Home » Мақалалар » Тілім менің — тірлігімнің айғағы

Тілім менің — тірлігімнің айғағы

«Тілім менің — тірлігімнің айғағы»

Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Әл-Фараби атындағы №145 мектеп-гимназиясында Н.А.Оразахынованың
«Сатылай кешенді оқыту» технологиясы бойынша «Тілім менің — тірлігімнің айғағы» атты аймақтық ауызша командалық олимпиада өтті.

Аймақтық ауызша командалық олимпиаданы ұйымдастырушылар:
Оразахынова Нұрша Алжанбайқызы — педагогика ғылымдарының докторы, профессоры, Ресей Жаратылыстану ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі, ҚР Кіші ғылым академиясының вице-президенті, Райымбек ауданының “Құрметті” азаматы, “Сатылай кешенді оқыту” технологиясының авторы,
Таукенова Бейбітгул Ясыновна — Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Әл-Фараби атындағы №145 мектеп-гимназиясының директоры,
Кіршібаева Райхан Ахметқазықызы — Алматы қаласы, Бостандық ауданы,
Әл-Фараби атындағы №145 мектеп-гимназиясының тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары, педагог-зерттеуші, Сайлабаева Бибигуль Майлыбаевна — Әл-Фараби атындағы №145 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші,
Алтаева Кульпан Алтаевна — Әл-Фараби атындағы №145 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі,
педагог-шебер,
Манат Гульнар Бахитжановна — Әл-Фараби атындағы №145 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі, педагог-модератор,
Жауылбаева Жанерке Серікқызы — Әл-Фараби атындағы №145 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі, педагог-модератор,
Елшібай Балауса Аймұханбетқызы — Әл-Фараби атындағы №145 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі, педагог.

«Сатылай кешенді оқыту технологиясының» оқыту мақсаты, міндеттері,
әдіс-тәсілдері, ерекшелігі, өзіндік деңгейлері бар және білім алушыларға, білімді, ғылыми негізде сатылай, жүйелі, кешенді меңгертіп, оларға ұлттық құндылықтарды бағалай, қолдана білуге машықтандыратын оқыту.
Сатылай кешенді оқыту оқушыларға қазақ тілі ғылымының мазмұны мен жүйесін, оның сөздік құрамы мен грамматикалық құрылысын,
сөйлеу тілінің байлығын және әдеби тіл нормасын үйретіп, дұрыс сөйлеу, сауатты жазу дағдысын қалыптастырады. Сол арқылы басқа пәндерді сауатты меңгеруге негіз қаланады.

Олимпиаданың шымылдығы Оразахынова Нұрша Алжанбайқызының алғы сөзімен түріліп, концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.
Мың бұралып би биленіп, әуелетіп ән шырқалды. Кең даланы мекен еткен қазақ жұртының ең аяулы да қасиетті музыкалық аспабы домбырамен күмбірлетіп күй де шырқалды. Сондай-ақ
«Сатылай кешенді оқыту» технологиясының әнұраны орындалды.

— Бұл олимпиаданың бастауын 2000 жылы қазақ-түрік лицейінен басталған. Осы «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы бойынша олимпиада өткелі 24 жыл болыпты. Соның соңғы төрт жылы халықаралық деңгейде өтіп жатыр. Соған міне іріктеу, қазір Алматы облысы мен Алматы қаласы бойынша аймақтық олимпиада өткізіп жатырмыз. 18мамырда Астанада қаласында республикалық олимпиада өтеді. Бүгінгі жеңімпаздар сол республикаға жолдама алады. Біз бұл жерде орын бермейміз, балаларды іріктеп аламыз. Әр командадан үш баладан келесі кезеңге өтеді, — дейді «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының авторы және олимпиада ұйымдастырушыларының бірі Оразахынова Нұрша Алжанбайқызы.

Жалпы олимпиадағы 8 мектептен 1-11 сынып арасында 267 оқушы қатысты. Атап айтатын болсақ,
Ыбырай Алтынсарин атындағы
№ 49 жалпы білім беретін орта мектебі КММ-нен — 25 оқушы,
«Алматы облысы білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№11 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен — 50 оқушы,
Алматы облысы, Іле ауданы
«№12 орта мектеп» МКМ-нен — 12 оқушы,
Алматы қаласы, Түрксіб ауданы,
Сапар Байжанов атындағы №162 мектеп-гимназиядан — 5 оқушы,
Алматы облысы, Талғар ауданы
Т.Рысқұлов атындағы №9 жалпы білім беретін орта мектебі КММ-нен — 10 оқушы,
№206 мектеп-гимназиядан — 50 оқушы,
Әл-Фараби атындағы №145 мектеп-гимназиясынан — 41 оқушы,
Алматы қаласы, Наурызбай ауданы
№174 мектеп-гимназиянан — 70 оқушы қатысқан. Қатысушылардың барлығына сертификаттар табысталды.  Олимпиадада Бостандық аудандық білім бөлімінің басшысы және мектеп директорлары қонақ болды.
Жалпы қатысушылардың барлығына сертификаттар табысталып, келесі кезеңге өткен оқушылар іріктеліп жатыр.

«BILIM AINASY»,
Алматы қаласынан,
Ақерке Амангелдіқызы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.