Home » Мақалалар » Қашықтан оқытудың маңызы

Қашықтан оқытудың маңызы

Бошаева Шарипа Бегалиевна,
Д.М.Карбышев атындағы №16 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,
Жамбыл облысы,
Тараз қаласы

        Коронавирус індеті жер шарында халық денсаулығына қауіп төндруіне орай, көптеген елдерде төтенше жағдай

 жарияланды. Ақпарат көздерінде сүйенсек,  әлемнің 107 елінде мектептер жабылып, барлық саладағы білім беру мекемелері қашықтан оқыту форматына көшірілді.

Қазақстан да коронавирустық инфекцияның таралуын азайтуға бағытталған шаралардың бірі ретінде мектеп оқушылары, ЖОО және колледж студенттерін қашықтан оқытуда. Қашықтан білім беруді іске асыру үшін үшін аз ғана уақыттың ішінде көптеген жұмыстар атқарылды. ҚР Білім және ғылым министрлігі мен білім беру басқармаларының жанынан жобалау офистері ашылды. Пандемия кезеңіндегі оқу процесін уақытша ұйымдастыруға байланысты халықаралық тәжірибе мен көршілес елдер тәжірибелері де жан-жақты қарастырылды. ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бірнеше рет жасаған мәлімдемесінде мұғалімдерге, ата-аналарға және оқушыларға өз қолдауын көрсетті. Министрдің айтуынша, барлық сабақтар бірыңғай оқу бағдарламалары бойынша өтеді, оқыту жалпы сабақ кестесін құру және оны сақтау, сандық білім беру қорлары секілді мультимедиялық материалдармен әдістемелік қолдау жасау, мұғалімдерге арнап алдын ала жасалған сабақ жоспары түрінде өткені маңызды, бірақ оқыту каналдарын таңдау сабақ сапасын төмендетпеуі керек.

Министр айтып кеткендей он-лайн оқыту мен қашықтан оқыту форматтарының ара-жігін ажыратып алу керек. Себебі, бастапқыда министр қазақстандық мектеп оқушыларының теледидар, радио, интернет және пошта арқылы білім алатынын мәлімдеген еді. Қашықтан оқыту – пошта, теледидар, радио, тапсырмаларды интернет арқылы алып оқу, осы формат арқылы оқыған кезде WhatsApp, электронды пошта және басқа да мессенджерлерді пайдалануға болады. Қандай ресурс ыңғайлы соны толығымен пайдалануға қажет. Сондықтан да, білім беру саласы үшін қашықтан оқыту – дамудың жаңа кезеңіне айналып отыр

Бүгінгі әлем дамуының жаңа ұстанымдары білім беру жүйесінен күн сайынғы экономикалық, әлеуметтік және мәдени өзгерістерге мейлінше бейімделуді талап етеді. Сондықтан өз шәкірттеріне сапалы әрі нәтижелі білім беруді мақсат еткен әр ұстаз өз тәжірибесін жаңашылдық арнасына бағыттап, әр әдісін тиімді қолдануы шарт.

Қазіргі уақытта ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың заманауи талаптарға сай дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты, оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер, технологиялар білім беру талаптарына байланысты жаңартылып отырады. Сапалы терең білімді меңгеруге талпынған өскелең ұрпақтың жеткілікті дәрежеде сандық сауаттылығы бар, себебі олар өмір жағдайлары барысында жаңа технологияның барлық мүмкіндіктерін пайдаланады. Сол мүмкіндіктерді нәтижелі қолдану педагогтің біліктілігіне, біліміне, тәжірибесіне байланысты. Ал, қазіргі қалыптасып отырған төтенше жағдай кезінде осылайша жан-жақты қаруланған шәкірттеріне қашықтан білімді беретін ұстаздар да оқыту технологиясын меңгерген, құзыретті болуы шарт.

Ал, біз өз кезегімізде мектеп оқушыларына қандай жағдай болмасын білім алудың маңызын жете түсіндіріп, өз тәжірибемізде түрлі интернет ресурстарын сәтті қолданып келеміз. Ватцап платформасы, «Daryn.online» «Kundelik.kz» пен «Bilimland» педагог пен оқушы арасын қашықтан байланыстыруда.

Қашықтан оқытуды ұйымдастырудың 3 түрлі формасы бар: онлайн (синхрондық) және оффлайн (асинхрондық) және кең таралған үшінші түрі – вебинар.

Осы технологияларды меңгерген оқытушы, өз сабағын ұтымды және сапалы өткізе алады. Қашықтан оқыту тәсілімен оқытатын оқытушыларға және осы істе мүдделі басқа да адамдарға бірнеше талаптар қойылады:

  • Ол компъютермен жоғары дәрежеде сауатты жұмыс істей білуі қажет.
  • Қашықтан оқытудағы мақсаттары мен міндеттері, оның алдағы уақытта ақпараттық технология және коммуникация құралдарының негізінде дамуы туралы білуі қажет.
  • Қашықтан оқыту технологиясын жетік білетін, білім саласындағы қызметкерлерді, оқушыларды таныстыра білуі қажет.
  • Ол ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге іс жүзінде дағдылануы қажет.

Себебі, тағы да қайталап айтамын, қашықтан оқыту Республикада білім беру кеңістігінде кең қолданыс табуда.

Педагогтардың оқу сайттарының ресурстары (бейнелекциялар, тест жұмыстар, практикалық тапсырмалар, форумдағы дискуссиялар, есептер шығару практикумдары, компаниялардың оқу-жаттығу жұмыстары) оқушыларға ыңғайлы уақытта керекті тақырыбымен өз бабымен жұмыстануға мүмкіндік береді.  Осындай уақытша қиындық кезде барлықтарыңызға төзім,  ізденімпаздық және өз күштеріңізге деген сенім тілейміз. Отбасы мүшелері мен өзңізді сақтаңыздар!

Біз – біргеміз!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.