Игенова Зарина Нариманқызы Сәкен Сейфуллин сынды ұлы тұлғаларымыздың кіндік қаны тамған Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Қызылжар ауылының тумасы. Мектептің ұшқалы отырған түлегі, әрі алтын белгі үміткері. 2008жылы алғаш мектеп табалдырығын аттаған. «Қазақстан ҮЗДІГІ» деген төсбелгісімен наградатталған. Қазіргі таңда Ұлан газетінің жас тілшісі. Ата-анасының үмітін ақтап жүрген білімді де,өнерлі қыздардың бірі.
-Өмірге, өнерге құштарлығың қай кезден басталған еді?
— Кішкентай кезімнен бастап өмірге,өнерге ғашық болып өстім. Көптеген жарыстарға қатысып,жүлделі орындарға да ие болып отырдым. Бойымдағы талантты ашқан аяулы анам мен ардақты ұстаздарым. Әдебиет саласында проза, поэзия жанрында көптеген шығармаларым жинақталған. Алғаш киелі сахнада Жұбан Молдағалиевтің «Мен қазақпын» поэмасын жатқа айтып,өнерге деген махаббатым ашылды. Аудандық жарыстардан Махамбет,Абай оқуларына барып,қанжығам бос қайқан күн болған емес.Республикалық,Халықаралық байқауларда да,ауылымның атың дүр сілкіндіріп шығарып отырдым.
-Қазіргі заман білімді, ақылды, өнерлі жастардың алға озар кезеңі. Зарина тағы қандай өнерлерің бар?
-Өлең жазуды ұнатамын. Мен алғашында қолыма қалам алсам, өлең шығара беретін едім. Ал қазіргі кезде тек түс көру арқылы ғана өлең шығара алатын болдым. Мен өлеңдерімді сайтыма жариялаған едім. Ол кезде менің авторлық құқығым бұзылған соң өз сайтыма өлеңдерімді жарияламайтын болдым.
Аспап жағынан гитараны тарта аламын. Алғаш ұстазымның үйінде, гитарамен Сағындым өлеңін орындағанмын. Проза жазамын. Поэзия, проза оқығанды ұнатамын.
— Жақында Алматы қаласынан жол тартып, Жазушылар одағына» сайысқа түсіп сөз саптауым мен ақындық өнеріңнің арқасында 1 орын алғаның жайында естідік. Ол сайысқа қалай қатысқан едің?
— Ол сайысқа онлайн турдан өтіп,оффлайн облыстық тапсырып,кейін республикалық деңгейге өтіп, директорларының хабарласуымен аяқ асты Алматыға жол тартқаным есімде…Еш дайындықсыз, жолға шығып, «Жазушылар одағына» сайысқа түсіп сөз саптауым мен ақындық өнерімнің арқасында 1 орын алып, «жазушы бол,сенің қолыңнан келеді,біз саған сенеміз,бақытты бол айналайын» деп әділқазы алқалары мен жазушылар батасын берген еді… Алматылықтар таң қалатындай тым жақсы жазады екенмін-ау деп өзіме-өзім таааң қалып, риза болып жүрген күндерімде болды.
-<<Қазақстан үздігі>> қалай атандың?
-10-сыныпты тәмамдайтын уақытта да,байқаудан өтіп,Алматыға жол тартып, жас тілші номинациясынан БАС ЖҮЛДЕні иеленіп Алматы қаласы «Қазақстан ҮЗДІГІ» деген төсбелгімен наградаттап, мені сол жерде әбден мақтағанын естіп, қуаныштан жылаған едім… Ғасыр адамы- Көкетаев атында ғылыми жоба қорғап, ауданда жүлделі орын алып, кейіннен бас қаладан 1орынға ие болдым. Жақында еңбегім бағаланып аудан әкімінің алғыс хатын иелендім. Күні кеше ғана Ақпарат және Қоғамдық Даму министрілігінен келетін «Ұлан» республикалық газеттің «Жас тілшісі» атандым. Жеткен жетістерім үшін Жезқазған қаласының қалалық телеарнасына көлемді сұқбат бердім.
-Өзің секілді тілші болам деген жас өренге айтар кеңесің?
-« Тілші» болғым келеді деп армандап жүрген жас өрендерге айтарым:
Уақыттың қадіріне жету керек. Аллаһ Тағала барлық пендесіне беретін 24сағаттың әрбір минутына дейін мақсат қойып, соған жету үшін еңбектену керек деп ойлаймын. Мысалға: жеке өзім <<2019жылы Ұланның жас тілшісі боламын>> деп алдыма мақсат қойдым және ол үшін барынша тырыстым. Еңбектің еш кетпейтінің білемін. Әрбір ісім өзіңдік орнымен, дәрежесі асқақтап жатқанына да қуанамын. Ұланымды ешқашан ұмытқан емеспін. Оған шығармашылық жіберер алдында әбдеен саралап, дайындаламын. Бұл оған деген құрметімнің нышаны. Сондықтан сіздерде алға мақсат қойып, оған дейін махаббат болса, Абай атамыз айтпақшы еңбек пен ақыл екі жақтап алып шығатынына сену керек.
Осы орайда, редакция мамандарына алғыс білдіргім келеді. Гүл әпшеміздің мейірімді бейнесі, айтқан кеңестері, мені қолдауы бәрі-бәрі есімде. Еңбегімді бағалаған апайыма алғыстымын! Шығармашылық табыс тілеймін!
-Алға қойған қандай мақсаттарың бар?
-Нобель сыйлығын алғым келеді Қазақстан атынан. Елімнің жерімнің атың шетелге таныта берсем деген мақсат бар… Бастысы адам болу!
Дәл қазіргі уақытта бұрынғы сәттен графигім тығыз. Себебі: шығармашылық пен ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық ерекше айналымда. 3-4 сағатымды ұбт арнап,кейін шығармашылыққа,жарыстарға зейін саламын. Болашақтағы арманым ұбтдан 140балл алып, «төртінші билік өкілі» болу. Жақында менімен мақтанып жүрген игі жақсылардың «Егер сен кітап жазсаң көркем туынды шығады» деген бір ауыз сөздері шындыққа ұласатын болады. Бұл туынды барша Қазақстандықты таң қалдыратын көркем жаратылыс.
-Қазіргі таңда Ұлттық Бірыңғай Тестке дайындалып жүрсің. Қай оқу-орнына оқуға түскің келеді? Себебі?
-Әл-Фараби атындағы Ұлттық университетіне түскім келеді. Оның себептері көп.Негізгі себептері, біріншіден,
Әлемдік деңгейге жеткен университет. Екіншіден, Қазақстан бойынша ең үздік университет.Үшіншіден, ол менің сүйікті қалам Алматыда орналасқандықтан. Және бұл университеті оқыған азаматтардың көпшіліні керемет маман болып жатыр.» Әл- Фараби атындағы Ұлттық университеттін- менің темір қазығым» деген мақтаныш болғанын қалаймын.
Зарина, сұхбаттасқаныңа көп рахмет! Алла қаласа Ұлттық Бірыңғай тестен 140 балл жина. Армандарың орындалсын! Алар асуларың, бағындырар биіктерің көп болсын!
Шаден Перизат Бекболатқызы
Ыбырай Алтынсарин атындағы
Арқалық мемлекеттік педагогикалық
институтының 1 курс студенті.