Толеранттылық –мектеп қабырғасынан оқушы бойына сіңірілуі тиіс адами қасиет. Мектебімізде осы бағытта тынымсыз еңбек етіп жүргендердің бірі — директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Лариса Абылқасымова бүгін «Қазақстан Халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Марапатты мектеп директоры Бағдан Қайыржанов табыс етті.
— Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –Елбасымыздың Жарлығымен алған марапатым –ұжымымызға берілген марапат деп білем. Ертеңгі күнге саналы ұрпақ тәрбиелеу жолындағы еңбегіміз жана берсін. Қолдау білдірген барлық әріптестеріме, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басшылығына алғысымды білдіремін, -деді Лариса Оралбайқызы өз сөзінде.
Ұстаздық қызметте соңғы 32 жылдан бері қарай келе жатқан әріптесіміздің негізгі мамандығы –орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі. Білім ошағымыз ашылған алғашқы күннен еңбек етіп келе жатқан Лариса Абылқасымова шәкірттерге ғана емес кейінгі жас буын мұғалімдерге де үйретері көп білікті маман.
Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі