Home » Қылқалам » Жанашыр ұстаздарыма !!!!!

Жанашыр ұстаздарыма !!!!!

      Құрметті  «Білім айнасы»  газетінің редакторы сәлемтсіздер ме!

Мен, Темирхан Азиза Бексултановна, Қарағанды қаласы  №16 жалпы білім беретін орта мектебінің түлегі ,11  «А» сынып оқушысымын.

Биылғы жыл мұғалімдер үшін үлкен мәселелер шешіліп жақан жыл. Ұстаз мен үшін анамнан кейінгі жанашыр адам. Осы оқыған мектебімдегі ұстаздарымды келе жатқан 2020 тышқан жылымен құттықтағым келеді.Ұстаздарыма үлкен алғысым шексіз.Осы бір алғысымды мына өлең жолдарымен жеткізгім келеді.

                                            5 әріптен тұратын «Ұстаз» сөзі.

5 әріптен тұратын «Ұстаз» сөзі.

5 ке оқы деп тұрған секілденді.

5 ке оқып сабақты менде күнде,

Көрсетемін күнделікті 5 күн бойы.

Ұ-ұқыпты,

С-салмақты

Т-тәртіпті

А-ақылды

З- зейін  бол! — деп құралған сөздерді мен,

Күнде айтқым келеді!

Күнде айтқым.

Ұстаздарым болыңызшы мықты бүгін!

Жаңа жылдың көріңізші жақсылығын,

Жаксы шәкірт тәрбиесін көріп сіздер,

Мақтанып та,шаттанып та жүріңіздер!!!

 Қарағанды қаласы №16 ЖББОМ
                               11″ А» сынып оқушысы Темирхан Азиза Бексултановна
                              Сынып жетекшісі: Сейтхожина Тумар Ташметовна
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.