Home » Жаңалықтар » «Менің эко-өмір мектебім»-байқауы

«Менің эко-өмір мектебім»-байқауы

Жаңа жыл бәрімізге жақсылықтан, жаңарудан, тіпті өмірімізді тап-таза ақ парақтан бастайтындай күтетініміз рас. Әсіресе, балалар қуана күтеді, тіпті, жақындағанда күн санап жүреді. Өйткені, қалыпты өмірдің дағдысынан, арнаны қуаныш, шаттық деген көңілді көшелерге бұрасың. Балаларға сый-сияпат жасалып, керек-жарақтың барлығын жиып-теріп, ерекше көңіл-күйді солар үшін арнайсың. Ол кездерде пайда, зиян деген мәселелер естен шығып та кететіндей. Енді келеңсіздігін еске түсірейікші…

Шыршаның қоршаған ортаға өз шапағатын шашып, ауа тазартатын ерекше қасиетін ұмытып, отап әкелетін жағдайымыз да жоқ емес. Ол аздай, от шашуларды шатырлатып от шашатынымыз тағы бар. Бұл әуре-сарсаңның барлығы жасампаздықтың жалған көрінісіндей болып көрінеді маған. Олай дейтінім, қазіргі сәтті ғана ойлағанымызда болып тұр. Ертең не болмақ? Кесіліп шырша, шашылып көше қалды. Міне, осындай келеңсіздіктің алдын алғысы келді ме, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Седірұлы қала көлеміне жар салып, «Назар аударыңыз! ЕkoChallende – жаңа жылдық көңіл-күй. Менің эко-өмір мектебім» байқауын жариялады.

Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.Көлгіновтың 2019 жылдың 18 желтоқсанында Жаңа жылға шыршаларды кесуге қарсы екенін білдіріп, сөз сөйлегенін Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы қолдап, ЕkoChallendeбастамасын барлық білім беруші мекемелерге шаһар басшысының  «ЕkoChallende» жеңімпазы атанған мектеп ғимаратының ең жақсы безендірілуін көрсететін білім беру ұйымына мектеп алаңында гүлдер мен көкөністер өсіру үшін тамшылатып суару жиынтығымен марапаттайтынын хабарлаған.

Біршама мектептер мен балабақшаларға кірдік. Ерекше тоқталуды жөн көрдім, Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасына қарасты №54 «Нұр-ай» балабақшасына кіріп келгенде көздің жауын алатын бірнеше заттарға көзіміз түсті.

Нұр-Сұлтан қаласы
«BILIM AINASY»

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.