Ерсултанова Жансулу
Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласы
«Каспий педагогика және
салалық технологиялар колледжінің
4БББ-17б/б тобының студенті
Істейтін ісіңді бұрын мұны сынап көрген, тәжірибелі кісімен ақылдас. Өйткені ол, өзіне қымбатқа түскен нәрселерді саған тегін береді.
Лұқман Хакім
«Бiз даналықты үш жолмен үйренемiз: ойлану – ең iзгi жол; елiктеу – ең жеңiл жол; және үшiншi, тәжiрибе жолы – ең ауыр жол» — демекші ұстаздық жолын таңдай отырып, оның ең ауыр сатысына келіп жеткенімізге куә болдық. Біріншіден, қашықтан сабақ ұйымдастыру, екіншіден ол түсінікті және ықшам, ғылыми негізделген, түрлі технологиялар мен әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы жасақталған болуы керек екендігіне көзіміз жетті. Қазіргі таңда мектептегі байқау практикасынан өтіп жатырмыз. Практиканың жалпы мақсаты: білім алушыларды бастауыш сынып мұғалімінің педагогикалық қызметіне дайындау. Болашақ мұғалім ретінде біз бұл практикада не білдік? Не үйрендік?
Мұғалім – жалпы білім беретін оқу орындарында оқушыларды оқытып, тәрбиелеу қызметін атқаратын маман. Мұғалімнің қызметі өте күрделі және көп салалы. Сондықтан мұғалімнен жан-жақты ғылыми терең білім, жоғары педагогикалық шеберлік, табанды ерік-жігер, парасатты мінез-құлық талап етеді. Міне, біз осы маман иесі болып шығу үшін оқып үйренудеміз. Осы практикада алған білімдеріміз біздің болашақ күніміздің айнасы.
Әр мұғалім, қоғам және заман талабына сай педагогикалық шеберлігін шындап, үнемі ізденіс үстінде болуы тиіс. Сондай мұғалімнің бірі — біздің практика жетекшісі Джумагамбетова Зоя Султанбаевна. Қазіргі таңда қашықтан білім ала отырып, тәжірибеден берілген сұрақ тапсырмаларды егжей-тегжейлі іздеп үйренуімізге уақыт жеткілікті болғандықтан өз білім, білік, дағдыларымыз қалыптасып келеді деп нақты айта аламын. Болашақ мұғалім ретінде үнемі ізденіс үстінде боламыз және педгогикалық жаңа әдіс-тәсілдерді ізденіп, өзімізді шыңға жеткізе бермекпіз. Ұлы Абай «Адамның адамшылығы жақсы ата-анадан, жақсы ұстаздан, жақсы құрбыдан болады»,- деп айтып кеткені белгілі. Осындай қасиет пен құрметке лайық ұстаз болған жөн.
Біз мектептегі байқау практикасы бойынша жаңа технологиялар, көрнекілік – құралдар, дидактикалық, материалдар, Google сайтты жан-жақты үйрендік. Соның бірі Flippity.net сайты. Бұл сайт туралы айтатын болсам өте көп, сіз бұл сайтта сөзжұмбақтар, тесттер, бинго, неше түрлі ойындарды жасақтап оны сабақта қолдана аласыз. Біз практика барысында Flippity.net сайтына кіріп сөзжұмбақ, ребус жасап көрдік. Ең алдымен сөзжұмбақ жасағанда сұрақ пен жауапты енгізсеңіз болғаны, сайт сізге өзі барлығын жасап береді.
Біздің практикадан алған біліміміз тек бұлар емес, сонымен қатар сабақты талдау, критериалды бағалау (қалыптастырушы бағалау, жиынтық бағалау), тренингтер, ойындар, әдіс-тәсілдер, ата-анамен жұмыс түрлері, мұғалім жасақтайтын құжаттармен танысып, оларды жинақтап шықтық. Қашықтан сабақ ұйымдастыру оның жоспарын жасақтау және қажетті дидактикалық материалдарды жинақтап қолдана білуге үйрендік. Осы практика барысында топтың студенттері қашықтан оқу кезінде кездескен кедергілер бойынша көкейде жүрген көптеген сұрақтарға жауап алды десекте артық болмас. Тәжірибе барысындағы алған білімдеріміз болашақта бізге жақсы көмек болатынын білемін.
Оқу, білім – жанған шырақ ойласаң,
Үйренерсің, іздеп көрсең – қалмасаң,
Қу өнерді, бу беліңді, жігер сал,
Пайда аларсың, қаужанарсың, тоймасаң.
Жүсіпбек Аймауытов.