Home » Мақалалар » Әдеби тіл қоғамның рухани байлығы

Әдеби тіл қоғамның рухани байлығы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бардан Ақниет
Алматы қаласы Жетісу ауданы
«№102 ЖББМ» КММ
қазақ тілі пәнінің мұғалімі

Әдеби тілдің халықтың қоғамдық рухани байлығы, сөз мәдениеті өндірісінің құралы болуы оның жүйелік сипатымен, сұрыпталған, сымбатталған тұрақты нормаларымен, сол халыққа әрі ортақ, әрі түсінікті қасиеттерімен анықталады. Өйткені тілдің әдебилігі сол тілдің иесі боып табылатын халық өкілдерінің баршасына түсінікті және ортақтығы, яғни олардың арасындағы бір-бірімен тікелей де, жанама да қарым-қатынас құралының ең жоғарғы сатысы болуы сол тілдің орныққан жүйелі нормалары яғни тілдік элементтердің жүйелігі мен қалыптығы негізінде ғана жүзеге аспақ. Ол нормалар — бір күннің, тіпті бір жылдың жемісі емес, тілдің даму барысындағы көптеген ғасырдың жемісі. Және олар тілдік деңгейлерде (фонетика, лексика, сөзжасам, грамматика, морфология және синтаксис) жеке-жеке тілдік бөлшектердің ішкі мәні, мазмұны (семантикасы) мен сыртқы дыбыстық, тұлғалық жағының сәйкестіктері және олардың қолданыстық-қызметтік сипатының диалектик. бірлікте болуы арқылы ұғынылып, әрі айқындалып отырады. Сондықтан да морфол. нормалар, синтаксистік нормалар, тілдік элементтердің (сөздердің) комбинаторлық, конструктивтік нормаларымен әрқайсысының мазмұны (мәні), түр-тұлғалық жиынтығы мен қолданыстық қалыптасу жүйелері болады. Сөз жоқ, ол нормалар да өзгеріп, дамып отырады.
Әдеби тіл қашан және қалай қалыптасқанына қарамастан, жалпыхалықтық тілің сұрыпталған, сымбатталған түрі болып табылады да, бір жағынан сол жалпыхалықтық тілдің бір құрамы ретінде өмір сүріп отырса, екінші жағынан жалпыхалықтық тілідң әдеби тілег енбейтін бөліктермен (қарапайым сөйлеу тілі, диалектизмдер мен кәсіби сөздер, жаргондар мен варваризмдер) әр түрлі қарым-қатынаста болады.
Жалпыхалықтық тіл өзі қызмет ететін халық өкілдерінің арасындағы қатынас құралы болуды барлық салада жүзеге асырады: қоғамдық өмірде, рухани байлығын жарыққа шығаруда, мәдениет өндірісінің құралы ретінде , сондай- ақ белгілі территорияға ғана , іс-әрекетке ғана байланыста аздаған адамдар арасында , тұрмыста да өмір сүре алады. Ал әдеби тіл оның ең жоғарғы формасы, өңделіп, сұрыпталы, нормалану қасиетін басынан өткізген, сондықтан да кейінгі кезе «оны мәдени өрлеудің қоғамның барлық іс-әрекетінің, ғылымның, техниканың, экономиканың, саясаттың, оқу-ағарту, мәдени жұмыстардың құралы» деп танып жүр. Сондықтан да әдеби тілдің жүйелігігі сол тілде сөйлейтін халық өкілдерінің бәріне таныс, нормасы ортақ болып келеді де, олардың тіл заңдылықтары негізінде сақталынып отыруы қадағаланады. Әрине, әдеби тілдің нормалары қатып, сіресіп, қалған, өзгермейтін құбылыс емес. Әдеби тіл бір жағынан замандар бойы қалыптасқан тұрақты нормаларын сақтап қалға, бұздырмауға тырысып отырса, екінші жағынан ішкі даму процесі негізінде сыртқы қоғамдық-әлеуметтік өзгерістерге лайық икемділігі арту үшін жаңа ұғым, мағына я образ бірде норманың шеңберін бұзып, нормадан ауытқып та кетеді. Әрине, ондай ауытқулар жөнсіз, қалай болса солай емес, белгілі, шекті болады.
Халық тілінің екінші бір бөлігі болып табылатын ауыз екі сөйлеуге байланысты қарапайым сөздер белгілі бір территорияға байланысты жергілікті тіл еркшеліктерді белгілі кәсіпке байланысты белгілі мөлшердегі адамдар ғана түсінікті кәсіби сөздер , халықтың белгілі тобына ғана қатысты жаргондар, жөнсіз қолданылған бөтен тілден енген кірме сөздер – варваризмдер әдеби тілге қарама-қайшы құбылыс болып келсе де, олардың қоғамдық өмірде өмір сүруіне байланыс бар, бір-бірімен қатынасып отырады, кейде, тіпті, олар әдеби тілге еніп, нормаланып, әдеби тілді байытуға байланысты қызмет атқарады. Олардың әдеби тілмен қарым-қатынасқа түсіп, жалпыхалықтық көрініс алатын оры – көбіне-өп көркем шығарма. Көркем шығарма тілінде қарапайым сөздер де, диалектілік ершеліктер де, кәсіби сөздер де , жаргондар мен варваризмдер де жиі ездесіп отырады. Әсіресе, персонаж тілінде орынды қолдануға ондай тілдік элементтер көркем туындының нәрін келтіріп, оған образдық мән беріп тұрады.
М.Әуезов «Білекке білек» повесінде «Түлкібас өңірінде ғана емес, басқа да жерлрдегі қарапайым қазақтарды сөйлеткенде, олар Мұхтарша сөйлемейді, өздерінше сөйлейді:
— Бірақ оралып, буынып қалады-ау, тыпыршыған қарағағыр
— Оны мен бүйтіп қоймаймын. Жиішкертем
— Жемің азайып қапты-ау!
— Бұдан артық қайяққа апарам сені?
— Қанша үрмет қысам да болмай-ақ қойдың ғой, жүдә!» «Білекке білектегі» осы сөйлемдердің ішінде диалетизм, қарапайыс сөздердің бәрі қысқартылып, дыбыс құрамы өзгертіліп айтылған: «қараңқағыр-қараңқалғыр, жиішкертем – жіңішкертемін, қапты-ау –қалыпты-ау, қаяққа апарам –қай жаққа алып барамын, үрмет қылсам – құрмет қылсам»
Сөйтіп, көркем шығарма тілі бір жағынан тілдік нормаларды қалыптастырып, тұрақтандырып отырса, екінші жағынан ол нормадан ауытқуға, жаңа норма жасауға да мұрындық болып, әдеби тілдің үнемі дамып, өзгеріп отыруына әсер етеді.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.