Home » Балабақша » Алтын күз, әсем айналам, еліне береке сыйлаған

Алтын күз, әсем айналам, еліне береке сыйлаған

 Күз адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтанда да, адамдар күзді берекелі күз, алтын күз деп баға береді. Алтын дейтін себебі, біріншіден, айналаның бәрі сап — сары түске боялады, екіншіден, алтын байлықтың белгісі. Күзде егінді жинап алатын болған ата — бабаларымыз «Жәрмеңке тойын» өткізіп, күз берекесін тойлап отырса, әрбір балабақшада  осы күз мерекесін тойлау, кештер өткізу дәстүрге айналған. Сол дәстүрді жалғастыра отырып «Нұрбесік» балабақшасында  «Алтын күз,әсем айналам,еліне береке сыйлаған» тақырыбында ертеңгілік  өткізілді.

Ертеңгіліктің мақсаты — балаларға күз мезгілі туралы кең түсінік беру, мерекелік көңіл-күй сыйлау, балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, жыл мезгілдерінің ерекшелігін үйрету мен табиғатты қорғауға, қастерлеуге тәрбиелеу. Қызыққа толы болған ертеңгілікті «Ботақан» тобы бастады. Өздерінің өнерлерін көрсеткен бүлдіршіндер балабақшада үйренген білімдерін ата-аналарына көрсетті. Топ тәрбиешісі В.Жангирова , Г.Самуратова  балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыра отырып, күз туралы тақпақтар мен әндерін айтқыза білді.

Балабақша меңгерушісі  Тулекова Лиза Ержанқызы  басшылық ететін балабақшада

ұжым қызметкерлерінің жоғары кәсіби шеберлігінің арқасында күз мейрамы жақсы ұйымдастырылып, нағыз балалар мерекесіне айналды. Өйткені, күздің берекесі мен молшылығын көрсететін көкөніс, жеміс-жидектерден түрлі зат жасалып, күзгі жапырақтармен әсем безендірілген зал балаларды өзіне еріксіз тарта берді. Балғындар қуанышын асқақтатар ұжымдық ойындар ойналып, кештің көркіне айналған Күз ханшайымының балаларға шаттық сыйлауының өзі керемет тосынсый болды.

Ертеңгілікке қатысқан ата-аналар өздерінің балаларының «Алтын күзде молшылық » әнін орындағанын көріп, «Қолшатыр» биін билегенін тамашалады. Сондай-ақ, бүлдіршіндер «Көңіліді би», «Қолшатыр» билерін нақышына келтіре орындады. Содан соң балалар күз ханшайымын қарсы алып, «Себетке толы көкөністер» ойынын өткізді.

— Сонымен қатар, «Нұрбесік» балабақшасының «Құлыншақ» ересектер тобы да «Алтын күз, әсем айналам,еліне береке сыйлаған» атты тақырыпта ертеңгілік өткізді. Топ тәрбиешілері С.Аманжолова. Г.Әбдіғаппарова  мен музыка  жетекшісі П.Әшірованың бастамашылығымен тәрбиеленушілер жақсы атсалысып, өздерін жаңа қырларынан көрсете білді. Балалар неше түрлі жемістер секілді киініп, жұмбақтар шешті.

 «Балдырған» мектепалды даярлық тобының тәрбиешілері П.Бергенбекова. М.Махамбетова «Күз ханшайымы» атты сайысын өткізді. Сайысқа топтың әсем ару қыздары қатысты.  Сайыс шара барысында балалар күзгі сән үлгілерін де көрсетіп, «Дәрумендер-денсаулық сақтаушысы »кезеңінде аналарымен  бірге дайындаған салаттарын, таныстырды. Ертеңгілік аясында балалармен «Қайдан келдің,бауырсақ»қойылымын, қойды.Өнерлі бүлдіршіндер  «Алтын астық»,  «Күз жомарт» «Күздің күні тамаша» әндерін орындады. Өнерлі бүлдіршіндер тәрбиешілермен бірге жасаған  қолөнер бұйымдарын таныстырды.

— Ертеңгілік соңында ата-аналар атынан Бақыт әжей, Әлима әжей  бүлдіршіндерге сапалы білім, саналы тәрбие беріп жатқан ұжым қызметкерлеріне алғысын жеткізді.

 

Рысбембетова Назымгул Мухаммедкаримқызы

    «Нұрбесік» балабақшасы

 КМҚК-ның әдіскері  

    Қызылорда қаласы

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.