Бижанова Улдан Амзеевна
Түркістан облысы Шардара ауданы
Қызылқұм ауылы
“Қызылқұм» жалпы орта мектебі
директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
және математика пән мұғалімі
Қазақ баласының бойында Абай айтқандай, «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек болуы – өмір сүрудің басты заңдылығы болса, ол үш қасиетті шәкірттердің бойына сіңіру – ұстаздардың міндеті екені даусыз. Баланың білім алуында мұғалім маңызды роль атқарып келеді. Заман ағымына ілесе алатын, мол ақпаратты меңгерте білетін, әлеуметтік қарым қатынасқа түсе алатын оқушылардың даярлау үшін мұғалімнің құзіреттілігін дамыту – басты міндет болып табылады. Яғни, ұстаз «үйетуші мен білім көзі» емес, «үйрену процессін ұйымдастырушы», «менеджер», «үйренуге жағдай жасаушы». Бұл ұстанымнан «шәкірт өздігінен үйену керек», — деген түсінік қалыптасады. Мұнда мәселе – ұстаз міндеттерінің түбегейлі өзгеруінде педагог – білім тасушыдан білім әлеміне жол көрсетушіге айналуы тиіс.
Еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ болғандықтан оларға тең де, сапалы білім берудің жаңа әдіс- тәсілдерін қарастыру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр. Елімізде орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберін білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұны түбегейлі өзгерді. Жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, өмірге оны қолдана білу, отан сүйгіш қасиетін одан әрі дамытуға бағыттау – ұстаздың басты міндеті болып табылады.
Педагогтардың кәсіби қызметінің деңгейін көтеру оқыту процесін ізгілендіру мақсатында әр мұғалім өз мүмкіндігіне қарай оқу үрдісіндегі озық технологияларды пайдаланады. Алдымен пән мұғалімдері білім беру жүйесіндегі сабақты ұйымдастырудығ тиімді жолдарын білу – оқытудың жаңа технологиялары орынды қолдана отырып, жоспарлауды дұрыс іске қажет деп білемін. Әр бір сабақты тиімді жоспарлау білім сапасын арттыру мен үздік тәжірбиелердің жинақталуы мен жаңашыл идеялардың туындауына әкеледі. Жеке тұлғаға жету үшін әр оқушының қабілетін танып, біліп, дамытып, шыңдап, жол сілтеп, білім берудегі жаңашыл жүйесіндегі басты құндылықтарды дарыта алу қажет деп санаймын. Жоспарлау барысындағы жаңа әдіс – тәсілдердің мақсаты жеке тұлғаның жетілуінде, дамуына бағыттай алу керек. Оқу табысты болу үшін, креативті ойлауға оқушыларға қандай білім қажет болса дағды да сондай қажет деген ұстанымды қолдай отырып, оқушылардың ақпаратты есте сақтап алған білімдерін ұғынуы, жеке ірбір салада қолдана білуіталап етіледі. Қысқа мерзімді жоспар немесе сабақ жоспарын дайындау барысында мұғалімдер оқушылардың жеке қажеттіліктеріне ерекшеліктерін ескере отырып, саралап оқыту тәсіліне ерекше назар аударғанымыз жөн. Қысқа мерзімді жопарлау мұғалімнің сабақты тиімді құрылымдауына көмектеседі. Пән бойынша белсенді сабақ жоспарлау кезеңдерінің мазмұнын түсіну мен бағалау криреийлерін түсіну, тапсырмалар дайындау қажет етеді.
Сабақ жоспарлау барысында:
- Пән бойынша оқу бағдарламасын;
- Пән бойынша оқу жоспарын;
- Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағын;
- Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстарды;
- Негізгі орта және жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған критерийалды бағалау бойынша нұсқаулық;
- Сабақ жоспарының шаблонын басшылыққа аламыз.
Қысқа мерзімді сабақ жоспарлау келесі қадамдардан тұрады:
- Оқу мақсаттарын таңдау;
- Сабақ тақырыптарын анықтау;
- Сабақ мақсатын белгілеу (таңдап алынған оқу мақсаттарына сәйкес);
- Бағалау критерийлерін дайындау;
- Сабақ тақырыбы, мақсаттар және бағалау критерийлерін белгілеу;
- Оқу жоспарына және ресурстарға сүйене отырып, сабақты жоспарлау;
- Оқушылардың сабақтағы іс – әрекеттерін сабақтың алға қойылған мақсатына қол жеткізетіндей етіп жоспарлау;
- Оқушылар үшін бағалау критерийлеріне сәйкес келетін және мақсатқа қол жеткізу туралы қорытынды жасайтындай тапсырмаларды таңдау дескрипторлар әзірлеу т.б.
