Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері
Әбитаева Сағыныш,
Жақсылық Маржанай,
Қалмұрат Аруна
Аңдатпа: мақалада 2- сынып «Дүниетану» сабақтарын ұйымдастыруда оқу мақсаттарын ескере отырып оқушылардың бойында базалық құндылықтарды қалыптастыру негіздерін анықтау арқылы, дидактикалық материалдар дайындау, тиімділігін тәжірибеде тексеру баяндалған.
Аннотация: в этой статье описана подготовка дидактических материалов, практическая проверка их эффективности путем определения основ формирования базовых ценностей у учащихся с учетом воспитательных целей при организации уроков «Мирововедение» во 2 классе.
Annotation: this article describes the preparation of didactic materials, practical testing of their effectiveness by determining the foundations for the formation of basic values in students, taking into account educational goals when organizing World Studies lessons in 2nd grade.
Кілт сөздер: базалық құндылық, оқу мақсаттары, дидактикалық материалдар.
Ключевые слова: базовая ценность, образовательные цели, дидактические материалы.
Keywords: basic value, educational goals, didactic materials.
ХХІ ғасыр – білімді ұрпақ ғасыры. ХХІ ғасыр мұғалімдерінің басты мақсаты оқыту мен тәрбиелеудегі құндылыққа бағытталған тәсіл жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды, адамның өмірі мен денсаулығын, жеке тұлғаның еркін дамуын, патриотизмді, еңбекқорлықты, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеуді көздеу болып табылады.
Біз мына міндеттерді ұстана отырып, зерттеу жұмысымызды жүргіздік: 1. “Құндылық”, “Базалық мазмұн” ұғымдары және оны зерттеген ғалымдар; 2. “Құндылық”, “Базалық мазмұн” ұғымдары және оны зерттеген ғалымдар; 3. 2-сынып Дүниетану пәніне арналған базалық құндылықтарды қалыптастурға арналып әзірленген дидактикалық материалдардың тиімділігін анықтауға бағытталған эксперимент жұмысын құру.
Құндылықтар дегеніміз — идеал ретінде өмір сүретін неғұрлым жағымды сапаға ие обьектілер мен тұлғаның ең маңызды бағалы қасиеттердің жиынтығын айтамыз. Адам бар жерде құндылық та қатар жүреді. Құндылық адамға ғана емес, оны қоршаған ортаға да тікелей байланысты болады. Құндылықтарды ескере отырып, біздер яғни мұғалімдердің басты мақсаты — жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, заманауи білімдерді меңгерген, бәсекеге қабілетті, салауатты ұрпақ тәрбиелеу деп білеміз. [1]
Құндылық ұғымы А.Г.Здравомысловтің пікірі бойынша «Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, заманауи білімдерді меңгерген, бәсекеге қабілетті, салауатты ұрпақ тәрбиелеу», ал Б.И.Додонов пікірі бойынша «Құндылықтар нақты бар құндылықтар ретінде танылып,,қабылданған құндылықтар деп екі топқа бөліп қарастырған. Құндылықтар идеалды қабылдау немесе қабылдамау сезімі арқылы айқындалып ақыл-ой,сана арқылы белгіленеді», ал В.П.Тугаринов «Құндылық адамдардың қажеттіліктері мен мақсаты,қызығушылығы жағынан алып қарағандағы пайдалы,қажетті және жағымды деп есептелінетін құбылыстар немесе құбылыстардың қасиеті» деп өз пікірлерін ұсына отырып, көптеген еңбектер қалдырған.
