Home » Жаңалықтар » Салқын ауа райы бала тәрбиесіне кедергі емес 

Салқын ауа райы бала тәрбиесіне кедергі емес 

Ақпанның 6 жұлдызы Нұр-сұлтан қаласы №46 Самал балабақшасында «Ғажайып қыс» атты спорттық ойындар эстафетасы өтті. Жарысымыздың қатысушылары балабақша бүлдіршіндерінің ата-аналары «Аққала», «Мұзтау», «Ақ барыс» атты 3 топқа бөлінді. Іс-шараның басты мақсаты кім ең жылдам, кім ең епті екенін анықтау емес, ата-ана және балабақша ұжымы арасындағы сабақтастықты нығайту болатын. Ауа-райы салқындығына қарамастан ата-аналар арасындағы керемет позитивті атмосфераға қарап, спорттық эстафета толыққанды өз миссиясын орындады десек болады. «Ғажайып қыс» сайысының нәтижесі бойынша бірінші орынды «Ақ барыс», екінші орынды «Аққала», ал өз кезегінде үшінші орынды «Мұзтау» тобы иеленді. Жеңімпаздарды құттықтай отыра басқада оқу орнының ұжымдарына осындай іс-шараларды көптеп ұйымдастыруға кеңес береміз. Себебі баланың дамуына тікелей жауап беретін ата-ана және оқытушы байланысы жоғарғы деңгейде болғанда ғана 21 ғасырда бәсекеге қәбілетті ұрпақ дайындай аламыз

Ақмырза ӘЛИМАН
«BILIM AINASY»
Нұр-Сұлтан қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.