Осыған байланысты шағын топтағы жұмыс оқу мақсаттарының күрделенуіне сәйкес бірнеше сыныптарды қамту мүмкін. 2017-2018 оқу жылында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хатында: «Қысқа мерзімді жоспар» құрған кезде мұғалімге төмендегі ұсыныстарды басшылыққа алуды қарастыруға болады:
- оқу бағдарламасында және оқу жоспарында көрсетілмеген мақсаттарды;
- орта мерзімді жоспарда ұсынған барлық іс – әрекеттерді ұйымдастыру;
- мұғалімнің қалауы бойынша іс – әрекет түрі қажеттілігіне қарай толықтырылып отырады;
Жаңа форматты сабақ балаларды оқыту процесіне белсенді тартуды, олардың талқылауларға қатысуын, өткен материалды талдау және қорытуын, жерттеу жүргізуін, бағалау пікірлерін айту, өзін – өзі бағалау және т.б көздейді. Сабақтың міндетті элементі ретінде оқушыны қолдауға бағытталған мұғалімнің әрекеттерін түзеуге мүмкіндік беретін кері байланыс болуы тиіс.
Сабаққа негізделген оқу мақсаты.
Сабақтың басты міндеті – оқу мақсатын жүзеге асыру болғандықтан, сабақ жоспары толығымен оқу мақсаттарынан туындайды. Сабақ мақсаты да, бағалау критерийлері мен тапсырмалар да осы бағытта құрастырылады. Осыған орай оқу мақсаттарын мемлекеттік стандарт, өзгертуне болмайтын инвариант деп түсінген орынды. Оқу мақсаттары оқу бағдарламасы мен ұзақ мерзімді жоспардан алынып, тура сол қалпында қысқа мерзімді жоспарлауда көрсетіледі. Оқушылардың барлығы да оқу мақсаттарына жетуге ұмтылуы керек.
Сабақ мақсаттары.
Сабақ мақсаты дегеніміз оқушылардың сабақ нәтижесінде үйренетін дағдылары, білік пен білімі, оқушылардың сабақ бойы жасаған жұмысының нәтижесі. Сабақ мақсаты оқушының сабақта не жасағанын көрсетпейді, оның сол әрекеттерді орындау нәтижесінде (сабақ соңында) не үйренетіндігіне болжау жасайды. Оқушылардың әрекеттері Блум таксономиясының деңгейлеррі бойынша белгіленеді. Сонымен бірге мұнда саралап оқыту идеясы аясында оқушылардың барлығына бірдей мақсат белгілемей, олардың танымдық деңгейлері бойынша түрлі мақсаттар қойған дұрыс. Саралап оқытуды жоспарлағанда мына сөзді ескерген жөн: «Б.Блумның білімді толық меңгеру теориясы» жақсы оқитын білім алушы мен нашар оқитын білім алушы нәтижелерінде 90% айырмашылық болатынын түсіндіретін негізгі үш факторды анықтайы.
Сонымен, сабақ мақсаттарын саралап көрсету міндеті болып саналғанымен, алайда оларды көрсету оқушылардың жеке қажеттілігін ұмытпауымыз керек. Мұндай саралауда не жазу керек?
Барлық оқушылар: Мұнда оқу мақсаттры қайталанады. Оқушылардың 100 % қол жеткізу керек болғандықтан мұнда барлық оқушылардың оқу мүмкіндіктерін ескеруі керек.
Оқушылардың басым бөлігі: Оқу мақсаттарына (көрсетпесе де болады) қоса оқушылардың оқу қабілеттеріне қарай нәтижені күрделендіру. Мысалы: оқу мақсаттары «Білу» және «Түсіну» деңгейлерінде болса, онда оқушыларың басым бөлігі бұған қоса «Қолдану» немесе «Талдау» деңгейлеріндегі мақсаттарға қол жеткізу керек.
Кейбір оқушылар: Оқу мақсаттары мен оқушылардң басым бөлігі үшін берілген мақсаттармен бірге шығармашылық және зертеушілік дағдыларды дамытатын мақсаттарды нақтылау: мәселен, «Талдау» «Жинақтау» немесе «Бағалау» деңгейлерінде іске асырылады.
Бағалау критерийлері.
Бағалау критерийлерін «Оқушылардың оқу мақсатына жеткендігінің, үйренгендігінің дәлелі не болмақ? Оқушылардың үйренгенін қандай нәтижеден көреміз?» — деген сұрақтарға жауап беру арқылы айқындау қажет. «Бағалау критерийлері – мұғалім мен оқушыға қалыптастырушы бағалау кезінде оқытудың мақсатына қол жеткізгенін тануға мүмкіндік беретін тұжырым».
Тілдік мақсаттар.
Тіл адамның басты құралы: біз тіл арқылы ойымызды бөлісеіз, бір – бірімізбен қарым қатынас жасаймыз. Демек, үйренудің де негізгі құралы тіл болып табылады. Сондықтан да кез келген пәнді оқытуда тілді басты назарда ұстау қажет.
Тілдік мақсаттар туралы. «Жалпы білім беру мектептерінің мұғалімдеріне арналған әдістемелік нұсқаулықтар. 1-сыныпқа арналған орта мерзімді жоспарларда» (Астана, 2016) былай деп жазылған. «Мектептерде пән мазмұны мен тілді үйрететін оқу ортасын қалыптастыру керек. Әр пәннің өзіндік сөйлеу ерекшеліктері бар: стиль, лексика, синтаксис. Осы арқылы оқушы пән мазмұнын да игеріп, ойлауды да жақсартады, өйткені адам тіл арқылы ойланады, тілдің көмегімен үйренеді де». Оларды нақты қойсақ – оқушылар өздерінен не күтілетіндігін анық түсінеді. Тілдік мақсаттар оқуға деген қызығушылықты ылғи да жоғары деңгейде ұстайды.