2-сынып Дүниетану пәні бойынша «Оқушылардың бойында базалық құндылықтарды қалай қалыптастырамыз?» деген сұраққа жауап іздеп көрдік. 1. Сабақта оқушының жеке басын қалыптастыру процесі нақты өмірмен байланысты материалға негізделуі керек, тек осы жағдайда ғана оқыту мәнді және тиімді болады; 2. Сабақтың тиімді болу шарттарының бірі – білім алушылардың бойында базалық құндылықтарды қалыптастыру; 3.Сабақты ұйымдастыруда оқу мақсаттарын ескере отырып,сабақ өту арқылы базалық құндылықтарды қалыптастыра аламыз деп ойлаймыз. [2]
Зерттеу жұмысымыздың міндетін орындау мақсатында, іс жүзіне сүйене отырып, «Күтілетін нәтижеге жету үшін біз не істей аламыз?» деген сұраққа жауап іздедік. Осы мектеп пәніндегі Дүниетану сабағы өмірмен тікелей байланысты болғаннан кейін оқушыларға базалық құндылықтарды қалыптастыру үшін әр тақырыптың қасына «кюар код» қойылса, ол «кюар кодтың» ішінде оқушыларды базалық құндылықтарға баулитын оқу әдістемесіне сәйкес анимацияланған бейнежазбалар салынады. Мысалы, «Ai mektep» деген сынды білім порталындағыдай анимацияланған бейнероликтерді жоғарыда аталған талаптарға сай жасап, оқушыларға ұсынуға болады. Нақтылап айтар болсақ, табиғатқа бағытталған құндылықтар, оның ішінде адамгершілік тәрбиесі және де тұлға сапасын жақсартуға негізделген қатынастар жасауға үйретеді. Ал, өмір, тіршілікке бағытталған құндылықтарға тоқталсақ, бақыт, еркіндік, ар-намыс, әділдік-теңдік, туысқандық байланыстарды жақсартуға бағытталған бейнежазбаларды, сондай-ақ «Мен және қоғам» тақырыптары аясында өзіне зиян келтірмей, өзгелерге қалай көмектесе алу керектігін көрсететін бейнероликтерді де қоссақ болады және де еңбекке бағытталған құндылықтарды, яғни оқушыларды еңбектік дағдыларға үйрету. [3]
Дәстүрлі педагогикада тұлғаның базалық мәдениетін қалыптастыруға орай жүргізілетін тәрбиелік іс-әрекеттердің бірқанша бағыттары аталады. Б.Лихачев, В.А.Сластеник, М.П.Подласый ғалымдардың пікірінше ғылыми дүниетаным қалыптастыру, азаматтық тәрбие, еңбек тәрбиесі, адамгершілік тәрбиесі, эстетикалық тәрбие және дене тәрбиесі деп бөлінеді. Оның үстіне бұл оқушылардың оқылым жазылым дағыдыларынан бөлек тыңдалым және айтылым дағдыларын да қатар қалыптастырады. Әрине, біз бұл дағдыларды қалыптастыратын тапсырмалар жоқ деп отырған жоқпыз, бірақ жеткіліксіз. Және де бұл бейнежазбалар оқушылардың сабақ оқуға деген ынтасынарттырып, тақырыпты түсінуге деген қызығушылығын арттырады. Сонымен қатар ең негізгі мақсат, оқушылардың бойында теориялықбіліммен қатар,базалық құндылықтар да қалыптасады. Осылай біз күтілетін нәтижеге қол жеткіземіз.[4]
Мақаламызды қорытындылай келе, Бірінші міндет бойынша, «Құндылық»,«Базалық ұғымын” жан-жақты қарастырдық. Құндылықты зерттеген ғалымдар мен олардың түрлеріне тоқталдық.
Екінші міндет бойынша, 2-сыныпта Дүниетану пәнін өткізуде,оқу мақсаттарын ескере отырып, оқушылардың бойында базалық құндылықты қалыптастыру жолдарын мысал көрсете отырып,талдадық. Базалық құндылықтың негізгілері: ұлттық құндылыққа,партриозмге, еңбекқорлыққа,мейірімділік пен жанашырлыққа байланысты әдіс-тәсілдер жиынтығын қарастырдық.
Үшінші міндет бойынша, 2-сынып Дүниетану пәнінде базалық құндылықтарды қалыптастыруға арналған дидактикалық материалдар әзірлеп, тәжірибеде қолдандық. Дидактикалық материалдар оқушылардың қызығушылығының артуына, олардың танымдық белсенділіктерінің дамуына, бойларында базалық құндылықтардың бағытталған.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- Педагогикалық тағлымдар Мұғалімдерге арналған көмекші құрал Б. Аймағанбетова, Р. Төлеубекова, А. Бейсенбаева
- «Педагогика пәнінің неіздері» Оқу құралы Дайрабаева А.
- Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. 27.07.2007.
- Шамшиева М.А. «Жас ерекшелігі педагогикасы» пәні бойынша оқу-әдістемелік нұсқау. – Ақтау: КМТжИУ, 2010. – 43 бет.