен танысп, атпал азаматтың ісіне қанық болдық. Директор болғанына ай толмаған жап-жаңа оқу орнының басшысы Нұрова Динара Шаймерденқызына сәттілік тілеп, сапарға тағы аттандық. Келесі бағыт. Бұланды ауданы болатын.
«Ауылдасының жанында жүр…»
Қоңырау шалдым. Даусында аздап ғыжылы бар, өмір көріп, талай ауыртпалықты мойнында арқалап жүрген кісіні елестетім. Кездесетін жерді уағдаластық.
Айтқан жерде кездестік мен елестеткендей жуан, астына жип мінген кісі емес ладемен келді. Көлігінен түсті де менің жаныма жайғасты. Бұланды ауданының әкімінің орынбасары Ораз Қайыркенұлы өте қарапайым көрінді. Өзі жол керсете отырып, білім бөліміне жеттік. Көліктен түсіп, жүріп келеміз. Үлкенде, кіші де амандасып, кейбір кісілер сұрақтарын қойып сол жерде жауаптарын да алып жатыр. Асығыңқырап тұрсамда, сыр бермей, ерігіп жүрген адамдай әкім орынбасарының жұмысына сүйсініп жан – жағыма қарап тұра бердім. Ішке кіргенде де сол әрекет қайталанды. Білім бөлімінің басшысы жоқ екен, міндетін атқарушы кісі де ауырып ем алу демалысына шыққан. Біз ептеп басып әдістемелік кабинетінің меңгерушісіне бардық. Мені Жанар Жансерікқызымен таныстырды. Сол жерден ауылдастарының жанында жүрген жылы жүректті азамат Ораз Қайыркенұлымен жылы қоштастық.
Бұланды ауданында 34 оқу орны, оның 18-і орта, 7-еуі негізгі, 9-ы бастауыш мектеп. Сол мектептерде 1 мен 11 сыныптарда 4694 бала білім алуда. Аудан оқушыларына 784 ұстаз білім береді, Ол ұстаздарға аудандық әдістемелік орталығында 8 кісі әдістемелік көмек беруде. Әдістемелік кабинетінің меңгерушісін ертіп алып Бұланды ауданынының шағын ғана Макинка қаласында орналасқан №4 мектеп-лицейіне бардық. Мектеп директоры Анар Еслямбекқызы өзі тосып алды. Нағыз іскер, сөзі мен атқарған ісі үндесіп жатыр. Асыға басып мектептің барлық жерін аралап шықтық. Терабайттаған жаңалықтарды басыма сиғыза алмай әлек болдым. Ол кісінің жұмыстары да бітер емес. Мұрайжайға кірдік. Менің миыма жаңағана орналастырған ақпараттардай бұл жерде асыл бұйымдар мен ескінің көзі болған естеліктер толып тұр. Тіпті бір қойма дерсің. Бөлек бір мақалаға сұранғандай.
Кеңесу залында 9 сынып ата-аналары мен ұстаздары биылға мемлекеттік атестаттау жайын талқылап жатыр. Ата-аналарға байыппен бір қарадым. Жүздерінен ешқандай реніш не ашу легін байқамадым. Оны ұстаздармен аралас-құраласы жақсы, бірлестік жұмыстарының жанданып тұрғаны деп түсіндім.
Газетке жазылмаймыз
Іңір түсе Щучинск қаласына кірдік. Кеш болсада іштей ұялғандай болдық. Деседе. Қоңырау шалып ертеңгі кездесуді кеңесу үшін Бурабай ауданы әкімінің орынбасары Малика (Марфуға) Боранбайқызына қоңырау шалдым.
Таңғы 9:00 де келіскен уақыт, келіскен жер. Іште әкім орынбасары мен бурабай ауданының білім бөлімінің басшысы Жангелді Мейрамұлы тосып отыр екен. Кіре өзімді таныстырып, Бурабай ауданының білім саласына Республика көлемінде ақпараттық қолдау көрсетіп, өз тарапымнан ынтымақтастық орнату үшін келгенімді айттым. Малика Боранбайқызы тыңдап отырды. Жангелді Мейрамұлы кезегі келгенде «газетке жазылым жүргізе алмайтынын, ауданда ондай міндеттеу жоқ» екенін айтып ақталғандай және болашақта біз де ондай қолқа салмауымыз жайында ептеп жеткізгендей болды. Ол кісінікі де дұрыс. Әкім орынбасары жай ғана жымиды. Бір – бірімізді түсіндік. Менде жазылым үшін келмеген едім.