Құндылықтарды дамыту.
Әл – Фарабидің «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген сөздері өскелен жас ұрпақты оқы, үйретудің негізгі қағидасы деп түсінген жөн. Сол себепті де оқу процесін ұйымдастыруда басты назарды танымдық мазмұнмен бірге адами, рухани құндылықтарды қалыптастыруға аудару – заманауи білім беру жүйесінің басты ұстанымдарының бірі болып табылады.
Құндылықтар – қоғам қолдайтын және адамдардың көпшілігі бөлісетін белгілі нысандардың және құбылыстардың, адамдық қасиеттері мен өзін-өзі ұстау ережелерінің тұлғалық және әлеуметтік – мәдени маңыздылығы. Құндылықтар тұлғаны ынталандырудың өте маңызды факторы ретінде мінез – құлқы мен іс – әрекеттерін көтермелейді.
Орта білім берудің құндылықтары «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының құндылықтарына негізделген. Орта білім берудің құндылықтапы ретінде:
- қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік;
- құрмет;
- ынтымақтастық;
- еңбек пен шығармашылық;
- ашықтық;
- білім алу берілген (2017-2018 оқу жылында жалпы орта білім беретін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы: ұлттық білім академиясы, 2017-16-17 б.)
Құндылықтарды дамыту бөлімінде нақты осы сабақтың балаларлың бойында қалыптастыруға арналған оқу бағдарламасындағы және ұлттық, жалпы адами құндылықтардың негізінде қалыптпсатын құндылықтарды (адами қасииеттер, жоғары ұстаным, мәдениет, мінез – құлық пен қарым – қатынастың жағымды көріністері т.б.) көрсету (іс – әрекет және/ немесе тақырып).
Пән аралық байланыстар.
Бүгінгі білім беру жүйесінің басты ерекшеліктерінің бірі мынада: оқу мақсаттары мен күтілетін нәтижелер тек танымдық – пәндік тұрғыда ғана қалыптастырмай, тұлғалық және метапәндік (пәнаралық, үйреншікті пән ауқымнан тыс).
Сабақтардағы метапәндік байланыс тек пәндердің кірілуі ғаана емес. Бұл өмірге деген бүтін көзқарасты бірнеше пәннің тоғысуына қалыптастыру. Мұнда «Адам», «Өмір мәні мен мақсаты», «Өмір құндылықтары», «Бақыт», «Сана», «Сөз», «Білім», «Уақыт және кеңістік», «Қарым – қатынас», «Денсаулық», «Табиғат», «Экология», «Проблема шешу», «Табыс пен жетістік», т.б. секілді ортақ мақсаттар қарастырылады.
Ақпараттық – коммуникатциялық технологияларды қолдану.
Бұл жерде оқушылардың сабақта АКТ дағдыларын дамыта алатындығын көрсету керек.
Қосымша ақпарат. Саралау – Сіз көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?
Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?
Саралап іріктелінген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер: оқушыға дербес көмек көрсету, оқу материалдары мен ресурстпарын оқушылардың жеке қабілеттерін еске ала отырып іріктеу. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданылады.
Қорытынды бағалау.
Бұл бөлімде мұғалім «Сабағымнан қандай қорытынды шығарамын? Өзімнің педагогикалық қоржынымды қандай идеялармен толтырамын?» деген сұрақтарға жауап бере отырып, өз сабағын талдау барысында алған ең басты қорытындыларын жазады.
Қазіргі таңда мұғалім оқушыға алдын ала бәрін өзі дайындап бермеуі тиіс, оқушы өзі ізденуі қажет. Ал, мұғалім оқушының оқуын, ақыл – ой дамуын ұйымдастыруы, оған бағалау жасауы қажет. Бұрын оқушы сабақты тыңдап қана отырса, енді ол ізденуші, ойланушы, тың жауап беруші, және өз ойын дәлелдеуші. Ал, мұғалім осы әрекетке бағыт беруші, ұйымдастырушы. Ол үшін мұғалім заман талабына сай өз білімін жетілдіріп, біліктілігін артыруы керек. Өйткені, оқушыға білімнің сапалы берілуі мұғалімдердің білім деңгейіне байланысты. Заман ағымына ілесіп жаңашыл бағытта жұмыс жүргізу – барша ұстаз алдында тұрған негізгі мақсат екенін басшылыққа алуымыз керек. Жас ұрпаққа сапалы а, саналы білім беру, заман талабына сай оқыту үшін жоспарлауда тиімді әдістерді қолданып, алған білімдерін сыныптан тыс жерде өз қажеттілігіне жарата білетін, өзіндік пікірі бар жас ұрпақты тәрбиелеу – қазіргі мұғалімнің негізгі міндеті деп қарастыру керек деп білемін.