«Ат басына күн туса, ауыздығымен су ішер,
Ер басына күн туса, етігімен су кешер.»
—демекші, әлемдегі дағдарыс кезі біздің еліміздіде шарпып өтуде. Әлемдік дағдарыс экономикаға кері әсерін тигізіп отыр.
Еліміздегі болып жатқан COVID — 19 ауыр індетінің таралуы барша жұртқа ауыр тиді. Бүкіл ел болып сол бір ауыр індетпен күресіп жатқанда, «Жығылған үстіне жұдырық» дегендей, 1мамыр күні Өзбекстан Республикасында, таңғы сағат 05:55те Қазақстанмен шекаралас Сардоба су қоймасы жарылды. Дамбаның жанында орналасқан елді мекендерді толықтай су басты. Ал, 2 мамыр күні таңғы сағат 04:30да тосын опат тәтті ұйқыда жатқан Қазақстан Республикасының, Түркістан облысының, Мақтаарал ауданындағы Жеңіс, Жаңатұрмыс ауылдарына жетті. Тасқынның күштілігі соншалық, еліміздің 5 ауылы су астында қалды. Шекараға жақын орналасқан 13 елді мекенді үкімет толықтай оқшаулады. Жапа шеккендер саны 31мыңға жуық. 3601 гектар егістік жарамсыз қалған. Су басқан аумақтың 85%-ы мақта, қалғаны жоңышқа және жүгері болатын. 3115 бас ірі қара, 1101 жылқы, 585 қой және 34 түйе эвакуацияланған. Сонымен қатар, қазақ халқы қашанда жомарт, дархан. Кең пейілділігін, жанашырлығын көрсетіп, барлығы сол ауылға қолыннан келген өз көмектерін беріп жатыр. Айта кететіні, жапа шеккен ауылдардың тек қана сұрайтыны баспана жайы…
Бірлік бар жерде тірлік бар ғой, сондықтан біз жұдырықтай жұмылып, жылаған жұртқа демеу болайық. Қолымыздан келетін көмегімізді аянбайық! Қандай апат болмасын, адами болмысымыздан айрылмайық. Бұл күндерде ұмыт болар, бірақ жасаған жақсылығымыз ешқашанда ұмыт болмайды.
Біз мұсылман халық болғандықтан, зардап шеккен жандарға тек қана Алла Тағалам «Сабыр берсін!» деп тілейміз.
МАҚТААРАЛДЫҚТАР МОЙЫМАҢЫЗ!
БІЗ МАҢҒЫСТАУЛЫҚТАР, СІЗДЕРМЕН БІРГЕМІЗ!
Тулегенова Бақтыгүл Қыдырбайқызы