Home » Мақалалар » Алтын күз

Алтын күз

Акишева Акгуль Нуралдиновна
Шығыс Қазақстан облысы
Катонқарағай ауданы Топқайың ауылы
«Топқайың орта мектебі» КММ
мектепалды даярлық тобының  тәрбиешісі

 

Музыкалық әуен ойнап тұрады. Балалар сахнаға шығады.

Тәрбиеші: Қош келдіңіздер ата-аналар.

Армысыздар ұлағатты ұстаздар.

Бармысыздар жас достар.

Хормен: Берекелі, мерекелі Алтын күз құтты болсын!

Тәрбиеші:

Мұнда назар салайық

Мерекесі халықтың

Алтын күзге арналған

Ертеңгілікті бастайық

Қуан, Шаттан! Алақай!

Қуанатын күн келді

Күліп шықты күн бүгін

Қайырлы таң

Қайылы күн.

Арунаның орындауында ән:Күз мезгілі

Тәрбиеші: Туған табиғаттың тамаша бір көрінісі күз мезгілі. Айнала сұлуланып, түрлі-түстерге боялып құлпыра түседі. Ағаштардың және басқа өсімдіктердің жапырақтары қызыл, қоңыр, сары болып өзгереді. Олай болса, құрметті қонақтар кішкентай балапандар күз мезгілінің ерекшеліктері туралы не айтар екен:

Архат

Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді

Әмина

Алтын, сары, қызыл , көк

Алуан-алуан жапырақ

Күзгі бақтар күлімдеп

Көз тартады атырап

Ерқанат

Еңбек қызып қырларда

Бидай толды қырманға

Алтын таулар секілді

Сап-сары болып тұрғанда

Жантөре

Күз мезгілі тамаша

Көз тоймайды қараса

Аяқ асты сап-сары

Төселгендей алаша

Ерсұлтан

Біреу астық түсіріп

Біреу бидай ұшырып

Жатқан мезгіл күз екен

Алдым соны түсіріп

Ерқанат

Қыстың жақын қалғанын

Жапырақтар білгендей

Желмен ұшып барады

Жапырақтар жамырап

Сайға барып бекінді

Анасынан ажырап

Қалға бала секілді

Ұлпан

Қуандырып  біздерді

Мерекелі күз келді

Кел жемісті алтын күз

Кемелденсін халқымыз

Хормен ән: Кап-кап, тук-тук

Тәрбиеші:

Алқаптан бидайды

Қоймаға жинайды

Тырнасы тізілген

Ұнатам күзді мен — дегендей бәріміз де күз мезгілін жақсы көреміз. Ендеше қошеметпен қол сағып «Күз» ханшайымын ортаға шақырайық.

Музыка әуені ойнап тұрады. Ортаға  «Күз» ханшайымы келеді.

Күз ханшайымы: Күзде табиғат көрінісі жиі өзгереді, аспанды бұлт торлап, ағаш жапырақтары жерге түседі, жаңбыр жауады. Құстар жылы жаққа қайтады, астық жинаймыз, жемістер мен көкөністер піседі. Ал кім жемістер мен көкөністер туралы тақпақтар айтып береді.

Ерқанат:

Көктемде ерте гүлдеймін

Кешігуді  білмеймін

Піспей тұрған кезімде,

Менен аулақ жүр деймін

Уылжыған өрікпін

Бау-бақшаға көрікпін

Ұлпан:

Шиемін мен шиемін

Піскенше тон киемін

Бала келсе қасыма

Басымды мен иемін

Архат:

Дөп-дөңгелек сары

Ішінде бар дәні

Қызығасың  көріп,

Оның аты-өрік

Ерсұлтан:

Дәнін егіп қиярдың

Тыным таппай суардым

Түйнектерін көргенде

Бес алғандай қуандым

Әмина:

Қос батырдай түйілген

Тоғыз қабат киінген

Аршимын деп сәбізді

Жылап шықтым уйімнен

Аруна:

Бақшаларда тізіліп,

Қаперсіз мен жатамын

Қабат, қабат киініп,

Қырық қабататанды

Жантөре:

Мен ұялшақ картоппын

Мен емеспін мақтанар

Мені жақсы көреді

Улкендер мен балалар

Бақшамызда өседі

Керек тағам деседі

Күз ханшайымы: Керемет балалар, осы тақпақтарың үшін күзгі әнді қабыл алыңыздар!

Тәрбиеші:  Қазір біз сендермен  «Күз белгісі неде?»  деген ойын ойнаймыз. Мен күз мезгіліне байланысты сөздер айтамын, сендер аяқтайсындар

  • Күзде жапырақтар…………(сарғаяды)
  • Күзде күн ……………(суытып, жаңбыр жауады)
  • Күзде құстар ………..(жылы жаққа ұшып кетеді)
  • Күзде жемістер мен көкөністер ……….(піседі)

Ойын: «Өз ағашыңды тап»

Шарты:  Үлкен суретте қайың, емен, үйеңкі ағаштары бейнеленген. Шашылған жапырақтардан өз ағашына сай жапырақтарды таңдап іліп қою керек. Кім тез болады, сол жеңімпаз атанады.

Көрініс: Алмұрт пен Сәбіз

Музыка әуенімен Алмұрт ата мен Сәбіз бөбегі бір-бірімен дауласып музыка залына кіреді.

Сәбіз: Мен тәттімін!

Алмұрт: Жоқ мен тәттімін дедім ғой.

Ару Күз: Сендерге не болған, достар. Бір-бірлеріңмен таласа бермей, балалардан сұрап көріңдер.

Алмұрт: Балалар, айтыңдаршы мен тәттімін ғой.

Сәбіз: Сен тәттілеу болсаң, менің дәрумендерім көбірек.

Күз Ару: Онда балалардан сұрайық, Сәбіз бен Алмұрттың қандай пайдасы бар? Балалардың жауапары:

Тәрбиеші: Сендер енді келісесіңдер ғой балалардың жауаптарымен?

Тәрбиеші:Балалар, мен сендерге қызықты ойын даярладым.Амұрттың достары кім? (Балалар жемістерді атайды) Сәбіздің достары кім? (Балалар көкөністерді атайды).

Ару Күз, Алмұрт, Сәбіз: Балалар, сендер көкөніс пен жемістерді талғамай көп жеңдер, сонда қыс мезгілінде ауырмайсында. Бірақ, барлығын жуып жеңдер.

Тәрбиеші: Осымен «Алтын күз» ертеңгілігіміз аяқталды. Сау болыңыздар

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.