Home » Мақалалар » «ӨЗІН- ӨЗІ ТАНУ ПӘНІ МҰҒАЛІМІНІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ МЕН МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ»

«ӨЗІН- ӨЗІ ТАНУ ПӘНІ МҰҒАЛІМІНІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ МЕН МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ»

Мусралина Гульмира Канапияновна
Нұр-Сұлтан қаласы
№ 59 мектеп-лицейінің
«Өзін -өзі тану» пәні мұғалімі

«Бала саналы және қайырымды адамзат болып өсу үшін туады. Оны жақсы көруден қорықпаңыз. Әр балаға оны аймалау, оған күлімсіреу, оны жақсы көру, онымен мейірімді болу өмірлік маңызды жағдай»

Бенджамин Спок

 

Келешек ұрпақты рухани-адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу мәселесі әрқашан өзекті болып табылады. Бүгінгі жас ұрпақты оқытып қана қою аз, оны жан-жақты дамыту, жаңаша дағдыларға тәрбиелеп отыруымыз керек.

Халық адамгершілік қасиеттің жоғарғы түрі – ар-ұят, намыс, ождан сақтау деп білген, «Жаным – арымның садағасы»,  «Ақылың болса – арыңды сақта,                     ар-ұят керек әр уақытта» деген іспеттес мақал- мәтелдер соның айғағы.

Қазіргі заманғы әлемдік даму, ғылыми технология, озық тәрбиелі, рухани – адамгершілік қасиеттерге бай болуын талап етеді. Өзін-өзі тану пәні жобасының авторы Сара Алпысқызы айтқандай, «Әр баланың қабілетін ашуы, өзіне жол табуы, өзінің күш-жігеріне сенуі өзінің өміріндегі орнын анықтау біз үшін өте маңызды! Әлемде махаббат пен мейірімділік аурасын жасай отырып, қайырымдылық пен махаббат жүректен жүрекке жетуі тиіс», яғни әрбір баланың, ата-ананың жүрегіне жылылық нұрын ұялатуда әрқайсымыздың орнымыз ерекше. Сондықтан рухани-адамгершілік тұрғысынан білім беру әр тұлғаның жүректеріне махаббат пен мейірімділікке толтырып, кез-келген ортада белсенділік көрсете алатын қабілеттерін жетілдіруіміз керек.      Қазіргі таңда тұлғаны қалыптастыру және дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін қажетті жағдайлардың барлығы жасалуда.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ПҚ базасында 2019 жылы 29 тамызда «Научно-методологические основы преподавания предмета «Самознание» тақырыбында толық курсын аяқтадым. Курс барысында белсенді оқу әдістерімен танысып, оларды қалай түрлендіру жолдарымен таныстым. Оқу мақсаттарымен жұмыс жасап, талдау жұмыстарын жүргіздік. Қазіргі таңда «Өзін-өзі тану» пәнінен сабақ беріп, оқушылардың бойына махаббат  пен мейірімділік дарытып келемін. Аз уақыт ішінде бұл пәннің қаншалықты маңызды және әр адамға қажеттілігі зор екенім білдім.

Сабақтар барысында шығармашылық жұмыстармен айналысамыз. Мысалы, 7, 9-сыныптар арасында «Дружба в коллективе», «Менің құрдастарым» атты жобасында оқушылар әр кезеңде өздерінің жалпы коллаждарын, презентация және шығармашылық тәжірибе видеоларын ұсынып отырды. Бұл жобада оқушылар және ұстаздар өзін ғана танып қана қоймай, адамзаттық құндылықтарын дамытады.

«Өзін-өзі тану» пәні арқылы оқушылардың жан-жақты рухани – адамгершілігі, бір-біріне деген сүйіспеншіліктері, өмір сүруге деген құштарлығы жоғары жеке тұлға ретінде  дамытады. Оқушылардың эссе, өлеңдері,                              ой-толғауларын жинақтап, жеке «Оқушылардың эссе жинақтары» атты брошюра жинақтарын шығарудамын. Менің ойымша, біз әрқайсымыз күнделікті өмірімізде бойымызға адамгершілік қасиеттерімізді дарытып, отыруымыз керек.

Мақаламның соңында «Бұлтты күннен кейін күн де ашылады» демекші, әр шуақты күніміздің шәкірттеріміздің армандаған асқақ армандары өрлей берсін дегім келеді! Рухани-адамгершілік қасиеттері мол оқушыларымыз көбейе берсін!

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Ақиқатты тани біл (Ғибрат толғамдары): V кітап/ Қурастырушы  Сейтақов А.– Алматы, 2004.- 320 б.
  2. Познай истину: Книга VI. Самопознание. Мысли на каждый день.- Алматы, 2005.- 136 с.
  3. Назарбаева С.А. Ұстаздан ұлағат.-Алматы: Атамұра, 2000.- 40   б.
  4. Назарбаева С.А. Самопознание  и гармоничное развитие человека // Самопознание (теория, практика, поиск новых парадигм). Материалы республиканских научно-практических семинаров по нравственно-духовному образованию. Вып.1.-Алматы, 2003.- 116 с.
  5. Бердяев Н.А. Самопознание.-М., 2001
  6. Асылов Ұ., Нұсқабайұлы Ж. Әдеп. Инабаттылық дәрістері. Оқу құралы.- Алматы: Рауан, 1998

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.