Home » Мақалалар » қырық минут емес

қырық минут емес

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқан:«Заман талабына сәйкес білім беру жүйесін дамыту, қашықтықтан оқытудың алғы шартын «2050 стратегиясының» бағдарламасын осы жылы ертерек бастап кеттік» деп.

Бүгінгі таңдағы коронавирустың таралуына қарсы күрес шараларын күшейту мақсатында мектептер төртінші  тоқсанды қашықтықтан оқыту форматында жүргізуде. Біздің мұғалімдер өздерінің педагогикалық шеберлігін арттырумен айналысып, әдістемелік қоржынын толықтыруда. Қашықтық тәртіпте жұмыс жасауда мұғалімдердің жүйелік тәжірибесі жоқ екенін ескерер болсақ, бұл оңай шаруа емес. Десек те, сабақ барысында, біздер, мұғалімдер цифрлық білім беру ресурстарымен, электронды оқулықтармен, электронды журнал жүйелерімен бұған дейін көп жұмыс жасап көрмеген,қазіргі уақытта бар күшімізді салып, жасаудамыз.

Ең маңыздысы – осы мәселені дұрыс түсіну. Қашықтық сабақ- әдеттегідей қырық минут көлеміндегі сабақ емес.  Оның әдіс-тәсілдері, қағидалары басқа. Бұл мұғалім жұмысының жаңа шарты. Ең бастысы-оқушылар мұғалімнен қызықты, тартымды сабақ күтеді.

Осындай сан қырлы, әрі күрделі мәселелерді іске асыруда ең ескеретіні- ол біздер секілді аяулы ұстаздардың атқаратын жұмысы, мақтанғаным емес, бірақ ұстаздардың еңбегі өте зор деп ойлаймын. Және де елімізге әлемді жаулаған індеттің белең алуы отандастарымызға да біраз қиындықтар тудырғандығы бәрімізге де белгілі. Бірақ соған қарамастан, барлық жігер – қайратымызды жинап, індетке қарамастан, қысқа уақыт ішінде төтенше жағдайға қарамастан, «Қашықтықтан оқыту» бағдарламасын қолға алып, ұрпаққа білім жүйесін жүргізіп келе жатырмыз.

Мұғалім оқушының ішкі жан – дүниесінің сырын ашып, оның симпатикалық ынтасының дамуына жағдай тудырып отырады. Қазіргі заманда білім жүйесінің заман талабына, уақыттың сұранысына қарай ғарыштап дамуы, әрбір педагогтан сабақты ғылыми жобада жасауын талап етеді. Сабақты ғылыми жобада жасай білген мұғалім оқушы жүрегіне жол тауып, оның сабаққа деген қызығушылығын арттырып, мұғалім мен оқушы арасында түсінушілік пайда болады.

Мұғалімнің коммуникативті дамуы: оқушыларды тыңдау, олардың көзқарасын түсіне білу, сын жасай білу, әңгіме, ұйымдастыра білу керек. Әрбір мұғалімнің бойында шартты рефлекциялық қасиеттер қалыптасуы керек: балаларды оқытуды өзінің тәсілін жұмысында қолданып, қиын жағдайларда шешімін тауып, шыға білу керек. Ақпараттық технология жақсы дамығанымен ол оқытудың басты құралы болып есептелмейді. Ол үшін оқу бағдарламасында және оқыту әдістеріне өзгеріс енгізу керек. Жаңа технологияны қолдану мұғалімдерге дайындық жұмыстарына көп уақытты керек етеді. Әрбір мұғалімнен ізденуді, шығармашылық жұмыс жасауды, озық тәжірибелерімен танысуды және оның күнделікті өмірде қолдануды қажет етеді.

Сондай-ақ бізде бұл істе өзімізге артылған сенімді ақтауға әрекеттеніп, қолдан келгенше аянбай жұмыс жасаудамыз., оқушыларға көктемгі демалыста жаңа бағдарламаға сай,сабақ жоспарын құрып, оқушыларды дәл қазіргі сәтке дейін білм нәрімен сусындатып жатырмыз. Ата-анамен толықтай түсіндіру ретінде сабақтар жүргізудеміз. Тек «Қашықтықтан оқыту» деген атауы болмаса, біз барлығымыз «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп оқушыларға лайықта бағалар қойылуда.

Елбасымыз,Білім министрі Аймағанбет Асхат Қанатұлының қолдауы мен ұстаздарға артқан сенімдерін ақтаймыз деп ойлаймын…

Қашықтан оқыту біздің елімізде кең таралуы жайлы айту әлі ертерек,   толыққанды қашықтан оқыту туралы айту үшін оқу орындарында және оқушының үйінде де жақсы техникалық және программалық құралдар болуы тиіс. Оның үстіне байланыстың сапасы жоғары болуы тиіс, бізде ол жағы әлі әлсіздеу. Білім Министрлігінің тарапынан қашықтан оқыту формасының әрекетіне қатысуында жетіспеушілік бар, нормативті-құқықтандыру, экономикалық және финанстық сұрақтар, Интернет бағасының жоғарлығы.

Әрине,ертелі-кеш заман талабымен бұл бағдарламаға көшетініміз белгілі. Бірақ біз әрқашан төтенше жағдайда да ешқашан мойымай, әрбір іске жауакершілікпен қарап, абыроймен шығуымыз керек. Әрқашан еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!

Сөз соңында өзім ұстаз болғаннан кейін,саналы,білімді ұрпақ дайындауды өзіме міндет етемін!

Жаңаөзен мектеп-гимназисының
бастауыш мұғалімі:
Ныгыманова Шынар Абатқызы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.