Бурабай ауданына қарасты Щучинск қаласында орналасқан №7 мектеп-лицейінің оқу ісі жөніндегі орынбасары Зауре Сегізбайқызымен өз мектебінде жолықтық. Өзін-өзі тану сабағында отырған 11 сынып оқушыларымен кездестік. Мамандық жайында әңгімелесу кеш болсада шамалы әңгімеге тарттым. Көбісі мамандық таңдап қойғандай болып көрінді. Көбінен азы әлі толқымалы ойда жүргендерін жасырмады. Оқу орнының директоры Дамир Чоқанұлы оқуда болса да, мектептің тазалығы мен тәрбиесі қалыпты жағдайда тұрған лицейдің бірлестік жетекшілерімен жолығуды жөн санадым. Бірлестік апталықтары, ашық сабақтары мен сыныптан тыс жұмыстарын, тәрбиелік, рухани атқарылған жұмыстары жайында тілдестік.
Мектепке дейінгі мекмелерді тыс қалдырмайқ деген оймен «Ақбота» балабақшасына бас сұқтым. Меңгерушісі Бақыт Асылбекқызы мен әдіскері Меруерт Джексенбекқызы орнында екен. Тәжірибе алмасу үдерісі жайында әңгіме өрбіттік. Балабақша демесеңіз газет журналдарға материалдарын шығарып, білім саласымен жұмыс жасайтын сайттардан да құр алақан емес. Тиянақты жұмыстарына көңіл толарлық. Жеке мақалада тағыда тоқталамыз деп ойлаймын…
«Звёздный» кешеніндегі кездесу
Республикалық балалар онкологиясында ем-дом алып жатқан кейбір, емделіп, денсаулығы жақсарып келе жатқан балаларға Ақмола облысы, Бурабай ауданында орналасқан облыстық «Звёздный» сауықтыру орталығында болуға мүмкіншілік бар екен. «Жаңа өмір» жобасында жұдырықтай жұмылып, «отадан», «химия терепиядан» шығып жара дегдіп келе жатқан балаларды күту үшін «Ана мен бала» орталығы мұрындық болып, Ақмола облысының әкімі Ермек Мыржықпайұлы қолдап, Облыстық Білім басқармасының атқаруымен көрікті жерде 10 күндік ауысыммен ем алу жобасы басталған. Бұл жоба Республикалық деңгейде өтуде.
«Республикадан 16 «Еріктілер» сондай-ақ Ресейден «коуч» тренер келген. Өйткені, сауықтыру орталығында жұмыс жасау үшін арнайы біліктілік те керек. Сондықтан, «Еріктілерді» арнайы оқытып, істің мән-жайын түсіндірілгеннен кейін жұмысқа жіберіледі.» – дейді Ақмола облысы Білім басқармасының орынбасары Ботагөз Балапайқызы
Қортынды: Бурабай – Нұр-Сұлтан сапары, азды кемді өңірлердің атқа мінерлерімен танысу мақсытында болғандықтан осылай жүріп өтуге тура келді. Тынысы мен тіршілікті, Адамшылық пен надандықты, әрекет пен әдепті, әдет пен салтты, еңбек пен еріншекттікті, шындық пен өтірікті с.с.т.б. адами қасиеттерді паш ететеін немесе керсінше жамандықты әшкерлейтін факторлар жайында болашақта толғайтын боламыз.
Осы сапарымызға бірден- бір қолдау білдіріп, қол ұшын беріп, шенділермен бетпе-бет кездесуіме ықпал еткен. Ақмола облысы ішкі саясат басшысының орынбасары Гүлмира Тоқтарқызына редакцияның сондай-ақ өзімнің атымнан алғысымды білдіремін.
Қуантай АМАНТАЙҰЛЫ
“BILIM AINASY” жобаларының негізін қалаушы,
“ШАШУ” оқу танымдық кешенінің авторы,
журналист