Home » Айтарым бар » Бүгінгі таңнын талабы – оқушыларды  қашықтықтан оқыту технологиясын пайдалану

Бүгінгі таңнын талабы – оқушыларды  қашықтықтан оқыту технологиясын пайдалану

Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласы
Мектеп-лицейінің
информатика пәні мұғалімі: Рабаева Айнұр Бақытқызы 

«Ел болам десең,  бесігіңді  түзе» -деп  Мұхтар Әуезов ағамыз айтқандай, еліміздің бесігі ол — мектеп.    Ал мектеп білім ордасы. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-білім. «Надан жұрттың күні –қараң, келешегі тұман»-деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет — оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. Міне, өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбек сүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін халық педагогикасының негізгі мақсатын шығармашылық пен оқу-тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады. Информатика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту тұрғысынан тиімділігін арттыру бүгінгі орта мектепте информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесінің педагогикалық мәселелерінің бірі.«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделіжаңа білім беру өте қажет» деп,.   Қазіргі біз ақпараттық қоғамда өмір сүрудеміз.   Ақпараттық мәдениет деңгейі кез келген мемлекеттің дамуының басты дәлелі болып отыр. Біздің еліміз үшін де басты міндеттерінің бірі — білім беру жүйесін ақпараттандыру.  Сондықтан жаңа ақпараттық технологияларды  (ЖАТ) информатика пәнін  оқытуда төмендегідей шығармашылық тақырыпты таңдап алдым:

Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі технологиялар дамыған заманда оқушылардың компьютерді қолдануы және бағдарламалармен жұмыс істеу мүмкіншілігі жоғары. Сонымен  қатар телекомуникациялар жүйесі қарқынды дамып, интернет жүйесі әр тұтынушыға ұсынылып, әр оқушы интернет жүйесіне кіруіне мүмкіншілік туып  отыр. Осындай мүмкіншілікті пайдаланып, ЖАТ қолданып, қашықтықтан оқыту технолгиясын пайдалану.

 Мақсаты: Информатика пәнін қашықтықтан оқыту арқылы оқушыларды өз бетімен қашықтықтан білім алуға және алған білімдерін тексеруге, оны практикада қолдана алуына дағдыландыру.

 Қашықтықтан оқытудың  міндеттері:

  •  қашықтықтан оқыту технологиясының ерекшелігі мен мәнін анықтау;
  •  локальді желі мен интернет жүйесінің мүмкіншіліктерін пайдалану;
  •  қашықтықтан оқыту технологиясын деңгейлеп, саралап оқыту технологиясымен байланыстыру;
  •  пән аралық байланыстарды арттыру;
  •  қашықтықтан оқыту технологиясы негізінде жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың түрлерін анықтау;
  • қашықтықтан оқыту технологиясы түрлерін жүзеге асырудың ұтымды әдістерін ұсыну;
  •  қашықтықтан  меңгертудің сапалылығы мен тиімділігін педагогикалық тәжірибе жүзінде дәйектеу;

Қашықтықтан оқытудың артықшылықтары:

  • кез келген жерде, кез келген мерзімде оқуға мүмкіндігі бар;
  • оқу үрдісінде ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар-дың жаңа жетістіктерін пайдалана отырып, оқушылар мен мұғалімдер арасындағы  белсенді диалог, оқу ақпаратына мүмкіндік беру;
  • білім алушының мекен жайына, денсаулық жағдайына, элитарлық және материалдық жағдайына қарамастан тепе-тең дәрежеде білім алуға мүмкіндігі бар.

Қашықтықтан оқыту – мұғалімнің  оқушымен оқыту құралдары арқылы интерактивті қарым-қатынас әрекет үрдісін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін жаңа ақпараттық-педагогикалық технология.

Қашықтықтан оқыту технологиясы  екі технологияға бөлініп оқытылады.

Желілік технология – дәріс алушы оқушылардың мұғаліммен және бір-бірімен интерактивті қарым-қатынас түрінде  локальді желіні колдану негізінде оқу үрдісін басқаруда оқу-әдістемелік материалдармен қамтасыз ету технологиясы.

Кейс технологиясы – интернет ғалам торындағы «инфоратика пәнін оқыту әдістемесі» атты сайт арқылы, электронды, өзге де жеткізу түрінде және оларды өздік оқитын білім алушылар үшін жіберілетін мультимедиялық оқу-әдістемелік материалдар жиынтығы негізінде жинақталған технология.

Қорыта келгенде оқушылар қашықтан оқу арқылы өз білімдерін жетілдіре алады және ақпарат жүйлерін пайдалану мүмкіндігі артады. Мысалы керекті әдебиеттер мен оқу кітаптарын іздеу, бақылау және тестік тапсырмаларды орындау, лабороториялық жұмыстар, дайын баяндамалар, қашықтан олимпиядаға қатысу оқушының шығармашылық потенциалының дамуына әсер етеді.

Қашықтан оқыту оқытушылар үшін де, оқушылар үшін де тиімді екенін уақыт дәлелдеді. Қашықтан оқыту жүйесіне ата-аналардың көзқарасы жақсы қалыптасып келеді.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.